Аймақтың дамуын мемлекеттік реттеу




Презентация қосу
Тақырыбы: Аймақтардың дамуын
мемлекеттік реттеу қажеттілігі және мәні

Орындаған:Е. Аралбаев
Еңбек нарығындағы аймақтың ерекшеліктері

Бүгінгі таңда аймақтардың әлеуметтік экономикалық дамуындағы
алшақтықтарды, кризистік құбылыстарды және бөлек территориялардың
дамуы жағынан артта қалуын шешпей, саяси тұрақты қоғам мен тұрақты
өспелі ұлттық экономика құру мүмкін емес.
Еңбек нарығындағы аймақтың ерекшеліктері

Кейбір аймақтардың экономикалық артта қалуының және бір
қалыпты дамымауының себебі мынада:
- Қайта өндірістегі циклдік кризистердің жалғасуы, өндірістік және
шаруашылық құрылымдардың бұзылуы;
- Салалық әртараптандырудың төмен деңгейі және сыртқы рыноктарға
тәуелділігі;
- Қазіргі өндіріс факторларының жаңа ғылыми техникалық
ресурстар талаптарына сай келмеуі;
- Климаттық және табиғи жағдайлардың, экологиялық апаттардың
болуы;
- Жергілікті халықтың тарихи және әлеуметтік мәдени ерекшеліктері мен
демографиялық тенденциялардың төмен болуы.
Аймақтық теңсіздіктердің обьективті негіздері

Аймақтардың дифференциациясы, олардың дамуындағы теңсіздік бірқатар
объективті және субъективті себептерге байланысты. Аймақтар
дифференциациясының мынадай объективті алғышарттарын атап өтуге
болады:
- тығыздық – халық саны, ЖАӨ көлемі, табиғи ресурстар, негізгі қорлар;
- орналастыру – теңдік көрсеткіштері, дифференциация, халықтық
шоғарлындыру көрсеткіштері, экономикалық іс-әрекет, игерілмеген
территориялардың болуы;
- байланыстылық – кеңістік бөліктері және элементтері арасындағы
экономикалық байланыстардың интенсивтілігі, өндірістік ресурстардың
мобильділік шарттары, көліктік және коммуникациялық желілердің дамуы.
Аймақтық теңсіздіктердің обьективті негіздері

Аймақтық дамуда теңсіздіктің пайда болуының алғышарттары,
сонымен қатар теңсіздік пайда болуының өзге де себептері кез-келген
мемлекеттің аймақтық экономикасы қалыптасуы барысындағы басты
зерттеу объектісі болып табылады.
Батыстық экономикалық теория ережелерін талдау негізгі, дамыған
және әлеуметтік-институционалды сияқты территориялардың даму
динамикасын анықтайтын факторларды жіктеуге мүмкіндік береді.
Алғашқысына географиялық орналасу, табиғи ресурстар, біліксіз жұмыс
күші жатқызылады. Олар аймақтардың бастапқы дифференциациясын
(теңсіздігін) анықтайды. Аймақтардың кейінгі дамуы дамыған факторлардан
тәуелді болады (технология, қазіргі таңдағы инфрақұрылым, біліктілігі
жоғары жұмыс күші). Әлеуметтік-институционалды факторлар аймақтық
экономикалық жүйе қызмет етуінің бірқатар параметрлерін анықтайды.
Аймақтық экономиканы мемлекеттік реттеу - бұл экономиканың
өзгеруші жағдайларға бейімделуі мен тұрақталуына қатысты заң
шығарушы, атқарушы және бақылаушы сипаттағы шаралар жүйесі.
Ол ұдайы өндірістің аймақтық процесінің құраушы бөлігі болып
табылады да, экономикалық өсімді ынталандыру, жұмысбастылықты
реттеу, өндірістің салалық құрылымындағы алға жылжуларды
ынталандыру сияқты мәселелерді шешеді.
Аймақтың дамуын мемлекеттік реттеу

Аймақтарды дамыту және де мәселелерді шешу үшін келесідей факторларды
атап өткен жөн. Олар келесідей:

табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану;

аймақтардың әлеуметтік-экономикасын жақсарту;

аймақтарды инновациялық технологиялармен жабдықтау;

аймақтардағы экологиялық мәселелерге жіті назар аудару»
Жалпы ұлттық экономикалық саясаттағы аймақтық
экономиканың орны
Әлемдік жаһандану шеңберінде Қазақстан үшін үш талаптарды бір
уақытта ұстану басты мәселе болып табылады:

әлемдік экономикаға интеграциялау,

халықаралық аренадағы бәсеке қабілеттілік,

аталмыш процестің ел ішіндегі маңызды өзгерістерге әкелуін
қамтамасыз ету.
Жалпы ұлттық экономикалық саясаттағы аймақтық
экономиканың орны
Аймақтық саясат – мемлекеттің аймақтармен, аймақтардың өзара
байланыстарын сипаттайтын территориялы-кеңістіктік, аймақтық
аспектідегі қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық
дамуын басқаруға қатысты мемлекет пен өзге саяси билік
органдарының іс-әрекет саласы.
Аймактық дамуды реттеудің институционалдық және
құқықтық негіздері

Жаңа өңірлік саясаттың тағы бір маңызды бағыты өңірлік аумақтық
ұйымдастыруды қалыптастыру болып табылады, ол ұлттық экономиканың
экономнкалық өсуінін ең маңызды орталықтары болып табылатын
урбанизациялану үдерістері мен агломерациялардың дамуын
ынталандыруды және реттеуді, экономикалық және демографиялық әлеуеті
бар перспективалы елді мекендерді дамытуды және қолдауды қамтиды.

Агломерация - тұрақты өндірістік, мәдениетті-тұрмыстық және өзге
байланыстармен бір-бірімен біріккен, сондай-ақ аумақтық араласып кетуге
бейім бір (моноорталықты) немесе бірнеше (көп орталықты) өзек-
қалалардың айналасында орналасқан елді мекендердің урбанизациялық
жинақталуы.
Аймактық дамуды реттеудің институционалдық және
құқықтық негіздері

Апаттық қалыптасқан агломерацияларды перспективалы
дамыту экономикалық, инфрақұрылымдық және өзге
процестерді үйлестіретін қала құрылыс шешімдерінің негізінде
оларды аумақтық дамытуды басқару жүйесін жасау негізінде
реттелуі тиіс.
«Аймақ тық дамудың әдістері мен құралдары

«Аймақтарды дамыту жолындағы факторларды жүзеге асыру барысында әр түрлі
деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының да, жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың
да, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да ат салысулары талап
етіледі. Осымен байланысты аумақ экономикасын басқару механизмін жетілдіруді өзара
байланысты және бірін-бірі өзара толықтыратын үш бағытта жүргізу көзделеді:

біріншісі – макродеңгейде аймақ экономикасын басқару механизмін одан әрі
жетілдіру;
екіншісі – мезодеңгейде тиімді аймақтық менеджмент механизмін қалыптастыру;
үшіншісі – жергілікті өзін-өзі басқару әдістерін жетілдіру.
Аймақтарды жіктеу әдісі негізгі 3 өлшемді қолданады:

1.Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі.

2.Даму динамикасы

3.Табиғи географиялық жағдайлары.

Аймақтардың экономикалық дамуын талдау әдістемесі бойынша негізгі 3
типтік проблемалық аймақ ажыратылады:

1.Артта қалған аймақтар

2.Депрессивтік аймақтар

3.Күйзелістік аймақтар»
Проблемалы аймақтар

«Артта қалған, дамуы төмен аймақтарға елдің негізгі аймақтарымен
салыстырғанда ұзақ жылдар бойы тұрғындарының өмір сүру деңгейі төмен
болып келген аймақтар жатады. Бұл аймақтардың келесідей өздеріне тән
белгілері бар:
1.Шаруашылық жүргізу белсенділігінің төменділігі.

2.Өнеркәсіптерінің өндірістік құрылымы өзгерістерге икемсіз.

3.Ғылыми-техникалық әлеуеті әлсіз.

4.Даму деңгейі төмен әлеуметтік сферасының болуы.
Проблемалы аймақтар

«Артта қалған, дамуы төмен аймақтарға елдің негізгі аймақтарымен
салыстырғанда ұзақ жылдар бойы тұрғындарының өмір сүру деңгейі төмен
болып келген аймақтар жатады. Бұл аймақтардың келесідей өздеріне тән
белгілері бар:
1.Шаруашылық жүргізу белсенділігінің төменділігі.

2.Өнеркәсіптерінің өндірістік құрылымы өзгерістерге икемсіз.

3.Ғылыми-техникалық әлеуеті әлсіз.

4.Даму деңгейі төмен әлеуметтік сферасының болуы.
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !

Ұқсас жұмыстар
Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу қажеттілігі
МЕМЛЕКЕТТІҢ АЙМАҚТЫҚ САЯСАТЫ
Аймақтық стратегиялық жоспар
АЙМАҚТЫҚ ДАМУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Экономиканы бюджеттік реттеу
Аймақтың экономикалық потенциалы және оны бағалау
Ресурстық және аймақтық болжамдау
Қырым еркін экономикалық аймағы
Аумақтық экономиканы зерттеу әдістері
Топты басқару және тиімділік
Пәндер