Мемлекеттік кәсіпкерлік




Презентация қосу
1

Тақырыбы: Мемлекеттік кәсіпкерлік

Орындаған: Е. Аралбаев
2

Қоғамдық санада кәсіпкер – бүл тек адам, индивидум деген пікір
берік орнаған. Нарық қатынастарының құрылу және даму практикасы
мемлекеттік қоғамдық мүдделер үшін белсенді кәсіпкерлік қызметпен
айналыса алатынын көрсетті. Мемлекет қызметтің кәсіпкерлік
саласына ерте қосылады, соғұрлым өтпелі экономиканың ұзақтығы
қысқа, мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің әріден ойластырылған
дағдарысқа қарсы және инфляцияға қарсы бағдарына бола нарық
экономикасы тиімді дамиды, соғұрлым мемлекетте халықаралық
инвестициялық ахуал өте жақсы,соғұрлым әлемдік экономикада осы
мемлекеттің мәртебесі биік болады.
3

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14
желтоқсан айындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан
халқына Жолдауында атап өтілгендей шағын және орта
бизнеске қолдау көр- сетудің жүйелі іс-қимылдары баяндала
отырып, кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайтуға айрықша көңіл
бөлінген.
4

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту кез-келген ел экономикасының негізі.
Дамыған елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, шағын және орта
бизнесті қалыптастыру мен дамыту экономиканы нығайту үшін қолайлы
алғышарттар жасайды:

салалық және өңірлік монополизм жойылады

рынокта тауарлар мен қызметтер
көбейеді

жаңа жұмыс орындары ашылады

ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі

қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын
орта тап қалыптасады.
5

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекет
меншігі үлесі көп емес, бірақ, нақ осы ұлттық экономиканың
дамуы үшін қажет қызметтер мен тауарлар шығарушы
өздерінің меншікті кәсіпорындарының болуына және бір
уақытта мемлекет бюджетін толтыру үшін қажет ақшалай
қаражат табуына мүмкіндік береді.
6

Келтірілген кәсіпорындар Қазақстан Республикасында
коммерциялық және коммерциялық емес бастаулардың
қосылуында жұмыс істейді.

Мемлекет кәсіпорындарды олардың дербестігінің сипатына
байланысты үш топқа бөледі:
1). Бюджеттік (ведомстволық);
2). Қоғамдық (корпорациялар);
3). Аралас акционерлік қоғамдар (холдингтер).
7

Қазақстан Республикасында мемлекеттік кәсіпорынға мына
кәсіпорындар жатады:

1). Мемлекттік, шаруашылық жүргізуге құқығы бар, толық
шаруашылық есепке негізделген (қорғаныс зауыттары, дәрі-
дәрмек дайындау және т.б.)

2). Қазыналық, жедел басқаруға құқығы бар, толық емес
шаруашылық есепке негізделген (байланыс, телекоммуникация,
геодезиялық жұмыстар өндірісі және т.б.).
8

Бірақ мемлекеттің кәсіпкерлік қызметі аталған кәсіпорындармен
жұмысын шектемейді. Мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет ұлттық
экономиканың барлық және мемлекеттің экономикалық әуелетінің
дамуына әсер ететін, мемлекеттік бюджетті айтарлықтай
толықтыруға, өтпелі экономиканың тұрақсыздығын
тұрақтандыруға жол ашатын қызметтің сыртқы экономикалық
саласына таралады.
9

Оған 90-шы жылдардың ортасындағы Қазақстан Республикасы
мемлекетінің кәсіпкерлік қызметі мысал бола алады:
Қазақстанның кен өндіру, отын-энергетика және металлургия
кешендерінің аса ірі өнеркәсіп өндірістерін төлем төлей
алмаушылықтан қорғай алып, дәл уақытында шетел капиталын
тарта білді.
10

Қазақстан мемлекетінің кәсіпкерлік қызметінің келесі мысалы 1996
жылдың басында Қазақстан территориясы арқылы өтетін Еуроазия
темір жолы бойынша транзиттік, жүк және контейнерлік тасымалға
қатысты Еуропа мен Азияның жеті мемлекеттерінің арасында
құжаттарға қол қойылуы бойынша оның инициативасынан көрінді.
11

Қазақстан территориясы арқылы төрт трансконтиненталды темір
жол магистральдары өтеді: Трансазия (Қытай – Қазақстан –
Түркия), Еуроазия (Қытай – Қазақстан – Ресей – Еуропа), Орта
Азия және Ақтау теңіз порты арқылы Батыс магистралы. Еуропа –
Скандинавия – Иран (Парсы шығанағы) арасында жүктердің
тасымалдау уақытын қысқартуды қамтамасыз ететін «Солтүстік –
Оңтүстік» жоба қаралуда.
12

Осы аталған магистральдарды жандандыруға және қайта
жаңартуға, барлық магистральдар бойынша қосымша жұмыс
орындарын құруға, осы магистральдар жоғары табыспен
қамтамасыз етуге жол ашады. Мемлекеттік кәсіпкерлік өтпелі
экономикада макроэкономикалық процесстерді реттеумен тығыз
бірлікте болады.
13

Нарықтық экономикада макроэкономикалық процесстерді
реттеу тікелей және жанама әдістер көмегімен жүргізіледі.

Өтпелі экономикада мемлекеттік реттеудің объектілері ең
алдымен экономиканы тұрақтандыру саясаты немесе циклге
қарсы саясат, ақша айналымына, инфляцияға, мемлекеттік
бюджет балансын бақылау, халықты жұмыспен қамту саясаты,
монополияға қарсы саясат, яғни нарықтық бәсеке жағдайына
бақылау, халықты әлеуметтік қорғау саясаты болып табылады.
14

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, тікелей әдістер кіші
мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттерді шешу үшін
мемлекеттік экономикалық бағдарламаларды жасау мен іске
асыру арқылы жүзеге асыралады.
15

Осындай бағдарламалардың мысалы соғыстан кейінгі
Оңтүстік Корея экономикасын қалпына келтіру бойынша төтенше
бағдарламалары, ал Жапонияда «Автомобиль жолдарының
құрылысы бойынша төтенше шаралар туралы» заң қабылдануы
болады. Жапонияда мемлеттің оннан астам институттары
нарықтың даму бағдарламаларын және жоспарларын құрады.
Қазіргі жағдайда мемлекеттің кез келген реттеу шаралар негізінде
ақша айналымы болады. Өтпелі экономика үшін ақша айналымы
мемлекет бақылауынан шықпауы тиіс. Бұл мемлекеттің
макроэкономикалық деңгейіндегі ең маңызды реттеу функциясы.
Осы жағдай «экономикалық құдіретті» тудырған Жапония,
Оңтүстік Корея, Тайвань елдерінде жиналған тәжірибемен
бекітіледі.
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ !
ЕЛІМІЗ АМАН,
ЖҰРТЫМЫЗ ТЫНЫШ БОЛСЫН !

Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызметті бақылау
Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметті реттеудегі ролі және мемлекеттік реттеуді жүргізетін мемлекеттік органдар
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ұғымы
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу әдістері
Кәсіпкерлік қызметтің заңдылығы
Кәсіпкерлердің әкімшілік жауапкершілігі
Кәсіпкер құқығының азаматтық құқықтық тәртібі
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЗАҢДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Ауыл шаруашылық кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлерін құқықтық реттеу
Пәндер