Комерциялық заңды тұлға
Презентация қосу
Комерциялық заңды тұлға
Заңды тұлға дегеніміз адамның кез – келген
жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен
бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе,
құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және
ережесі бар ұйымдық бірлік.
Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік
құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала
алады‚ сотта‚ төрелік сотта талапкер немесе
жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚
әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында
көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол
тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы
болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде
немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі
бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері
бойынша жауап береді.
Азаматтық құқық қабілеттілігі – азаматтық құқықтағы
дәстүрлі ұғым. Ол бойынша тұлғаның азаматтық құқықтарға ие
болып, міндеттер орындау қабілеттілігі деп түсіндіріледі. Бірақ
жеке тұлғаларға қарағанда, ұйымдар жөнінде айтқанда заң
қандай да бір «іс әрекетке қабілеттілікті» сөз етпейді. Бұл «іс
әрекетке қабілетті», яғни өздерінің іс әрекеттерімен азаматтық
құқықтарға ие болып, жүзеге асыруға, өздері үшін азаматтық
міндеттер тудырып, оларды мемлекеттік тіркеуден өткен
сәттен бастап орындауға қабілетті болып заңды тұлғалардың
өздерінің мәнісімен туындаған. Сондықтан АК-тің 35 бабы
тұрғысынан «құқық қабілеттілігіне» кеңейтілген түрде түсінік
берілуге тиіс, өйткені оның мазмұнына іс әрекетке
қабілеттіліктің барлық элементтері де кіреді.
Құқық қабілеттілік дегеніміз – бұл заң
шығарушылардың нақты субъективтік
азаматтық құқықтарды иелену және нақты
субъективтік міндеттерді атқару жөніндегі
жалпы қабілетін таныған ерекше заңдық қасиет.
Коммерциялық ұйым - бұл тауарларды өндірушілердің
қатарына кіретін, тауарды өткізу және сатып алушы
қызметтерін атқаратын заңды тұлға құқықтары берілген,
өзін-өзі қаржыландыру жағдайында жұмыс істейтін және
барынша көп пайда алу мақсатын көздейтін дербес
шаруашылық жүргізуші субъект. Жекешелендіру процесі
нәтижесінде Қазақстанның сыртқы және ішкі
экономикасында қызмет ететін фирмалар. Коммерциялық
кәсіпорындарға жаргерлік, акционерлік кооперативтік,
бірлескен кәсіпорындар, сондай-ақ шағын бизнес
кәсіпорындары, оның ішінде жекеше кәсіпкерлік
кәсіпорындары жатады. Тар мағынада алғанда
коммерцилық кәсіпорын - тауарлар мен көрсетілген
қызметтер айналысы (сатып алу - сату) аясында жұмыс
істейтін кәсіпорын
Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғалар белгілі бір
қызмет түрін жүзеге асыра алмауы мүмкін немесе
басқа да (құрылтай) қызметпен айналысуы шектеледі.
Ал, коммерциялық ұйымдар болса, арнайы құқық
қабілеттілігі жатпайтын жалпы құқық қабілеттілігіне
ие болады. Мұндай ұйымдар заң актілерінде тыйым
салынбаған қызметтердің кез-келген түрін жүзеге
асыра алады. Демек, коммерциялық ұйым өзінің
жарғысында қаралмаған қызметпен айналыса береді,
ең бастысы заң оған тыйым салмайтындай болуы
керек. Жалпы құқық қабілеттілігі принципінен
коммерциялық ұйымдардың өзіндік ерекшелігімен
дараланады.
Мысалы, Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасы Заңына
сәйкес, сақтандыру қызметі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы
жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің келесі түрлерін: уәкілетті
мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген
тәртіппен инвестициялық қызметті; тиісті жинақтаушы сақтандыру
шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына
қарыз беруді (сақтандыру ұйымы үшін); сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайданылатын арнаулы
бағдарламалық қамтамассыз етуді сатуды; ақпарат берілімдерінің кез
келген түрлерінде сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі жөнінде
арнаулы әдебиет сатуды; бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін) немесе оның қарамағына
сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты келіп түскен (сақтандыру
ұйымы үшін) мүлікті сатуды немесе жалға беруді; сақтандыру қызметіне
байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді;
сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін
арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді; сақтандыру
агенті ретінде сақтандыру делдалы болуды; консорциум немесе жай
серіктестік құруға қатысуға құқылы.
Қорытындылай келе, заңды тұлғалардың көптеп құрылуы
елдің экономикасының дамуына зор үлес қосады. Бүгінгі
күні, Қазақстан Республикасының экономикасында әртүрлі
заңды тұлғалар қызмет істейді, олар ерекшеліктерімен, әр
түрлі салалық құрамда болушылығымен, мамандану
дәрежесімен, ұйымдастыру тәсілімен, механизация және
автоматизация ерекшеліктерімен, ұйымдастыру – құқылық
нысандарымен және т.б. бөлінеді. Сондықтан, азаматтық
құқығында заңды тұлғалардың түсінігі мен теорияларын,
теориялық құқықтық жағдайына қатысты мәселелерін
зерттеу қызық болып табылады.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz