Марк Твеннің нақыл сөздері
Презентация қосу
МА Р К Т В Е Н
ШЫ Ғ А Р М А Ш Ы Л Ы Ғ Ы
Марк Твен (шын аты Сэмюэл Лэнгхорн Клеменс 1835
жыл, Флорида, Миссури, АҚШ —1910 жыл, Реддинг,
Коннектикут, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист,
көсемсөзші. Көркем әдебиет, тарихи көркем әдебиет,
балалар әдебиеті, сатира, эссе, философиялық әдебиет,
әдебиеттану жанрларында шығармаларын жазған.
Гуманист және демократ. Балалық шағы Ханибал
қалашығында (Миссисипи) өткен. 1853 – 1857 жылдары
ел аралап, түрлі қызметтер атқарған. 1865 жылы жарық
көрген “Калаверасадан келген әйгілі секіргіш бақа” атты
әңгімесі оны көпке танымал етті. 1867 жылы Еуропада,
одан соң Палестинада болды. 18 жасқа келгенде елді
аралап, саяхаттап та үлгерді. Сонымен қатар кітап оқуды
ерекше сүйетін еді. Бала кезінен бастап Теккерей,
Диккенс, Эдгар По, Шекспир, Сервантес секілді
классиктердің еңбегімен таныс болған ол өте білімді
болып өсті.
Осы сапарлар турасында жазылған “Ақкөңілдер шетелде”
(1869), “Шыныққандар” (1872) атты еңбектерінде ескі мен
жаңаны салыстыра келе, өмірдегі күйкі құбылыстарды сықақ
етеді. Ч.Д. Уорнермен бірге жазған “Алтынға малынған ғасыр”
(1873) атты романында АҚШ-тағы Азамат соғысынан кейінгі
адамзаттың азғындауы, қоғамдағы алдау-арбау, адами болмыстың
арзандауы туралы шынайы жазды. Өмірбаяндық “Том Сойердің
таңғажайып істері” (1876), “Гекльберри Финнің басынан кешкен
оқиғалары” (1884) атты еңбектерінде бақытсыз балалық шақ,
пайдасы аз шіркеулік оқулар мен бай адамдар психологиясы
өткір мысқылмен бейнеленген, Американың өткені мен бүгінгі
өмірі жан-жақты суреттелген. “Ханзада мен қайыршы” (1882),
“Ашықауыз Вилсон” (1894), “Жанна Д’Арк туралы жеке
естеліктер” (1896), “Менің сыншыларым – миссионерлерге”
(1901), “Патшаның монологы” (1905), “Бейтаныс адам” (1916),
т.б. туындылары дүние жүзі халықтары тілдеріне аударылған.
Твеннің “Том Сойердің таңғажайып істері” (1939, 1949, 1951,
1965), “Гекльберри Финнің басынан кешкен оқиғалары” (1949,
1967), т.б. шығармалары қазақ тілінде жарық көрген.
Марк Твеннің нақыл сөздері
«Егер бізді біреу сыйламай қойса, біз оған қапаланып, қатты
ренжиміз. Ал, шындығында пенденің барлығы өз ішінен өзін-өзі
сыйламайды ғой.»
«Батылдық- қорқыныштың жоқтығы емес, ол өз бойыңыздаңы
қорқынышты өзіңіз басқару, соны ақылмен шешу.»
«Өмірде өтіріктің үш түрі бар: жәй өтірік, көзіңізді бақырайтып
қойып айтылатын бетсіздердің өтірігі және статистика.»
«Афоризмнің басты қасиеті: аз сөз, терең мағына.»
«Нағыз дос сен қателік жіберген кезде де жаныңнан табылады. Ал сен
дұрыс жүрсең, бәрі сенімен бірге.»
«Мен ешқашан мектеп тапсырмаларының жеке ілім-біліміме кедергі
жасауына жол бермедім.»
«Негізі, атаққа лайық қызмет етпей сол атақты асынып жүргеннен,
атаққа лайық қызмет етіп, оны ресми түрде алудан бас тартқан
әлдеқайда адамшылық.»
«Жақсылық - бұл, кереңнің ести алатын, соқырдың көре алатын
дүниесі.»
М.Твен — америка әдебиетінің дамуына үлес
қосқан классик суреткер. 1960–1970-жылдарға
дейін автор шығармашылығында юмор
басымдық алса, осы жылдардан кейін сатира,
пессимистік көзқарас нық орнығады. 1970–1980-
жылдары М.Твен көбіне ертегі, фантастикалық
романдар, новеллаларға көбірек тоқталады [1;
116]. Шығармашылық өмірінің қай мезгілінде
болмасын М.Твен адам психологиясын шебер
бейнелеп, көркем проза жанрына ең алғаш рет
реалистік сарын үлгісін енгізді.
1874-891 жылдары Марк Твен Хартвордта өмір
сүрген үйі қазіргі кезде мұражай ретінде
танылған. Бұл үй 1874 жылы викториандық
стильде салынған 19 бөлмелі үй. 1962 жылдан
бері АҚШ-тың ұлттық тарихи ескерткіші болып
табылады.
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz