Оған қоса, болашақ жазушы




Презентация қосу
Джек Лондон Эрнест Хемингуэй
«Ақ азу» «Шал мен теңіз»
Эрнест Миллер Хемингуэй — американдық жазушы, журналист, 1954 жылғы Әдебиет бойынша
Нобель сыйлығының лауреаты. Оның әкесі Кларенс Эдмонт Хемингуэй дәрігер қызметін атқарса, ал
анасы Грейс Холл өмірін балаларын бағуға арнаған. Кларенс Хемингуэй жастайынан баласының
бойында табиғатқа деген махаббатты оятуға тырысады, және сондағы арманы баласының әке жолын
қуып, медицина және жаратылыстану ғылымымен айналысуы ед. Эрни 3 жасқа толғанда, әкесі оған
ең алғашқы қармағын тарту етіп, өзімен бірге балыққа алып шықты. Оған қоса, болашақ жазушы 8
жасқа толған шақта Орта Батыс өңіріндегі бүкіл аң-құс, балық және ағаш-өсімдіктердің атауларын
жатқа білді. Сонымен қатар, Эрнест түрлі кітаптарды бас алмай оқуды өзінің үйреншікті ісіне
айналдырды. Бос уақытын ол үйіндегі кішігірім кітапханада, әсіресе, Дарвин еңбектері мен тарихи
қолжазбаларды меңгерумен өткізді. Ал керісінше, миссис Хемингуэйдың баласының болашағына
деген көзқарасы мүлде өзгеше болды. Анасының міндеттеуімен жазушы шіркеу хорында өлең айтып,
виолончель аспабында ойнады. Оук-Парктегі қысқы үйінен басқа, жазушы отбасының Валлун
көлінің жағасында орналасқан «Уиндмир» деген иелігі болды. Әрбір жаздың басталуымен
Хемингуэй ата-анасымен, ағаларымен және әпкелерімен бірге сол жерге ат басын бұрып отырды.
Шынайы табиғатқа тұнып тұрған бұл өлкеде жазушы өзін еркін сезініп, ерекше сезімге кенелді.
Себебі виолончель аспабы мен шіркеу хорынан шалғай бұл жерде Эрнест өзінің ұнататын істерімен
айналысып: балық аулап, орман ішін аралап, көршілес үндіс тайпаларының балаларымен ойнауды
жақсы көретін. 1911 жылы, Эрнест 12 жасқа толған кезде, атасы оған бір оқталатын 20 калибрлы
мылтықты сыйға тарту етті. Атасыны деген сезімі өте ынтық Эрнест оның айтқан әңгімелерімен
сүйіп тыңдап, өмірінің соңына дейін оны ұмытпай, тіпті кейде өзінің туындыларына арқау етіп
отырды.
Жастайынан өжет, тік, батыл болып өскен ол аңшылықты, балық аулауды жан-тәнімен сүйді. Осы
еркелігімен басын талай бәйгеге тігіп, өмірі қыл үстінде жүргендей көрінетін. 18 жасында жергілікті
«Канзас Стар» газетіне журналист болып қызметке тұрады. Эрнесттің стилінің бір ерекшелігі нақтылық
пен түсініктілік еді. Жұмысқа алушылар Эрнест стилінің осы ерекшелігін бағалаған болатын. Ол 1918
жылы өз еркімен фронтқа сұранады. Соғысып жүріп, минаға тап болып, ауыр жарақат алады.
Жарақаттың ауырлығы соншалық, денесіне 237 жерден мина ұшқыны тигенін көрген адам жылап,
аяныш білдірмей тұра алмады. Бұл Италияда орын алған оқиға еді. Осы жарақаттар кейіннен Эрнесттің
жайлы өміріне біраз кедергі болады. Бірақ әлбетте жазушы өзі сүйген саласындағы жұмысын тоқтатқан
жоқ. Қойын дәптеріне біраз дүниелер жазылған еді. Бар қызық сол дәптердің саяхаттап жүріп жоғалған
кезінде орын алды. Одан кейін Хемингуэйдің шығармашылығында ерекше сілкініс болды. Оның жаңа
шығармалары көпшіліктің көңілін дөп басып, «Қазіргі күндер» атты топтамамен жарық көрді.
1926 жылы жазылған “И восходит солнце” – жазушыны ең алғашқы шығармашылық табысқа
жеткізген еңбегі. Бұл роман оқырманға 1920 жылдары Франция мен Испанияда тұрған жастар өмірі
жайлы баяндайды. 1927 жылы “Мужчины без женщин”, ал 1933 жылы “Победитель не получает
ничего” атты әңгіме жинақтары шыққаннан кейін, Эрнест Хемингуэй көпшілік ортасында ерекше бір
қысқа әңгімелер авторы ретінде әбден танылды. Осы әңгімелер ішінде әсіресе “Убийцы”, ”Недолгое
счастье Фрэнсиса Макомбера” және ”Снега Килиманджаро” оқырмандар назарын аудартып, ерекше
ықыласқа ие болды.
Бұл повестің басынан аяғына дейін шалдың
теңіздегі өмірі, балық аулауы баяндалғанымен,
айтар ойы астарлы. Шығармадағы балықты
мақсат деп алсақ, адам мақсатқа жету үшін
қанша тыраштанып, қыруар қиындықтармен
күресетін болса, Шал да өмір атты теңізде
балыққа жету жолында арпалысады. Жайын –
орындалған мақсат. Акула – мақсатқа жетер
жолдағы кедергі.
Джек Лондон (1876-1916) - Американ жазушысы маңдайына тағдыр
небәрі қырық жыл ғана ғүмыр жазған. Сол қысқа ғұмырының он алты
жылын таза шығармашылық жұмысқа арнаған ол артына жиырма төрт
том еңбек қалдырған. Жазушы шығармаларындағы биік белесі —
“Мартин Иден” (1909, қазақ тілінде 1968) роман-биографиясында
автордың өзіндік тұлғасы, қоғам мен қоршаған ортаны тануы,
шығармашылық өнер жөніндегі ойлары көрініс тапқан. Кейіннен Лондон
шығармаларын М. Әуезов, М. Дәулетбаев, Б. Омаров, т.б. қаламгерлер
аударған. Әуезовтің “Көксерек” повесінен канадалық жазушы Эрнест
Сетон — Томпсонның “Винипег қасқыры” мен Лондонның “Ақ азу” атты
шығармаларының әсері байқалады. Мұның өзі қазақ көркемсөз өнерінің
әлем әдебиетімен сабақтаса дамығанын көрсетеді. Лондон шығармалары
бұрынғы Кеңестер Одағы аумағында көп аударылып, кең тараған
Шығармалары
“Қасқырдың баласы” (1900)
“Оның әкесінің құдайы” (1901)
“Аяздың балалары” (1902)
“Қар қызы” (1903) романы
“Ақ азу” (1906, қазақ тілінде 1938 — 48) повесі
“Жолда жүрген жолаушылар үшін” (1899, қазақ тілінде 1961)
“Солтүстік жорығы” (1900, қазақ тілінде 1960)
“Тыртық адам” (1900, қазақ тілінде 1960)
“Өмірге құштарлық” (1900, қазақ тілінде 1951)
“Мың дюжина” (1903, қазақ тілінде 1927 — 51)
“Темір өкше” (1912), “Айлы алқап” (1913)
“Үлкен үйдің қожасы” (1916)
“Телегей теңіз, аттаныс” шығармасын 1926 ж. “Жаңа мектеп”
журналына (4,5 сандарында) алғашқылардың бірі болып аударып,
жариялаған — Ж.Аймауытов.
«Ақ азу»
Әкесі бір жанарды қасқыр,анасы- Кичи жартылай
қасқыр,жартылай ит. Алясканың шөл даласында өмір
сүріп жүрген оларға Аляскада үнемі ашығып жүру
қиындыққа соғып, Ақ азудың бауырлары өліп қалады.
Ал әкесі сілеусін мен қырқысам деп жүріп, ол дүние
салады. Ақ азу анасымен жападан жалғыз қап қояды.
Өмір торабы қызыққа толы, Ақ азудың анасын
асыраған «Серый Бобор» атты үнділік аңшы
адамдарды кездестіріп қалады.Үнділік аңшы
қайтадан Кичи мен Ақ азудың иесі болады. Міне,сол
кезден бастап, ол қасқырды «Ақ азу» деп атай
бастайды. Ақ азуға жаңа өмірге үйренісу қиынға
соқты. Өзінің құдайы көріп жүрген адамдардың қатал
заңына бағынуына тура келді. Кейін калифорниядан
келген Скотт өзінің үйіне әкетеді. Сол отбасының
мейірімі мен жылулығына бөленіп, өзінің иесіне адал
болады.

Ұқсас жұмыстар
Абай жолы роман
М.О.Әуезов әңгімелері
Шығарманың соңында
Толстойдың өмірбаяны
Мәскеудің тапсырмасы бойынша Қазақстанға комсомолдар, жас мамандар
ХІХ ғасырдың екінші жартысындаға балалар әдебиеті
Ыбырай Алтынсарин
Эдгар Аллан По. XIXғасырдың басындағы Америка әдебиетінің реалист жазушысы
XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ зиялылары
Абай жолы романындағы тарихилық пен көркемдік
Пәндер