Сүт қышқылды бактериялардың туыстық бөлінуі


Slide 1

5В070100- «Биотехнология» мамандығы,

«Жаңа өнімді шығаруға арналған сүт қышқылды бактериялардың жаңа қисынын құру»

Slide 2 Slide 3

Сүт қышқыл бактерияларының бөлінуі

Сүт қышқылды бактериялардың туыстық бөлінуі

Slide 4

Кoмпoзиция, микрoфлoрa құрaмы

Тaғaйындaу

Lc. lactis subsp. lactis K-8, Lb. acidophilus KM-2 және Lc. crеmoris TM-5

сиыр cүтiнен жacaлынғaн дәcтүрлi cүтқышқылды өнiмдерге aрнaлғaн

Lc. lactis subsp. lactis KГ-6, Lb. acidophilus KM-2 және Biidobactеrium biidum

cиыр cүтiнен жacaлынaтын йoгуртқa aрнaлғaн

Lb. acidophilus B-400, Lb. еrmеntum B-401, Lc. crеmoris B-402

cүтқышқылды cуcындaр өндiрiciне, қымыз бен шұбaтқa aрнaлғaн

Lactobacillus acidophilus KM-2, Lactobacillus acidophilus KH-1, Biidobactеrium biidum-1

cүтқышқылды өнiмдер өндiрiciне ұйытқылaр мен биoлoгиялық aктивтi қocпaлaр дaйындaуғa aрнaлғaн

Lc. lactis subsp. lactis K-8, Lb. acidophilus KM-3, Lb. acidophilus ББ-15, dеlbruеckii ssp. bularicum ГМ-8, Torulopsis kеir var. kumis 23

қымыз, шұбaт және aйрaн дaйындaуғa aрнaлғaн

Lc. lactis subsp. Lactis КГ-6, Lc. crеmoris CмГ-1

қaймaққa aрнaлғaн

Lc. lactis subsp. lactis КГ-6, Lb. dеlbruеckii ssp. bularicum AM-2

мaйлы aйрaнғa aрнaлғaн

Lc. lactis subsp. lactis КГ-6, Lc. crеmoris CмГ-1,

Lb. dеlbruеckii ssp. bularicum AМ-2, Candida(Torulopsis) kеir vеr. kumis

aйрaнғa aрнaлғaн

Cүтқышқылды өнiмдердiң өндiрiciне aрнaлғaн cүтқышқылды микроорганизмдер

Slide 5

Сүт қышқылды бактериялардың жіктелуі

Slide 6

«Ұлттық Сараптама Орталығының» мамандарымен жұмыс барысында

1 - Таразы ВЛКТ-500 2 - Пробирка мен колба

3-Центрофуга Beckman Coulter 4 - Механикалық мөлшерлегіш

3-Центрофуга Beckman Coulter 4 - Механикалық мөлшерлегіш

Slide 7

Lactococcus lactis МГ-1 және Lactobacillus delbrueckii ВМ-1

Lactococcus lactis МГ-1 штамы. Сүттен бөлініп алынған 2000 жылы сипатама берген. Сүт сынамасын алу Алматы облысы, Іле ауданы, Жапек батыр паселкесінде жүргізілді. Қышқыл түзу белсенділігі - 45°T. Қышқыл түзу шегі - 88°T. Ұйытқы түзу ұзақтығы - 18 сағат. 45°C температурада, ортаның рН = 9, 6 болғанда және қоректік ортада 6 % NaCl болғанда өспейді. 65°C температурада қыздыруға төзімсіз. 40 % өт бар ортада, 15 және 37 °C жақсы өседі. 0, 3 % метилен көгін қайта қалпына келтіреді. Аргининнен аммиак түзеді. Глюкозадан СО2 түзбейді. Глюкоза, галактоза, левулоза, сахароза, лактоза, мальтоза, арабинозаны ашытады. Раффиноза, рамноза, ксилоза, крахмал, сорбит, маннит, дульцит, глицеринді утилиздемейді. Штамм келесі культуралардың өсуін белсенді түрде басады - E. coli, Staphylococcus aureus, B. subtilis, Staphylococcus aureus, Mycobacterium citreum, Mycobacterium rubrum, Micrococcus flava.

Lactobacillus delbrueckii ВМ-1 штамы. Шие ағашы гүлінен бөлініп алып, 2000 жылы сипатама берген. Қышқыл түзу белсенділігі - 126°T. Қышқыл түзу шегі - 244°T. Ұйытқы түзу ұзақтығы - 12 сағат. 15°C температурада, ортаның рН = 9, 6 болғанда және қоректік ортада 40 % өт болғанда өспейді. 65°C температурада қыздырғаннан кейін өседі. 6 % NaCl бар ортада, 37 және 45 °C жақсы өседі. 0, 3 % метилен көгін қайта қалпына келтіреді. Аргининнен аммиак түзбейді. Глюкозадан СО2 түзбейді. Глюкоза, галактоза, левулоза, сахароза, лактоза, мальтоза, арабинозаны ашытады. Раффиноза, рамноза, ксилоза, крахмал, сорбит, маннит, дульцит, глицеринді утилиздемейді. Штамм келесі культуралардың өсуін белсенді түрде басады - E. coli, Staphylococcus aureus, B. subtilis, E. coli, Staphilococcus aureus, Mycobacterium citreum, Mycobacterium rubrum, Micrococcus flava.

Slide 8

Жұмыста Lactococcus lactis subsp. lactis МГ - 1, Lactobacillus delbrueckii subsp. lactis BM - 1, Lactococcus lactis subsp. lactis КГ - 4, Lactobacillus lactis subsp. cremoris КГ - 5 штамдарының морфологиялық, культуралдық қасиеттерін зерттеу және дақылдауда гидролизденген сүтті агар (ГСА), MRS қоректік ортасы және ЕПА қоректік орталар пайдаланылды.

Сүтқышқылы бактерияларының культуральдық, физиологиялық- биохимиялық қасиеттері келесі әдістер бойынша зерттелді:

ас тұзына тұрақтылығы

өтке тұрақтылығы

қышқыл түзу белсенділігі

антагонистік белсенділігі

антибиотиктерге сезімталдылығы

Slide 9

Агарлы блок әдісі. Сүтқышқыл бактериялардың антагонистік белсенділігін түрлі әдістермен анықтауға болады. Бұл жұмыста агарлы блок әдісі пайдаланылды. Сүтқышқыл бактерияларға арналған қоректік орта ретінде MRS немесе ГМА пайдалануға болады. Тәжірибелерде оптимальды температурада өсірілген 1 тәуліктік дақылдар қолданылады. Тест - дақылдар ретінде E. coli, Staphylococcus aureus, P. aeruginosa, Proteus 313, S. tuphimorium, Protei 588 микроорганизмдері қолданылды. Тест - дақылдарды дақылдау үшін ЕПА қоректік ортаcы пайдаланылды. Тест - дақылдар 370C температурада өсіріледі. MRS қоректік ортасында дақылданған, бір тәуліктік сүтқышқылы бактерияларын залалсыздандырылған сверломен кесіп алып, тест-культуралар өсіп шыққан ЕПА-ға бактериалдық тұзақ көмегімен орналастырылды. Агарлы блоктарды бір-бірінен тең қашықтықта шаблон бойынша орналастырады. Егілген бактерияларды 2 тәулік бойы 370С температурада инкубацияланады. Бақылау варианты ретінде тест- объектілері егілген лункалары жоқ бір петри табақшасы болса, екінші табақшада стерильді ортамен толтырылған лункалар болады. Сүт қышқылды бактериялардың антагонистик активтілігін тест - дақылдың өсуінің тежелу аймақтарының көлемінің шетіннен мм- ден бастап тест - дақылдың өсу орнына дейінгі аралықта есептелінеді.

Қағаз дискі әдісі. Сүтқышқыл бактериялардың антибиотиктерге сезімталдық қасиеттерін анықтау қағаз дискі әдісі бойынша анықталады. МRS қоректік ортасы бар Петри табақшасына сүт қышқылды бактерияларын егіп, оның үстіне залалсызданған қысқышпен антибиотиктердің белгілі концентрациясы сіңірілген дискілерін белгілі ара қашықтықтарын сақтап егіледі. Егілген Петри табақшаларын 370C температурада 48 сағатқа қойылады. Сүт қышқылды бактериялардың антибиотикке сезімталдығын, сол антибиотик маңындағы пайда болған өсуі тежелген зонадан көруге болады. Біздің жұмыста келесідей антибиотик түрлері алынды: ципрофлоксацин (5 мкг), тетрациклин (10 мкг), оксациллин (30 мкг), рифампицин ( 2 мкг), неомицин (30мкг), цефазолин (30 мкг), амоксициллин (25 мкг) .

Сүтқышқылды бактериялардың пробиотикалық қасиеттерін зерттеу әдістері

Slide 10

Жұмыста Lactococcus lactis subsp. lactis МГ - 1, Lactobacillus delbrueckii subsp. lactis BM - 1, Lactococcus lactis subsp. lactis КГ - 4, Lactobacillus lactis subsp. cremoris КГ - 5 штамдарының морфологиялық және культуральдық, қасиеттерін зерттеу микробиологиялық дәстүрлі әдістермен жүргізілді. Дақылдардың морфологиялық қасиеттері - клеткалардың пішіні, көлемі, клеткалардың орналасуы; олардың қозғалуы; спора түзуі; грам бойынша боялуы арқылы сипатталып, культуралдық қасиеттері әртүрлі сұйық, қатты қоректік орталарда өсу ерекшеліктері, колониялардың көлемі және олардың құрылымы зерттелді.

Lactococcus lactis МГ-1, Lactococcus lactis subsp. lactis КГ - 4 және Lactobacillus delbrueckii ВМ-1, Lactobacillus lactis subsp. cremoris КГ - 5 штамдары ГСА және MRS агарлы қоректік орталарда мөлшері 1-2 мм болатын дөңгелек және дұрыс емес пішінді, ақ немесе ақшыл түсті, өте ұсақ колониялар түзеді, ақшыл, нүктелі, шеті тегіс колониялар түзіп, қарқынды өскен. Микроорганизмдердің культуралдық қасиеті көптеген факторларға яғни қоректік ортаның құрамына және физика - химиялық көрсеткіштеріне, дақылдау жағдайына тәуелді болады

Lactobacillus delbrueckii ВМ-1штамының клетка морфологиясы

ГСА және MRS агарлы қоректік орталарда өсіп шыққан колониядан грам әдісі бойынша және метилен көгімен боялған бекітілген препараттар жасалып, клеткалдың морфологиясына сипаттама берілді. Lactococcus lactis МГ-1 штамының клетка мөлшері 0, 9 -1, 0 мкм, пішіні кокк тәрізді дөңгелек, жеке-жеке, диплококктар немесе қысқа тізбектер түрінде орналасқан, грам оң коктар, ал Lactobacillus delbrueckii ВМ-1 клетка мөлшері 0, 9-1, 0 мм-ден 4, 2-4, 5 мкм, болатын таяқшалар, жұптасқан немесе қысқа тізбектер түзетін грам оң таяқшалар екендігі анықталды

Slide 11

Lactococcus Iactis МГ - 1 және Lactobacillus delbrueckii ВМ-1

Lactococcus lactis subsp. lactis КГ - 4 және Lactobacillus lactis subsp. cremoris КГ - 5 штамдарының сүтте өсуі

Slide 12

Сүт қышқыл бактерияларының NaCl мен өттің түрлі концентрациясына бір тәуліктен (24 сағат) кейінгі тұрақтылығы

Зерттелген физиология-биохимиялық қасиеттері

Дақыл атаулары

Lactococcus lactis МГ-1

Lactobacillus delbrueckii ВМ-1

Өттің әр түрлі концентрациясында өсуін бақылау, %

20

+

+

30

+

+

40

±

-

NaCI - дың әртүрлі концентрациясында өсуін бақылау, %

2

+

+

4

±

+

6

-

+

Ескерту: (+) - өсу қарқыны жоғары, (-) - өсу қарқыны төмен, (±) - өсу қарқыны орташа

Slide 13

Әртүрлі субстраттардан бөлініп, лиофильді кептіру әдісімен алынған сүтқышқыл бактериялардың қышқыл түзу белсенділігі майсызданған сүтте 17 сағат және 7 тәулік аралығында Тернер әдісімен анықталынды. Жалпы, алынған штамдардың ішінде Lactococcus lactis subsp. lactis МГ - 1 қышқыл түзу энергиясы 143°Т, ал қышқыл түзу белсенділігінің шегі жоғары - 164°Т болды

Сүтқышқыл бактерияларының қышқыл түзу белсенділігі

Дақыл атауы

17 сағат

7 тәулік

Lactococcus lactis subsp. lactis МГ - 1

143°Т

164°Т

Lactobacillus delbrueckii subsp. lactis BM - 1

112°Т

144°Т

Lactococcus lactis subsp. lactis КГ - 4

112°Т

141°Т

Lactobacillus lactis subsp. cremoris КГ - 5

85°Т

144°Т

Lactobacillus delbrueckii subsp. lactis BM - 1 штамының осы көрсеткіштері яғни қышқыл түзу энергиясы 112°Т, қышқыл түзу шегі 144°Т аралығында болатындығы анықталды. Lactococcus lactis subsp. lactis КГ - 4 штамының қышқыл түзу энергиясы 112°Т, қышқыл түзу шегі 141°Т болды. Зерттелінген дақылдардың қышқыл түзу қабілеттілігі әртүрлі болды. Lactobacillus lactis subsp. cremoris КГ - 5 штамының көрсеткіштері яғни қышқыл түзу энергиясы 85°Т, қышқыл түзу шегі 144°Т аралығында болатындығы анықталды. Сүттердің ұю уақытының ұзақтығы - 7-24 сағат.

Slide 14

Lactococcus lactis МГ-1 және Lactobacillus delbrueckii ВМ1штамдарының қышқыл түзу белсенділігі

Slide 15

Сүтқышқыл бактериялардың антагонистік қасиеті

Slide 16

Сүт қышқыл бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығы

Дақыл атауы

Дақылдың өсуі тежелу аймағының мөлшері (мм)

Рифампицин

2 мкг

Ципрофлоксацин 5 мкг

Цефазолин 30 мкг

Амоксициллин 25 мкг

Неомицин 30 мкг

Тетрациклин 10 мкг

Оксацилин 30 мкг

Lactococcus lactis МГ-1

13

8

-

-

2

15

6

Lactobacillus delbrueckii ВМ-1

10

7

-

-

1

11

-

Lactococcus lactis subsp. lactis КГ - 4

11

8

-

-

2

-

7

Lactobacillus lactis subsp. cremoris КГ - 5

-

2

-

-

2

11

2

Ескерту: (-) - мүлдем төзімсіз, тежелу аймағы жоқ

Slide 17

Дақыл атауы

Түсі

Консистен-циясы

Иісі

Дәмі

Қышқыл -дығы

Lactobacillus lactis subsp. cremoris КГ - 5 + Lactobacillus delbrueckii subsp. lactis BM - 1 3%

Сүт тектес

Қоюлау

Ірімшік

Тәтті

57 ºТ

Lactobacillus lactis subsp. cremoris КГ - 5 + Lactococcus lactis subsp. lactis МГ - 1 3%;

Ақ

Сұйық

Айран

Айран

75 ºТ

Lactococcus lactis subsp. lactis КГ - 4 + Lactobacillus delbrueckii subsp. lactis BM - 1 3%;

Сүт тектес

Қоюлау

Өткір

Ашыған айран

63 ºТ

Lactococcus lactis subsp. lactis КГ - 4 + Lactococcus lactis subsp. lactis МГ - 1 3%;

Ақ

Қоюлау

Өткір

Қышқыл

100 ºТ

Lactococcus lactis subsp. lactis МГ - 1 + Lactobacillus delbrueckii subsp. lactis BM - 1 3%;

Ақ

Қоюлау

Өткір

Ашыған айран

73 ºТ

Lactococcus lactis subsp. lactis КГ - 4 + Lactobacillus lactis subsp. cremoris КГ - 5 + Lactobacillus delbrueckii subsp. lactis BM - 1 3%;

Сүт тектес

Қою

Жағымды

Биос

80 ºТ


Ұқсас жұмыстар
Микробиологияның негіздері
Сүтқышқылды өнімдер технологиясы. Сүт және сүтқышқылды өнімдердің ақаулары
Лактоұйытатын бактериялардың жалпы сипаттамасы
Сүтқышқыл бактерияларының антагонистік қасиеті
Ашыту процесі
БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ КӨБЕЮІ
Микробиология
Бактерияларды зерттейттін ғылым
Тамақ өнімдерін сақтау
ЗАТТАРДЫҢ ӘСЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz