Қазақстан Республикасының азаматы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Мемлекеттік жастар саясатының қазіргі тұжырымдамаларындағы алшақтықтар: мемлекеттің жастармен өзара байланыстарының әлемдік үрдістері
Орындаған: Мұхаддас Ақдариға
Тобы: ЮМ-18-5К
Қабылдаған: Бегім Ақбота
Шымкент 2018

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V ҚРЗ.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1) жас маман - жиырма тоғыз жасқа толмаған, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және білім туралы құжатта көрсетілген мамандық бойынша үш жылдан аспайтын уақыт жұмыс істеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматы;
2) жас отбасы - ерлi-зайыптылардың екеуi де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не баланы (балаларды) жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың бiреуi тәрбиелейтін толық емес отбасы;
3) жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары;
4) жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым - мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін қажетті объектілер (үйлер, құрылыстар, ғимараттар), сондай-ақ жас азаматтардың денсаулығын сақтау, оларға білім беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтік қызмет көрсету, дене бітімін, рухани және имандылық тұрғысынан дамыту, олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және олардың қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жүйесі;
5) "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасы - мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын талдауды және оны жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды қамтитын жыл сайынғы есеп;
6) мемлекеттiк жастар саясаты - мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі;
7) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - мемлекеттік жастар саясаты саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) өңірлік жастар форумы - жергілікті атқарушы органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылдың өңірлік деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін жастар өкілдерінің форумы;
9) республикалық жастар форумы - өңірлік форумдарда сайланған жастар өкілдерінің мемлекеттік органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылдың жалпыұлттық деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін форумы.

Мемлекеттік жастар саясатының міндеттері:
1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту;
3) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту болып табылады.
3. Мемлекеттік жастар саясаты:
1) мәдени, имандылық және рухани құндылықтардың басымдығы;
2) азаматтық, жауапкершілік, еңбексүйгіштік;
3) конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылық;
4) ұрпақтар сабақтастығы, отбасылық тәрбиенің басымдығы;
5) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға жастардың қатысуы;
6) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға ғылыми, кешенді және дәйекті көзқарас қағидаттарына негізделеді.

Мұндай мақсаттар мен бағыттар тек заң күйінде қалып отырғанын байқау қиын емес. Осы әлеуметтік топтың мүддесін қорғайтын жастарға ортақ идеологияның болмауы - ең басты себеп. Бүгінде еліміздің жастары 5 млн шамасында, яғни бүкіл халықтың 27 пайызын құрап отыр. Дегенмен халықтың біршама бөлігін құрайтын бұл әлеуметтік топтың артында тұрған тіреуі жоқтығы немесе сол жастардың өзі артындағы тірегінің бар екенін білмеуі, жастар саясатының ақсаңдап жатқанын білдіреді.

ҚР Мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңындағы ақаулар
ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңына сәйкес жастар -
ол 14 және 29 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары деп көрсетілген. Соған сәйкес, бүкіл заңдағы мақсаттар мен бағыттар, құқықтар мен мүдделер және өкілеттік органдардың қызметтері мен функциялары осы жас аралығындағы азаматтарға нысандалған. Соған орай мынадай сұрақ туындайды: 16 жастағы жасөспірім мен 29 жастағы ересек адамның мүдделері бірдей болуы мүмкін бе? Олардың мақсаттары да, көзқарастары да өзгеше. Осыған қарамастан аталған заңдағы шаралар екі не одан да көп әлеуметтік топ өкілдеріне - бір заңды, бір мақсаттарды көздеуге шақырады. Ал негізінде, осы жас аралығындағы азаматтарды ішінара тағы да бірнеше топқа бөліп, соған сәйкес мақсаттар мен нысандарды қабылдау қажет. Себебі 18 жастағы жасөспірім алдымен оқуға түсуді көздейді, ал 25 жастағы азаматты отау құру, жұмысқа орналасу немесе пәтер алу секілді дүниелер алаңдатады. Олай болмайтын болса, жастардың ішіндегі кейбір жас аралығындағы азаматтардың мүдделері лайықты деңгейде қорғалмай қалуы мүмкін.

Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды - жастар білмейді…
Бағдарлама атауы
Естімедім
Есітідім, бірақ тікелей қатыспадым
Өтініш білдірдім, бірақ қабылдамады
Қатыстым
Қолжетімді баспана - 2020
37
58
2
2
Саламатты Қазақстан 2011- 2015
62
37
_
1
Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020
42
56
1
2
Бизнестің жол картасы - 2020
48
50
1
1
Дипломмен ауылға
47
52
_
1
Жастар практикасы
55
43
1

Кестеге қарап мемлекеттің білім алу қолжетімділігі мәселесін жастар жоғары бағалауда. Ал баспана және жұмыспен қамту секілді жастар үшін ең өзекті мәселеде мемлекеттің жасаған шараларын төмен бағалап отыр. Сондықтан Қазақстан жастарының басым бөлігі мемлекеттің жастар мәселесін шешудегі шараларына қанағаттанбайтынын байқауға болады.
Қаржыландыру мәселесіне де тоқталатын болсақ, сол аталған зерттеу орталығының мәліметтеріне сай аймақтардағы жастар саясатына қаржыландыратын қаражаттың дұрыс бөлінбеуі. Мәселен Атырау, Павлодар облыстарының жастар саясатын дамытуға бөлінетін қаржы 550 млн және 450 млн шамасында болса, Батыс Қазақстан облысы мен Солтүстік Қазақстан облыстарына бөлінетін қаржы 110 млн және 71 млн теңге көрсеткішінде. Яғни аталған аймақтардағы қаржы қатынасы 300-400 млн-дай теңгені құрайды. Ендігі жастардың әлеуметтік мәселелеріне тоқталар болсақ, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жастардың мемлекеттік қолдау деңгейін қаншалықты бағалайтындығы бойынша зерттеу жүргізген.

Жастардың тіреуі - қоғамдық ұйымдар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz