Қазақстан ядролық қарусыз аймақ болу жолында




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақстан ядролық
қарусыз аймақ болу
жолында
ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Орындаған: Мұхаддас Ақдариға
Тобы: ЮМ-18-5К
Қабылдаған: Айтымбаев Мақсат

Шымкент 2018
Ядролық қарудан бас тарту мәселесі – барлық қазіргі
заманның ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылады.
Ядролық қару – жалпы адамзаттың соры десек, ядролық
полигондар –20 ғасырдағы ең ауыр қасіреті болды. Өйткені,
атомдық ядролық жарылыстар бүкіл бір аймақтың қоршаған
ортасы мен табиғи генофонына, адамдардың геніне әсер етіп,
қалыпты мөлшерден әлдеқайда жоғары радиоактивті заттар
мен рентген сәулелері тіршілік атаулыға қауіп-қатер әкеліп,
өте зиянды радионуклидтер тірі клеткаларға генетикалық
өзгерістер туғызатыны бәрімізге белгілі.
Әлемде 2025 сынақ жүргізілген қазақ халқындай азап шеккен
бірде-бір халық болмағанын айтсақ артық болмас. Аты шулы
Семей полигонында 500-ге жуық атом, сутегі бомбалары сыналып,
олардың саны барлық сынақтардың ¼-ін құраған, ал
қауқары жағынан Хиросима мен Нагасакидегі жарылыстардан 40
мың есе асып түскенін Ресейдің ресми мәліметтері
жобалайды. Бұған дейін жеті атасына шейін қыз алыспай, қан
тазалығын сақтап келген елдің топырағында түрінен адам
қорқатын құбыжық нәрестелер дүниеге келе бастады. Әлемнің
көптеген аймақтарында ересектер ауруы мен балалар өлімінің
саны көбейіп, жалпы өмір сүру жасының ұзақтығы қысқарды. Сол
кездегі белгілі оқымыстылар мен саясатшылардың, қоғам
қайраткерлері мен ғалымдардың пікірлері бойынша экологиялық
жағдай күрделі нүктесіне, ең жоғарғы деңгейіне
жеткен. Сондықтан ядролық мәселе көтерілгенде Қазақстан
мемлекеті бейжай қарай алмады. Оның дәлелі ретінде
мемлекетіміз ерікті түрде әлемдегі төртінші орында тұрған
ядролық арсеналдан бас тартып, мемлекетіміз әлемдегі көлемі
жағынан екінші орында тұрған Семей ядролық полигонын жапты.
Бұл әлем үшін мәні мен мағынасы зор үлкен маңызды тарихи
оқиға болды. Осыдан 20 жыл бұрын Семей ядролық сынақ
Қазақстан
Республикасының
Президенті Н.Назарбаевтың
бастамасымен БҰҰ
аясында 2011 жылдың
қазан айының 12
жұлдызы
күні Астанадағы, Тәуелсіздік
сарайында Ядролық сы
нақтарға қарсы іс-
қимылдың халықаралық
күніне арналған
шаралар төңірегінде
«Ядролық қарусыз әлем үшін» атты халықаралық форум өткен
болатын. Бұл халықаралық форумға БҰҰ, МАГАТЭ, ЕҚЫҰ, ЯСЖТКҰ,
ШЫҰ, АӨСШК, ЮНЕСКО, ЕурАзЭҚ сияқты халықаралық және аймақ
тық ұйымдардың басшылары мен өкілдері, АҚШ, Жапония,
Норвегия, Бельгия, Ұлыбритания, Франция, Ресей Федерациясы,
Словакия, Швейцария, Пәкiстан, Ирак, Түркия, Корея, Моңғолия,
Вьетнам және басқа да елдер парламенттерінің депутаттары,
мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.Әлемнің көптеген
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін
алғаннан бері ядролық қаруды таратпауға қатысты
көптеген шараларды жүзеге асырып келе жатқандығы
бәрімізге белгілі. Мысалы, айтар болсақ:
·1991 жылы 29 тамызда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен
Семей ядролық сынақ полигоны жабылды.

· 1991 жылы Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина басшылары Стратегиялық
ядролық күштерге байланысты Алматы декларациясында бұрынға КСРО-ның
ядролық арсеналының қызметіне ортақ бақылау орнатудың, ядролық
қауіпсіздіктің қажетті деңгейін ұстап тұруда қандай да бір іркілістерге жол
бермеудің тетігін айқындады және стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту
саласындағы КСРО-ның халықаралық міндеттемелерін ұстанатындығын
растады.

·
1992 жылғы 23 мамырда Лиссабонда осы елдермен АҚШ өкілдері
аталған төрт мемлекеттің аумағында орналасқан стратегиялық ядролық
күштерге қолданылатын Стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту мен шектеу
туралы шарттың ережелерін іске асыруға олардың жауапкершілік аясын
нақтылайтын бес жақты Хаттамаға қол қойды. Сонымен қатар, Лиссабон
Хаттамасында Беларусь, Украина және Қазақстанның ядролық қаруға ие
емес елдер ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу
міндеттемелері тиянақталды.
· 1992 жылы Қазақстанда Қауіпті Бірлесіп Қысқарту бағдарламасы іске асырыла
басталды. «Нанна-Лугар бағдарламасы» деп аталатын бұл бағдарлама шеңберінде
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан аумағында қалған ядролық,
химиялық және биологиялық қарудың нысандары мен инфрақұрылымдарын жою және
залалсыздандыру жөніндегі жобалар кешені, стратегиялық шабуыл қаруының
демонтажы, экспорттық бақылау жүйесін құру, қорғаныс өнеркәсібін конверсиялау
жүзеге асырылды.

· 1993 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі Ядролық
қаруды таратпау туралы шартты ратификациялады.

· 1993 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі ЯҚТШ-ны
бекітті.

· 1994 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі Агенттіктің (МАГАТЭ)
мүшесі болды. ЯҚТШ ережелеріне сәйкес 1994 жылғы 26 шілдеде Алматыда Қазақстан
Үкіметі мен МАГАТЭ арасында Кепілдіктер туралы келісімге қол қойылып, ол ҚР
Президентінің Жарлығымен бекітілгеннен кейін, 1995 жылдың 19 маусымында күшіне
енді.

· 1994-1996 жылдардағы ядролық қарусыздану саласындағы белсенді іс-әрекетінің
арқасында Қазақстан 1996 жылы бақылаушы мәртебесіне ие болды, ал 1999 жылдың 5
тамызында консенсус арқылы Қарусыздану жөніндегі конференцияның мүшелігіне
қабылданды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-
2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты халыққа арнаған кезекті Жолдауында былай, деген болатын:
«Ядролық қаруды таратпау режімін нығайту жөніндегі бастамаларымыз —
әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қосқан сөзсіз үлесіміз.
Әлемде алғашқы болып Семей ядролық полигонын жауып және атом
қаруынан бас тарта отырып, біз жетекші ядролық державалардан — АҚШ-
тан, Ресейден, Ұлыбританиядан, Франциядан және Қытайдан
қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық. Біз Орталық Азияда
ядролық қарусыз аймақ құруда негізгі рөл атқардық және жер шарының
басқа да аймақтарында, әсіресе, Таяу Шығыста осындай аймақтар құруға
белсенді қолдау көрсетеміз. Біз әлемдік қауымдастықтың ядролық
терроризм қатеріне қарсы тұрудағы күш-жігеріне қолдау жасаймыз. Қазір
біз ядролық қатерді таратпау жөнінде одан әрі табанды шешімдер
қабылдау қажеттілігі туралы батыл айтамыз. Ядролық қаруды таратпау
туралы шарт таратпау режімінің арқауы болды және солай бола бермек.
Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың тезірек күшіне
енуі таратпау режімін нығайтудың маңызды қозғаушысы болуға тиіс.
Бұдан үш жыл бұрын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 29 тамызды Халықаралық
ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялау туралы ұсынысымды
қолдады.
Осының барлығы — жаһандық саясаттағы біздің рөлімізді тану.
Осындай жауапты саясатының арқасында Қазақстан ядролық қаруды
таратпау режімінің көшбасшысы, басқа мемлекеттер үшін үлгі болып
танылды», -деді Президент Н.Ә.Назарбаев.
Ядролық қарудан бастарту мәселесі –
ХХІ ғасырдың ең ауқымды, әрі күрделі
мәселелерінің бірі болып табылады. Егер
әлемдік халықаралық қоғамдастық
ядролық қаруға ие мемлекеттер
ауқымының кеңеюіне қарсы саяси күш-
жігер таныта алмайтын болса, оның
салдарлары үлкен ауыртпалықтарға алып
келуі мүмкін.
Назарларыңызға рахмет!
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. «Ядросыз әлемге бағыт ұстануда ядролық қауіпсіздіктің
жаңа амалдарын іздестіру — маңызды міндет» dmk.kz/?
p=9649 — Cached — Similar. 2011 ж.
2. «Жаһандық қауіпсіздіктің маңыззды факторы» «Егемен
Қазақстан» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТІ» ААҚ, №108-111 (25508) 21
НАУРЫЗ СЕНБІ 2009 ЖЫЛ.
3. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Қазақстан—
2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. www.akorda.kz/

Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары және қауіпсіздік мәселелері контексіндегі конфессионалдық саясаты
Ядролық қару жаппай қырып - жою қаруы
Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары
Семей жерінде
Ядролық қарусыз әлем
Әлемде алғашқы болып Семей ядролық полигонын жауып және атом қаруынанбас тарта отырып, біз қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Ядролық қару
Мемлекет басшысы Жолдауда осыдан дәл
Назарбаев сол бірегей тағдырды еншілеген тұлға
Пәндер