Тілдік құрылымы


Slide 1

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемелекеттік Медициналық Университеті

Slide 2

Мәліметтер базасын басқару жүйелері (МББЖ)

Тілдік құрылымы

Қызметтері

Access МББЖ-сында көптеген қосымша сервистік мүмкіндіктер . . .

MS Access объектілері :

MS Access екі режимде жұмыс істейді:

Мәліметтер типтері:

Жоспары:

Slide 3

Мәліметтер қорын басқару жүйесі

Мәліметтер қорын басқару жүйесі - көптеген қолданушылар мен мәліметтер

қорын қолдану және берілгендерді енгізу үшін негізделген тілдік жабдықтар

мен программалар кешені. МҚБЖ мәліметтер қорын қолдануды басқаратын

бағдарламалық жабдық болып табылады. Бұл келесі түрде жүзеге асырылады:

1. Қолданушы арнайы деректер тілін қолдана отырып МҚ-ына сұраныс

жібереді(мысалы, SQL) .

2. МҚБЖ сұранысты қабылдайды және талдайды.

3. МҚБЖ осы қолданушы үшін сыртқы сызбаны қарастырады.

4. МҚБЖ сақталынған деректер қорында қажетті әрекетті орындайды.

Комплекстік мәліметтер қорын бірнеше әдістермен құруға болады:

1. Программалаудың алгоритмдік тілдері - Бейсик, Паскаль.

2. Программалаудың ортасы кӛмегімен - Visual Basic, Delphi.

3. Мәліметтер қорын басқару жүйесі деп аталатын арнайы программалық жабдық кӛмегімен - Access, FoxPro. Дербес МҚБЖ бір компьютерде орындалатын жеке мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Жеке МҚБЖ Paradox, Dbase, FoxPro, Access. Жалпы МҚБЖ «Клиент - Сервер» архитектурасымен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді жүйелерді құруды қамтамасыз етеді. Мысалы Oracle, Microsoft SQL SERVER, INTERBASE

Slide 4

МҚБЖ - ның тілдік құрылғыларының құрамына мыналар жатады: 1. Мәліметтерді сипаттау тілі - мәліметтердің логикалық құрылымын сипаттауға арналған. 2. Мәліметтерді игеру тілі - мәліметтерді енгізу, таңдау, модификациялау операцияларын орындайды. 3. SQL - құрылымды программалау сұраулар тілі, мәліметтер құрылымын басқаруға, игеруге және қашықтықтағы мәліметтер қорына енуге арналған стандартты құрылғы. 4. Үлгі бойынша сұранымдар тілі QBE (Query By Example) мәліметтер қорында визуальды сұрауларды құруға арналған

Slide 5

2. 2. ҚАЗІРГІ МҚБЖ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Қазіргі МҚБЖ-нің атқаратын негізгі қызметтері:

Мәліметтерді сақтау, алу және жаңарту;

Ақырғы қолданушыларға жүйелік каталогты жеткізу(аты, ӛрістердің типі және ӛлшемі, имя, байланыс атаулары, шектеулер және т. б. ) ;

Мәліметтердің бүтіндігін және қарама-қайшы келмеуін басқару; «Бүтіндік» терминімен, әдетте мәліметтер қоры әр бӛлігінде сақталған мәліметтердің бір-біріне қарсы келмеуі түсіндіріледі. Мысалы: мектепке түсу мерзімі оны бітіру мерзімінен кеш болуы мүмкін емес.

Мәліметтердің тәуелсіздігін қолдау;

Транзакцияны қолдау (қолданушының мәліметтер қорын қолдануға және ӛзгертуге арналған әрекеттер жиыны) ;

МҚ-ын қалпына келтіру;

МҚ-ын қолдануды басқару;

Мәлімет алмасуды қолдау(коммуникациялық бағдарламалық жабдықтардың интеграциясы) ;

Қосымша қызметтер(экспорттау - импорттау утилиттері…) .

Slide 6

Access программасы - бұл мәліметтер базасын басқару жүйесі (BD-СУБД - МББЖ) .

Access жиі қайталанып отыратын операцияларды автоматтандыруға мүмкіндік береді (мыс., жалақы есептеу, құнды материалдарды есепке алып отыру, т. с. с. ) .

Access көмегімен мәліметтерді енгізу мен оларды көруге арналған ыңғайлы форматтар жасауға және оларды қағазға басып шығаратын күрделі басылымдар (отчеты) құрастыруға да болады.

Мәліметтер базасын басқару жүйелері (МББЖ)

Slide 7

Slide 8

Access МББЖ-сында көптеген қосымша сервистік мүмкіндіктер бар.

Өрнектер, мыс., Access ортасына енгізілген мәліметтің дұрыс мәнді екендігін тексеру үшін пайдаланылатын формулалар.

Шебер (Мастер - Wizard) - белгілі бір есепті шығаруға немесе бекітілген типтегі объектіні жасауға арналған арнайы программа.

Макростар программалаусыз-ақ көптеген іс-әрекеттерді автоматтандыруға арналған мүмкіндіктер жиыны;

Access ортасына енгізілген VBA (Visual Basic for Applications) тілі - Microsoft Office ортасында қолану үшін арнайы жасалған Basic тілінің бір нұсқасы - тәжірибелі маманға мәліметтер өңдеудің күрделі процедураларын программалауға мүмкіндік береді. Формалар мен басылымдарды (отчет) қарап отырып, олардың ақырғы қағазға түсетін нәтижелік нұсқасының қандай болатынын білуге болады.

Slide 9

MS Access объектілері :

Кесте - мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған негізгі объект, бір тақырыпқа берілген нақты мәліметтер жиыны. Ол өрістер (поля) мен жазбалардан (записи) тұрады.

Форма - кесте мәліметтерін экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері, форма мәліметті енгізу, көру және толықтыру үшін қолданылады.

Сұраныс (запрос) - керекті мәліметтерді бір немесе бірнеше кестеден белгіленген шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі. Сұраныс беру арқылы берілген өрістерден немесе басқа кестеден алынатын өрістерден тұратын виртуалды кестелер құруға болады.

Басылым (отчет) - мәліметтердің керекті құрылымын баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсілі.

Макрос МБ-ның нақты бір операциясын орындауды программалаусыз автоматтанды-рады.

Модуль МБ-ны баптау, түрлендіру және толықтыруға керекті Visual Basic тіліндегі программадан тұрады.

Slide 10

MS Access екі режимде жұмыс істейді:

1) Жедел (оперативті) режим - бірден МБ (мәліметтер базасы) терезесінде жұмыс істеу, яғни оларды қарау, өзгерту, керектісін таңдау жұмысын жүргізу;

2) Конструктор режимі - алдын ала объект макетін-жобасын, құрылымын жасау және оны толықтырып өзгерту.

Slide 11

МӘЛІМЕТТЕР ТИПТЕРІ:

мәтіндік (текстовый) ;

сандық (числовой) ;

ақшалық (денежный) ;

санауыш (счетчик) ;

дата/уақыт (дата/время) ;


Ұқсас жұмыстар
Тіл және сөйлеу
Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі
Қазақ тіл білімінде когнитивті лингвистиканың зеріттелуі
Көркем дискурс және сөз мәдениеті
СТИЛИСТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ МЕН КАТЕГОРИЯЛАРЫ
ТІЛДІК ТҰЛҒА
Тілдік байланыс
ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сынып жұмысы
Қарым-қатынас психологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz