Компьютерлік вирустар: анықтамасы, белгілері, жіктелуі және қорғау құралдары


Slide 1

Орындаған: Абдикаликова С. А.

Юнусов З. Г.

104-топ ЖМФ

Slide 2

Жоспар:

Компьютерлік вирус дегеніміз не?

Компьютердің вируспен зақымданғанының бірнеше негізгі белгілері.

Вирустардың жіктелуі.

Трояндық вирус.

Вирустан қорғану.

Вирусқа қарсы программалар.

Slide 3

Компьютерлік вирус

Компьютерлік вирус - арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да "жұғады" және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с. ) .

Slide 4

Компьютердің вируспен зақымданғанының бірнеше негізгі белгісі мыналар:

компьютер әдеттегісінен баяу жұмыс істейді;

компьютер сұраныстарға жауап беруін доғарып, бұғатталып қала береді;

жүйе әр бірнеше минут сайын жұмыс істеуден бас тартып, қайта қотарыла береді;

компьютер өз бетімен қайта қотарылып, ақаулармен жұмыс істей бастайды;

қосымшалар қателермен жұмыс істейді;

дискілер мен диск жетектеріне қатынау мүмкін болмай қалады;

басып шығару қателермен жүреді;

қателер туралы әдепкіден тыс хабарламалар пайда бола бастайды;

мәзірлер мен сұхбат терезелерінің көрінісі өзгеріп кетеді.

Slide 5

Вирустардың жіктелуі:

Вирустың өмір сүру ортасына қарай;

Өмір сүру ортасын зақымдау ортасына қарай;

Деструктивті мүмкіндіктеріне қарай;

Вирус алгоритмінің ерекшеліктеріне қарай.

Slide 6

Трояндық вирус

Компьютерлік вирустардың ішінде қазіргі таңда ең көп тараған түрі - "трояндық вирустар" болып саналады. "Трояндық вирус" термині халық арасына кеңінен тараған. Бірақ бұл атау дұрыс емес. Шын мәнінде бұл түрдегі зиянды программаларды "трояндық программалар" деп атайды. Трояндық программа - өзінің енген компьютерде қолданушының рұқсатынсыз, заңсыз іс-әрекет жасайтын зиянды программа түрі. Трояндық программалар қандай бір шарттар бойынша компьютерлік ақпараттарды жояды, құпия немесе құнды ақпараттарды ұрлайды және компьютерлік жүйелердің жұмыс жасау мүмкіндігіне кедергі келтіріп, оларды «қатырып» тасау сияқты заңсыз әрекеттер жасайды. Зиянды программалардың бұл түріне келесідей программалар кіреді: Backdoor, Trojan-PSW, Trojan-Clicker, Trojan-Downloader, Trojan-Dropper, Trojan-Proxy, Trojan-Spy.

Slide 7

Вирусқа қарсы программалардың жіктелуі:

Қазіргі кезде вирусқа қарсы программаларды төмендегідей бірнеше түрге бөлуге болады:

Slide 8

Қазіргі таңдағы вирусқа қарсы программалар:

Вирусқа қарсы бағдарлама (антивирус) - компьютерлік вирустарды жұқтырған бағдарламаларды табуға және емдеуге, сондай-ақ файлдың вирус жұқтыруының алдын алуға арналған бағдарлама. Бүгінгі таңда вирусқа қарсы бағдарламалардың алуан түрлері бар: Dr. Web, Касперский Антивирусы, Eset NOD32, McAfee, AVG, Panda Software, Norton Antivirus және т. б. Касперский Антивирусы (AVP) - ең танымал вирусқа қарсы бағдарламалардың бірі. Компьютерге орнату кезінде Касперский Антивирусы тұрғылықты дискіде орналасқан нысандардың мәтінмәндік мәзіріне құрамдасып, өз тобын Бастау Бас мәзіріне үстейді. Жұмыс істеу барысында амалдық жүйенің жүйелік үстелінде вирусқа қарсы бағдарламаның белгішесі пайда болады. Касперский Антивирусының көмегімен жергілікті, иілгіш, ықшам дискілерде вирустардың бар-жоғын тексеруге болады. Касперский Антивирусы орнатылған болса, компьютерді вирус жұқтырған-жұқтырмағанына толық тексеру үшін мына әрекеттерді орындау қажет: 1. Касперский Антивирусы вирусқа қарсы бағдарламасын ашу. 2. Қорғаныс қосымшасын таңдау. 3. Менің компьютерімді тексеру дегенді басу. 4. Тексеру нәтижелері жою немесе емдеу қажет болатын вирустардың бар-жоғын көрсетеді. 5. Содан кейін Касперский Антивирусы бағдарламасы терезесін жабу керек.

Slide 9

Вирустарды тексеру-жекелеген нысандарды вирустың бар жоғына тексеру үшін оны тінтуірдің оң жақ пернесі мен ерекшелеп алып, мәтіндік мәзірден Вирустардың бар-жоғын тексеру әмірін таңдаймыз:

Slide 10

Вирус табылған жағдайда ашылған сұхбат терезесінен ұсынылған әрекеттердің бірін (дұрысы емдеу) таңдау қажет:

Slide 11

Вирусқа қарсы программа-Dr Web

Slide 12

Өз компьютеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:

Slide 13

Қолданылған әдебиеттер:

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік вирустар: анықтамасы, жіктелуі, белгілері және қорғаныс әдістері
Компьютерлік вирустар: анықтама, белгілері, жіктелуі және антивирустық қорғаныс
Компьютерлік вирустар: анықтамасы, таралуы, жіктелуі және қорғаныс шаралары
Компьютерлік вирустар: сипаттамасы, жіктелуі және антивирустық қорғау әдістері
8-сынып: Ақпаратты қорғау - компьютерлік вирустар мен антивирустық қорғаныс
Компьютерлік вирустар: анықтамасы, тарихы және антивирустық қорғаныс
Компьютерлік вирустар: анықтамасы, түрлері және жұғу жолдары
Файлдарды іздеу және компьютерлік вирустар: сипаттамасы, түрлері және антивирустық қорғау
Компьютерлік вирустар мен антивирустық бағдарламалар: түрлері, әсері және қорғау әдістері
Компьютерлік вирустар: анықтамасы, шығу тарихы, түрлері және қорғаныс шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz