Компьютер құрылғылары
Презентация қосу
Дербес комп ьютердің қосымша құрылғылары
Компьютер құрылғылары
Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған
сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды».
Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар
мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен
механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы
көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді
Сканер
Сканер Компьютерге мәтінді немесе бейнені енгізу жиі кездеседі. Көп
жағдайда мәтінді енгізу пернетақтаның көмегімен жүзеге асырылады,
бірақ бұл көп еңбек пен уақытты қажет етеді. Қолданушылар қазіргі
кезде сканер құрылғысын пайдаланады. Сканер – электронды
механикалық құрылғы. Сканерді планшетті, барабанды және қолмен
басқарылатын деп бөлуге болады. Планшетті сканер бейнені
оригиналдан ғана сканерлейді. Барабанды сканер факсте қолданылса,
ал қолмен басқарылатын сканер оригиналды кез-келген бағытқа
айналдырады. Сканерді қолданушылар өз үйінде де қолдана алатын
деңгейге жетті. Саудада сканерлердің түрлі модельдері кездеседі.
Олар бағасымен, программамен жабдықтауымен, интерфейсімен және
технологиясымен бір-бірінен айрықшаланады.
Сканер Жұмыс істеу принциптері Барлық түрлі сканердің жұмыс істеу
принциптері бірдей. Сканерленетін объект фотоқабылдағышқа келіп
түседі. Түрлі-түсті сканердің ақ-қара түстен еш айырмашылығы жоқ.
Стример
Стример (Streamer) — тізбекті қатынас құру құрылғысы; қатқыл
дискідегі мәліметтерді резервте сақтап қоюға арналған көлемді
мәліметтер жинақтайтын магниттік таспадағы компьютерлік
магнитофон. Көлемі үлкен мәліметтерді ұзақ уақыт сақтауға арналған
магниттік таспадағы жинақтауыш құрылғы. Мәліметтер ағынын (stream
— поток) оқу/жазу үздіксіз режімде жүргізілетіндіктен, сенімді әрі
жылдам істейді деп есептеледі. Кемшілігі — мәліметтер жеткізу
жылдамдыгының төмендігі. Сыйымдылығы — 20 Мбайттан 2 Гбайтқа
дейін және одан да жоғары. Стримерлер — мәліметтерді магниттік
таспада сақтауға арналған құрылғылар. Стримерлерге арналған
магниттік таспалардың (картридж) көлемі жүздеген мегабайтқа жетеді.
Жүйелік блок
Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы.
Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата),
процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру
блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар
орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу
(Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск
мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл
жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы
жағында негізгі (монитор, пернетақта, тінтуір) және
қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон)
қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан
Дисплей
Дисплей (монитор) – компьютердің экранына ақпаратты
шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей
кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі
телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды
Принте
р
Принтер (ағылш. printer) — мәтін мен кескіндерді қағазға немесе басқа
да басып шығарылатын арқауларға шығаруға арналған құрылғы, ЭЕМ-
ның ақпарат басып шығаруға арналған перифериялық құрылғыларының
бір түрі. Баспа таңбаларын басу әдістеріне қарай Принтерлер
матрицалық, сия құюшы ағыстық, (струйный), лазерлік,
жарықаласыдиодтық, жылулық, сублимац., т.б. болып бөлінеді.
Принтердің негізгі техникалық сипаттамаларына оның айыру қабілеті,
басу жылдамдығы, материалдардың шығындылығы, фото басу
мүмкіндігі, т.б. жатады. Айыру қабілеті бір дюймге келетін нүктелер
санымен (қысқаша dpі) анықталады. Ағыстық П-лерде бұл шама 600 dpі-
ден 4800 dpі-ге дейін, кейбір модельдерде одан да жоғары болады.
Лазерлік, жарықаласыдиодтық принтерлердің айыру қабілеті әдетте
600 — 1200 dpі болады. Шығындылығы мен басу жылдамдығы жағынан
лазерлік және жарықаласыдиодтық принтерлер ағыстық
принтерлерден тиімдірек. Матрицалық принтерлердің шығындылығы аз
болғанымен, басу сапасы, жылдамдығы жағынан жоғарыда айтылған
принтерлерден нашар.
Модем
Модем (ағылш. modem, modulator-demodulator) — сандық сигналдарды
аналогтық сигналдарға айналдыратын және керісінше амал жасайтын
электрондық құрылғы.
Микрофон
Микрофон – бұл дыбыс жазуға арналған құрылғы. Микрофондар
дыбыстық толқындардыдыбыстық сигналдарға айналдырады,
дәлірек айтса акустикалық тербелісті электрлі тербеліске
айналдыратын құрал. Ол телефон және радиобайланысында,
теледидарлар мен радиохабарларын таратуда, дыбыс жазу
орындарында және күшейту жүйелерінде қолданылады.
«Микрофон» сөзі - гректің «микро» - аз, шағын, «фоне» - дыбыс
деген сөзінен шыққаныэтимологияда дәлелденген. Дыбыстық
тербелістерді қабылдап, бірден электрлі сигналғаайналдыратын
бірден-бір құрал. Яғни, микрофон алдында сөйленген сөз төменгі
жиіліктегі электр тогына өзгертіледі. Дыбыс ауа толқындарының
әсерінен тербеліске түсетін жұқа диафрагмакатушкаға тиеді.
Катушкаға диафрагма тиген кезде магнит өрісі пайда болады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz