ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЕСЕПТЕУІШ МАШИНА




Презентация қосу
КОМПЬЮТЕР.
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЕСЕПТЕУІШ МАШИНА

Орындаған: Кушмагамбетов Турар
Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық
есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала
белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже
шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде
компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың
негізгі қызметі — басқару болып табылады.
Жалпылама
«Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда есептеуіш , емептеуге арналған құрылғы дегенді
білдіреді. Компьютерлер есептеу операцияларының қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын ала
көрсетілген нұсқаулық – бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді. Есептеуіш техниканың қазіргі
тарихының негізі 1943 жылы «Марк-1» машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды.
Компьютерлердің алдыңғы буындары шамдық есептеуіш машиналар болатын, олардың орнын
транзисторлы электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ), содан кейін – интегралды сызбалар
пайдаланылатын электронды есептеуіш машиналар және ең ақырында, қазіргі таңда аса үлкен
интеграциялық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ басты.
Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық
бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын
немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге
компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс.
Компьютер архитектурасы алға қойылған мәселені, зерттеліп отырған физикалық құбылысты
максималды айқын көрсетіп, модельдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, электрондық ағындар бөгеттер
салу кезіндегі су ағынының үлгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Осылай құрастырылған аналогтық
компьютерлер XX ғасырдың 60-жылдары көп болғанымен, қазір сирек кездеседі.
Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық
терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде)
көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық
математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс
жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару
есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады.
Бірақ, компьютерлер кез келген математикалық есепті шеше алмайды. Компьютер шеше алмайтын
есептерді ағылшын математигі Алан Тьюринг сипаттаған болатын.
Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен
көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар, мониторлар, принтерлер және т.б.
Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше
«ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару
құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған
белгілі бір мән береді.
Компьютер атауы
Компьютер атауы — есептеу желісінде компьютерді (есептеу машинасын)
шатастырмай табуға мүмкіндік беретін, ұзындығы 15 латын символынан
аспайтын бірегей (өте сирек кездесетін) атау. Ол басқа есептеу машинасының
немесе есептеу машиналары бірлестігінің атауларымен дөп келмеуі керек және
оның құрамында бос орын болмауы тиісті.
Компьютердің
құрылысы
Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді»
және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада
көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен
механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған
белгілі бір мән береді.
Жүйелік блок

Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың
ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск,
қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар
орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта
жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер
және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы
жағында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды
(принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар
орналасқан.
Дисплей
Дисплей (монитор) – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.
Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды,
сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.
Пернетақт
а жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу
Пернетақта – компьютердің
үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен
компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі
компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы
бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы
орналасады.
Тінтуір

Тінтуір, кейде тышқан – «графикалық» басқару құрылғысы. Тінтуірді кілемшенің
үстімен жылжытқанда, экрандағы тышқанның нұсқағышы да сонымен қатар
қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тінтуірдің екі (немесе
үш) батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды
орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны
айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті немесе web-
парақты жоғары-төмен жылжытуға болады.
Принтер
Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше
түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты
(LED) принтерлер бар.

Ұқсас жұмыстар
Есептеуіш машиналар
Қалталық дербес компьютер
IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы жайында мәліметтер
Есептеу техникасының даму тарихы жайлы
Есептеуіш техникасының даму тарихы жайлы
Компьютердің архитектурасы
Джон Фон Нейман және оның компьютері
Бэббидж машинасы
Есептеуіш технтканың даму тарихы
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Пәндер