Алгоритм түсінігі
Презентация қосу
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: Стоматология
Дисциплина: Информатика
Кафедра: Қазақстан тарихы және қоғамдық гуманитарлық пәндер мен
психология және педогогика
Тақырыбы: Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру
Дайындаған: Серикова А.Т
Курс: 1
Тобы: 107
Тексерген: Умирзакова Ж
Ақтөбе 2015 жыл
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
a) Алгоритм түсінігі
б) Алгоритмнің қасиеттері
в) Блок- схема
г) Алгоритм түрлері
д) ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдері
III.Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Егер сіз берілген есепті шешу үшін қандай да бір программалау тілінде
программа жазғыңыз келсе, онда алдымен есепті шешудің алгоритмін құруыңыз
керек. Алгоритм – математикадағы ең бір іргелі ұғымдардың бірі. Алгоритм сөзі
ІХ ғасырда өмір сүрген, адамдардың квадрат теңдеулерді жүйелей құрып оны
шеше білуге үйреткен ұлы математик Әл- Хорезмидің атының латынша
жазылуы algorithmi сөзінен алынған. Осылайша алгоритм ұғымы математикада
ертеден қолданыла бастағанымен, математикалық теорияның объектісі
ретінде кейбір проблемаларды зерттеуге байланысты ХХ ғасырдың 30-шы
жылдарында зерттеле бастады.Алгоритм - математикада түрлі
тапсырмаларды шешуі үшін оның ережелерін қолданып, іс-қимылын көрсету.
Тапсырманы шешуде біріншіден не берілгенін, нені алуын және қандай іс-әрекет
кезектесіп жатқанын білу керек.
Алгоритм тек қана математикадағы ең басты түсінік болып келмейді, және
қазіргі кездегі ғылыми-техникадағы ең басты түсінік болып табылады.
Информатика заманының келуімен, алгоритмдер қазіргі өркениеттің маңызды
факторлары болып келеді.
ІХ ғасырдағы Орта Азияның ұлы
математигі Әл-Хорезми алғаш рет
арифметикалық амалдарды орындаудың
ережелерін жазған.
Алгоритм сөзі ұлы математик
Әл-Хорезмидің атына байланысты шыққан.
Алгоритм -орындаушының белгілі бір
мақсатқа жетуі үшін орындалатын
әрекеттер тізбегін айтады.
Ондағы әрбір әрекет оның қадамы, қандай
да бір әрекетті аяқтау туралы нұсқау
алгоритм командасы, ал атқарушы
жүзеге асыра алатын командалар
жиынтығы атқарушының командалар
жүйесі деп аталады.
Ақпаратты өңдеудің тиімді
алгоритмдерін құрастыру
информатиканың маңызды
теориялық мәселерінің бірі болып
табылады. Үстінен әрекеттер
орындалатын объектілер түрлі
табиғатқа ие. Есептеу
тапсырмаларында объектілер
ретінде сандар, ал геометриялық
есептерде – геометриялық
фигуралар, шахматта
шахматтық фигуралар және
позициялар алынады. Станокты
басқару алгоритмінде орын
ауыстырумен, айналу
жылдамдығымен, кесуші сайман
таңдаумен және т.б. жұмыс
істейді.
Алгоритмдердің негізгі қасиеттері:
Дискреттілік Анықтылығы Көпшілдігі Нәтижелілігі
Алгоритмдерді блок-схема түрінде көрсету
Алгоритмді көрсетудің ең көрнекті тәсілі блок-схема түріндегі
графикалық көрсету болып табылады. Алгоритм бұл жағдайда
блоктар тізбегі ретінде көрсетіледі. Әр блоктың ішінде осы блоктың
әрекетін түсіндіретін ақпарат орналастырылады .
Кез келген күрделі алгоритмдер үшін үш блок-схема құруға болады:
1. композиция немесе қозғалыс, сызықты алгоритм;
2. альтернатива немесе тармақталған алгоритм;
3. итерация немесе цикл, қайталанатын алгоритм.
Бірінші негізгі құрылым.
Композиция немесе қозғалыс
алгоритмі әр кезеңі тізбектей,
яғни сызықты орындалатын
есептеу процесін бейнелейді және
ондағы операторлар бір рет қана
орындалады.
Оператор деп қандай да бір
әрекеттер тізбегін орындауға
арналған жазбаларды айтады.
Екінші негізгі құрылым. Бұл - альтернатива немесе
тармақталу. Тармақталған алгоритм есептеуді таңдау
бастапқы шарттан немесе аралық нәтижеден тәуелді болатын
есептеу процесін бейнелейді.
Алдын ала қарастырылған бағыттар тармақтар деп аталады.
Шартты тексеру нәтижесі келесі мәндердің бірін қабылдайды
• ақиқат немесе жалған
• иә немесе жоқ
• 1 немесе 0.
Үшінші негізгі құрылым.
Қайталанатын алгоритм бір
типті, бірнеше рет
қайталанатын есептеу аймағынан
тұратын есептеу процесін
бейнелейді.
Циклдер қайталану саны белгілі
және қайталану саны белгісіз
болып бөлінеді.
Қайталану саны белгілі циклді
итерациялық цикл деп аталады.
Бұл құрылымның үш түрі бар:
"цикл - әзірше"
"цикл – дейін“
"цикл – параметрлі"
Циклде қайталанатын
операторлар тобын цикл денесі
деп атайды.
Алгоритмдік тіл дегеніміз – алгоритмдерді
біркелкі, дәл жазуға және оларды орындауға
арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі.
Алгоритмдік тілде пайдаланылатын сөздер
қызметші сөздер деп аталады.
Алгоритмдік тілдегі қызметші сөздер:
1. АЛГ – қызметші сөзі. Алгоритмнің басында, оның
атауының алдында жазылады.
2. БАСЫ және СОҢЫ – қызметші сөздері (begin, end).
Алгоритмнің басы мен соңында жазылады.
3. АРГ және НӘТ – аргументті және алгоритм
нәтижесін жазу үшін қолданылады.
4. ЕНГІЗУ және ШЫҒАРУ – берілгендерді енгізу және
шығару үшін қолданылады.
5. ЕГЕР, ОНДА, ӘЙТПЕСЕ, БІТТІ – қызметші сөздері
(if, then, else, end). Тармақталған командаларды жазу үшін
қолданылады (бітті – команданың соңы).
6. ӘЗІР, ДЕЙІН, ҚАЙТАЛАУ, ЦБ, ЦС – қызметші
сөздері (while, do, repeat, until, for, to, do). Қайталау
командаларын жазу үшін қолданылады.
Бағдарламаның құрамдас бөлігі
Паскаль тіліндегі бағдарламаның жалпы түрі:
PROGRAM аты;
VAR айнымалылар бөлімі;
BEGIN
оператор 1;
… …
оператор n;
END.
Бағдарлама стандартты тақырып Program сөзінен басталады.
Тақырыбын енгізгеннен кейін берілгендерді сипаттау орындалады.
Var сөзінен кейін бағдарламада кездесетін барлық айнымалылар
көрсетіледі және олардың типі (integer, real, boolean) көрсетіледі.
Әрі қарай Begin және End сөздерінің арасында операторлар
орналасады.
Мәліметтер типтері
byte { бүтін 0..255 }
shortint { бүтін -128..128 }
word { бүтін 0..65535 }
longint { бүтін –2147483648..2147483647 }
single { нақты, 4 байт }
real { нақты, 6 байт }
double { нақты, 8 байт }
extended { нақты, 10 байт }
boolean { логикалық, 1 байт }
char { символдық, 1 байт }
string { символдық жол }
Нақты тип
Бүтін тип
Алгоритмдегі стандартты функциялар
abs(x) — модуль
sqrt(x) — түбірді квадраттау
sin(x) —синус бұрышы
cos(x) — косинус бұрышы
exp(x) — экспонента ех
ln(x) — натуралды логарифм
round(x) — жуықтау шамасы
Алгоритмге мысалдар
Пернетақтадан енгізілген Х
санынын экранға шығару егер ол
5-тен кіші немесе тең болса.
Алгоритманің блок-схемасы
мына түрде болады .
Теңдеулер жүйесін шешу:
Егер Х = 8 болса, S айнымалысы қандай мәнге
ие болады?
Кейбір алгоримдердің компьютерлік программада берілуі
Қорытынды.
Сонымен алгоритм туралы мына төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:
•алгоритмдер әртүрлі есептерді шешу үшін пайдаланылады;
• алгоритмді атқарушыдан аз білім талап етілетіндіктен есеп шығаруды
айтарлықтай оңайлатады;
•әрбір алгоритм толық аяқталған әрекеттерді орындайтын атқарушыға арналған
командалардан тұрады;
• алгоритмдегі командалар атқарушының командалар жүйесінен алынады;
•санаулы әрекеттен кейін ғана алгоритмде іздеген нәтижеге қол жетеді;
•алгоритмдегі әрбір әрекет атқарушыға түсінікті және нақты болуы керек;
•бірнеше есептің шешімін табу үшін бір ғана алгоритмді пайдалануға болады;
•құрылған алгоритмді атқару есептің мазмұнына ой жүгіртіп оны талдауды
қажет етпейді, тек командаларды формальді орындай береді;
•алгоритм әрбір атқарушыға арналып құрылады;
•алгоритмнің командалары атқарушыға түсінікті және орындалатын болуы тиіс;
•алгоритмді атқаруды тек адамға емес компьютерге де жүктеуге болатындығы
есептеу процесін автоматтандыруға мүмкүндік береді
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қажиакпарова Ж.С. Есептеу техникасы
Алматы, 2007,-22 б
2. Оқушы анықтамасы: информатика : 17-11
сыныптар.2009ж
3. Сыдықов Б. Негізігі мектепте математиканы
оқыту.2008ж
4. Шәріпбаев А. Информатика: Оқу құралы.-
Астана: Нұржол,2005ж
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz