БЮДЖЕТТІК ТАПШЫЛЫҚ




Презентация қосу
9 – ТАҚЫРЫП.
БЮДЖЕТТІК ТАПШЫЛЫҚ
Қарастыратын сұрақтар:

1. Ішкі және сыртқы мемелкеттік қарыздар.
Мемлекеттік қарыздар салдары.
2. Мемлекеттік бюджет құрылымы.
Мемлекеттік бюджетті теңестіру.
3. Бюджет тапшылығы және оның түрлері.
4. Мемлекеттік бюджеттің алғашқы
тапшылығы және қарыздың өзіндік қайта
өндіру тетігі.
5. Мемлекеттік бюджет тапшылығын қайта
қаржыландыру.
6. Мемлекеттің қарызын басқару
Мемлекеттік сектор – осы заманғы
экономикалық құрылымның ажырағысыз
элементі. Мемлекеттік сектордың негізгі
функцияларының бірі – қоғамның саяси
және экономикалық тұрақтылығын
қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік
жағдайын жақсарту.
Мемлекеттік бюджет – әдетте бюджеттік
жыл деп аталатын, әрдайым бола бермесе
де бір күнтізбелік жылға тең белгілі бір
уақыт аралығындағы үкімет кірісі мен
шығысының жиынтығы.
Мемлекеттік бюджет кірісінің негізгі көзі – салық.
Ол үш категорияға бөлінеді: табыс салығы;
шығыс салығы; мүлік салығы .
Мемлекеттік бюджеттің шығысы. Мемлекеттік
шығыстар ұлттық қорғаныс шығыстары,
әлеуметтік шығыстар, халық шаруашылығының
шығыстары және мемлекеттік борыштарды өтеу
шығыстары деп үлкен төрт топтарға бөлінеді.
Мемлекеттік бюджеттің сальдосы.
Мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысы
сәйкеспеуі мүмкін. Олардың арасындағы
айырмашылық мемлекеттік бюджеттің
сальдосын құрайды.
Мемлекеттік борыш – мемлекеттік бюджет
тапшылығына байланысты жинақталған
сома.
Мемлекеттік қарыз – өткен уақыттағы бюджет
тапшылығы сомасына тең болатын үкіметтің
мемлекеттік құнды қағаздар иелері алдындағы
қарызының жалпы көлемі.
Ішкі мемлекеттік қарыз – үкімет шығарған құнды
қағаздар иесі болатын жеке тұлғалар, фирмалар,
мекемелер алдындағы мемлекет қарызы.
Сыртқы мемлекеттік қарыз – мемлекеттің шет
ел азаматтары, мекеме, фирмалар, алдындағы
қарызы.
Жеке қарыз – мемлекеттік емес сектордың құнды
қағаздар иелері алдындағы қарызы.
Мемлекеттік және жеке қарыз – «табыс-
шығын» айналымының элементтері. Табыс өссе,
қор жинақтау да өседі. Қарызды туғызу – қор
жинағының шығын жасаушыларға берілуі.
Мемлекеттік бюджет құрылымын біршама
факторларға: ЖІӨ-ді бөлуге, экономикалық,
әлеуметтік, табиғи және мемлекеттік саясат
түрлеріне және т.б. байланысты.
Мысалы унитарлы құрылымдағы Франция,
Великобритания, ТМД елдерінде бюджеттік
жүйе мемлекеттік және жергілікті болып
бөлінеді.
Ал федераладық: АҚШ, ФГР, Швейцария,
Ресей Федерациясы елдерінде тағы ортаңғы
бөліктер бар. Бюджеттік жүйе арқылы бөлу
және бақылау секілді бюджеттік функциялар
атқарылады. Бақылау салық ұйымдары, ҰБ
арқылы жүргізіледі.
Бюджет тапшылығы– мемлекеттік шығын
мен табыс айырымы. Тапшылық пен
қарызды сандық түрде бағалау келесі
факторларға байланысты қиын:
1) мемлекеттік шығынды есептегенде,
мемлекеттік сектордағы амортизация
есептелінбейді. Содан бюджет тапшылығы
мен мемлекеттік қарыз өседі;
2) қарыздар беру қызметі. (қарыз
амортизациясы).
3) мемлекеттік бюджет тапшылығын
макродеңгейде бағалауда жергілікті
бюджет жағдайы. Жергілікті ұйым салықты
аз төлеу үшін жергілікті бюджетті дұрыс
көрсетпейтін статстикалық ақпарат береді.
Содан бюджет тапшылығы артық
көрсетіледі.
4) жасырын тапшылық болуы мүмкін. Ол
Орталық банктің, коммерцбанктердің,
мекемелердің квазифискалдьі
(квазибюджетті) қызметіне байланысты
(нарық заңдарынан тыс, ерекше шаралар).
Мемлекеттік шығын – мемлекеттік қарыз
бойынша тек нақты пайызды қамтуы керек.
Мемлекеттік шығын = rr D.
Мұндағы – rr нақты пайыз мөлшерлемесі,
rr қарыз
D – мемлекеттік D шамасы.
Ресми есеп берулерде бюджеттік тапшылық
π·D - шамасына артық етіп көрсетіледі.
Фишер теңдеуі бойынша: π = rn – rr.
Мұндағы – rn атаулы пайыз
мөлшерлемесі.
Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыздардың
абсолют шамалары сенімді макроэкономикалық
көрсеткіш болуы өте қиын. Сондықтан ол үшін:
– қарыз / ЖІӨ;
– қарыз/ тауар және қызмет көрсетулер экспорты;
– қарыздар бойынша қызмет көрсетулер сомасы /
ЖІӨ;
– қарыздар бойынша қызмет көрсетулер сомасы /
тауар және қызмет көрсетулер экспорты;
– ЖІӨ/ел тұрғындары саны;
– қарыз/ ел тұрғындары саны секілді салыстырмалы
көресеткіштер қолданылады.
Мемлекеттік бюджеттің бастапқы
тапшылығы жалпы тапшылық шамасы
мен қарыздар бойынша пайыздық
төлемдер сомасының арасындағы
айырманы білдіреді. Бастапқы
тапшылықты қарыздық қаржыландыруда
қарыздың негізгі бөлігі мен оның қызмет
көрсету коэффициенті өседі. Одан
экономикада қарыз салмағы өседі.
Жалпы BD=(G+N+F-T) = мемлекеттік сатып
алулар + қарыз бойынша қызмет
көрсетулерге төлем +трансферттер -
бюджетке салық түсімдері.
Бастапқы BD=(G+F)-N, мұнда N=D*rR
Мұндағы:
N- қарыз бойынша қызмет көрсетулерге
төлем;
D- қарыз шамасы;
rR - нақты пайыз мөлшерлемесі.
Мемлекеттік қарыздың өзін
ұлғайту механизмі:
Бастапқы BD мемлекеттік қаражаттар
мемлекеттік қарыз N да жалпы BD
ол барып жаңа мемлекеттік қаражаттарды
ол өз кезегінде қарызды көбейтеді, және т.б.
Егер нақты пайыздың мөлшерлемесі нақты ЖІӨ-
нің өсу қарқынынан асып кетсе, онда
мемлекеттік қарызды басқару мүмкін болмай
қалады.
Қарыз салмағы көрсеткіші төмен болуы үшін:
а) ЖІӨ–ге қарағанда нақты пайыздың
мөлшерлемесі төмендеу болуы қажет.
б) ЖІӨ–дегі бастапқы бюджет
артықшылығының салмағын тұрақты
ұлғайту қажет.
Рахмет !!!

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі және оның экономикалық мәні
Экономиканы бюджеттік реттеу
БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖӘНЕ БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР
Мемлекеттің бюджет жүйесі
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ҚР Үкіметінің тұрақты экономикалық өсуді және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге арналған дағдарысқа қарсы ден қою шаралары»
Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу
Салықтар ұғымы мен әлеуметтік-экономикалық мәні
Пәндер