Ағымдық жинақ салымдары




Презентация қосу
Депазит нарығы
3 Депозит нарығы
3.1 Депозит нарығының экономикалық мәні мен ролі

Кез келген қаржылық институт шаруашылық субъект ретінде өз қызметін жүзеге асыру үшін ғимарат, құрал–жабдықтарды, техниканы
сатып алу үшін, айналмалы капиталды қалыптастыру үшін, жұмысшыларға еңбекақы төлеу үшін және бюджетке міндетті төлемдерді
төлеу үшін ақша – қаражаты керек. Жоғарыда аталған шығындар меншікті қаржылар есебінен немесе тартылған қаржылар есебінен
қаржылануы мүмкін, қаржылардың көп бөлігін жеке және заңды тұлғалардың салымдары немесе депозиттер құрайды.
Депозиттік операциялар алғашқыда алтын монеталарды жақсы сақтау формаларында болған. Монеталар иесі сақтау үшін белгілі
мөлшерде сыйақылар төлейтін болған. Ал сақтаушы өз ретінде оған сақтауға берілген монеталарға ғана жауапты. Мұндай жағдайда
сақтаушы салынған монеталарды айналысқа жіберуге және пайда түсіруге құқығы болмаған. Уақыт өткеннен кейін монеталар иесіне
тек сақтауға берілген монеталар көлемі қайтарылады. Кейіннен сақтау мерзімдері ұзартылды.
Соған байланысты сақтаушылардың несие беру мүмкіншіліктері артты. Оған дейін олар несиені тек өз қаражаттарынан берген,
мүмкіншіліктері аз болған. Ал енді несиені тартылған қаражаттардан беретін болған, сәйкесінше несиені беру мүмкіншіліктері кеңейді.
Несиеден түскен пайыздар түріндегі пайда ақша иелеріне сомаларын қайтаруға мүмкін болды.
Қазіргі кезде депозиттік операциялардың әр түрлі формалары мен түрлері бар, олардың түрлері шетелде де кең қолданылуда. Бірақ,
кез келген қаржылық институттардың негізгі мәселесі несиелік ресурстар көлемін салымшыларды тарту арқылы көбейту болып отыр.
Ақша жинақтаушы функциясын атқара отырып, шаруашылық субъектілердің жинақтаушысы депозитке айналады. Депозит
салымшылардың барлық салым түрлерін қамтиды. Оларда орналасатын қаражаттар көзі әр түрлі болып келеді. Оларға: корпоративті
клиенттердің, мемлекеттік кәсіпорындардың шоттардағы қаржылар, жұмысшылардың уақытша бос ақшалары жатады. Бүгінгі күнде
коммерциялық банктер депозиттердің әр түрлілерін ұсынады. Қазақстан Республикасының банктік тәжірибесі келесідей депозит
түрлерін ұсынады:
1.талап еткенге дейін депозит немесе чектік депозит – міндетті өтеу бойынша салымшыға чек жазып шығаруға құқық береді. Бұл
депозиттің қолайлығы талап еткенде қаражат алу мүмкіндігімен түсіндіріледі. Чектік депозиттер қымбат есептік операцияларды қажет
етеді. Сондықтан көптеген банктер бұл қызмет үшін белгілі төлемді орнатады. Оның мөлшері депозит мөлшерімен және 1 айда
жазылып шығарылатын чектер санына байланысты өзгереді. Кейде банктер бұл қызмет үшін төлемді алмайды, егер салымшы ай
ішінде өз шотында жеткілікті түрде қалдық қалдырса, мысалы 60, 90, 120 күндік ссуда беруге және контокоренттік несиелер беруге.
Чектік депозиттің негізгі типі талап еткенге дейін салым болып табылады. Оның келесідей ерекшеліктері бар:
- ақша салымы шектеусіз, кез келген уақытта бөліп – бөліп немесе толықтай алынады немесе салынады.
- Шоттағы ақшалар қолма – қол және қолма – қол емес формасында алынуы мүмкін.
- Банк шот иесіне ай ішінде қолданған ақшалары үшін коммиссиондық сыйақы бекітеді.
- Банк пен клиент арасында бекіткен нормалар бойынша, егер клиент ол нормаларды ұстаса, банк клиенттен шотты пайдаланғаны
үшін коммиссиондық төлемдерді алмайды. Егер клиент нормаларды бұзса, банк клиентке барлық операциялық алымдарды төлетеді.
- Талап еткенге дейінгі депозит бойынша банк Ұлттық банкте міндетті түрде минималды резерв ұстауға міндетті.
Көптеген банк клиенттері бұл депозит
түрі бойынша ақша қалдығын минималдауға тырысады, өйткені пайыздық табыс төленбейді. Минималдаудың бір әдісі ол – автоматты
тазалау болып табылады. Банк клиент шотын ақша қаражаттардан тазартады. Банк ақша ресурстарын табыс әкелетін қаржылық
инструменттерге салады. Мұндай операциялар банкпен жұмыс күнінің соңында жүргізіледі және бұл операция, керісінше, болады.
Минималдаудың келесі әдісі, оның мәні ақша ресурстарын АТС шоттарында орналастыру. Бұл депозит түрі,
ақша қорларын жинақтаушы шоттардан депозиттік шоттарға автоматты түрде аударуға мүмкіндік береді. Банк
клиентпен келісе отырып, табыс әкелетін шоттан талап еткенге дейінгі депозитке аударады. Мұндай тәжірибе
салымшыларға депозитте минималды соманы ұстап тұруға және автоматты аударулардан пайыз алуға мүмкіндік
береді.
Талап еткенге дейінгі салымның келесі түрі – контокорент – біркелкі шот, мұнда банктің барлық аударымдары
мен төлемдері көрсетіледі. Бұл шотты кейде активті – пассивті контокорент бойынша кредиттік сальдо клиенттің
өз меншікті ресурстарына иемденеді, ал дебиттік – айналысқа тартылған ақша ресурстары енгізілген, клиент
банк қарызгері болады. Кредиттік сальдо бойынша – банк клиент атына пайыздар аударады, ал дебиттік сальдо –
банк пайыздарды өз атына аударады. Дебиттік сальдо бойынша пайыз ставкасы жоғары болады. Мұндай шоттар
тек сенімді клиенттерге және бірінші класты қарыз алушыларға сенім белгісі ретінде ашылады.
Талап ету бойынша депозиттің овердрафтпен ағымдық шоттар түрінің мәні – банк пен клиент
арасында көшірмедегі сомадан артық соманы жазып шығару болады, ол кейде несиелік қарыз деп атайды.
Контокорент шотына қарағанда овердрафт мүмкін сипатта болады. Овердрафтпен ағымдық шот жеке және
заңды тұлғалардың уақытша алымдарын жабу үшін ашылады.
Кей жағдайларда банктер клиенттерінен талап еткенге дейінгі салым бойынша компенсациялық баланста
табыс әкелмейтін пайыз түрінде талап ете алады (бұл банк өз міндеттемелерін өтеу үшінқажет).
Талап еткенге дейінгі депозитке келесілер жатады:
- заңды тұлғалардың банктегі ақша қаражаттары, мемлекеттік бюджет қаражаттары;
- өтелімдегі ресурстар;
- банктердің өзара корреспондентік шоттары.
2. Жинақтаушы салымдар. Бұл салым түрі халықпен жүргізілетін операцияларда қолданылып, өтімді салым үшін
кішігірім жинақтар үшін арналған. Талап еткенге дейінгі депозиттен айырмашылығы төлемдерінде, шоттан ақша
алумен, пайыздарды санаудың жиілігінде. Кейде пайыз бойынша салықтық жеңілдіктер
болады. Қазіргі Қазақстан Республикасының банктерімен ұсынылатын жинақтаушы депозиттер бойынша олар:
жинақ кітапшаларындағы жинақтық шоттар, жинақ салымы туралы ақпараты бар шоттар және депозиттік
шоттар.
Жинақ кітапшаларындағы шоттар пайызын тез арада алуға болатын чектік емес депозит.
Олардың ерекшеліктері келесілерден тұрады:
- кітапшадағы жинақтық салымның бекітілген мерзімі жоқ;
- банктер алдағы кезеңде ақша алымы туралы алдын–ала ақпараттауды талап етеді;
- мұндай шоттар бойынша жоғарғы шектеу болады;
- клиент ақша алуда жинақ кітапшасын ұсынуы керек;
- жинақ кітапшасы шотта минималды қалдықты талап етпейді.
Жинақ салымы шоты туралы көшірмесі жинақ кітапшадағы шотқа сәйкес келеді. Олар бойынша процент
төленеді, дәл сондай функция атқарады. Оның бір ерекшелігі – олар бойынша жинақкітапшасы қолданылмайды,
жинақ салымы туралы толық ақпарат тек көшірмеде көрсетіледі. Бұл процедура клиентті әр
түрлі қосымша қызметтен босатады, клиент банкпен пошта арқылы байланыса алады.
Қазақстан нарығында жинақ депозиттерінің келесі түрлері ұсынылады:
- Мерзімді жинақ салымдары, ол бойынша фиксерленген мерзімі орнатылған, не орнатылған мерзімде ақша
шоттан алынбайды, оған үлкен пайыздар төленеді;
- Мерзімді қосымша салыммен, яғни қосымша салым салынады;
- Жинақ салымы қосымша төлемдермен. Бекітілген мерзімдерде кезеңді түрде ақша қосымша салынады және
алынады.
- Ағымдық жинақ салымдары. Олар еркін түрде ақшалар алынып салынады. Бірақ пайыздар төленбейді. Олар тек
материалдық көмектерге жұмсалады:
- Ақшалай – тауарлық ұтыстар.
- Жастық – премиалды.
Мерзімді салымдар – бекітілген мерзімі бар салым түрі. Алдын – ала өтеу үшін айыппұл төленеді, ал сыйақылар
салым мерзімі мен көлеміне байланысты есептеледі. Салым мерзімінің шегі бар: 1жылдан – 5 жылға дейін және
жоғары не төмен. Банктер мұндай салым түрін көбірек тартады, өйткені салымның сомасы тұрақты болады, ал
оны ұзақ мерзімді операцияларға жұмсау мүмкіншілігі бар. «Мерзімді салым» атына сай қатаң бекітілген өтеу
мерзімі бар. Бұл басқа салым түрлерінен ерекшелігі болып табылады. Кейде банктер салымшыларға мерзімді
депозиттен мерзіміне дейін салымдарын алуға рұқсат етеді, бірақ ол үшін белгілі мөлшерде айыппұл төленеді.
Мерзімді салымның 2 негізгі типі бар:
- алымсыз
- алдын – ала хабарлап алынатын алым
Алымсыз мерзімді салым – мерзімі 1 ай, салымшылар үлкен пайыздар алады, салым сомасы салымшы келісімде
көрсетілген мерзімде қайтарылады. Ал банк келісімде көрсетілген мерзімде салым сомасымен толық түрде
пайдалана алады.
Бұл салым мерзімдері келесідей:
- 30 –89 күнге дейін
- 90 – 179 күнге дейін
- 180 – 359 күнге дейін
- 360 күннен аса
Мерзімді салымда алдын ала хабарлау арқылы алынатын салым – банкке арнайы өтініштің келіп түсуін талап
етеді. Өтінішті беру мерзімі келісімде көрсетіледі. Осы мерзімге байланысты пайыз мөлшерлемелері
орнатылады. Өтініш бойынша банк өзінің актив операцияларын басқа қаржыландыру
көздерінен қайта қаржыландырады, өйткені банкке салымды алу шығын болады, бірақ банктіңклиенттің табысын
азайтуға құқығы бар.
Бүгінгі күнде банктер бұл қызметке басқа көз–қараспен қарайды, олар бүгін де клиенттің салымды алғанға дейін
күтпейді. Қосымша ақша ресурстарын алу үшін, олар пассивпен басқарылатын қаржы инструменттерінің
жиынтығын қолданады. Оның артықшылығы ол тез арада белгілі көлемде ақша ресурстарын алуға мүмкіндік
береді. Мысалы: шетел тәжірибесінде мұндай пассивтерге–депозит сертификаттары мен банктік бондар
қолданылады.
Депозиттік сертификат – банктің эмитенттің жазбаша куәлігі. Ол бойынша банк клиенті немесе оның
сенімді тұлғасы салымның мерзімі біткеннен кейін пайызын алуға құқығы бар. Ол табыстылық бағалы
қағазы болып табылады. Сондықтан сатылған тауар, не қызмет үшін есептесетін құжат бола алмайды.
Әлемдік тәжірибеде депозиттік сертификаттың келесі түрлері анықталады:
- аударылмайтын – клиентте сақталып, мерзімі келгенде банкке ұсынылады. Олар кез-келген мерзімге
капитал салымын тиімді салуға, кейде сертификаттарды ақшаға тез арада айналдыруға мүмкіндік береді.
- Аударылатын екінші ретті нарықта сатылып, басқа иегерге өту мүмкін.
Шығару әдісіне қарай депозиттік сертификат:
- бір рет қана шығарылатын
- сериялы түрде шығарылатын болып бөлінеді.
Толтыру әдісіне қарай:
- атаулы
- ұсынушыға қарай ажыратылады.
Төлеу шарттары бойынша:
- мерзіміне дейін пайызы жиі төленіп отыратын сертификат
- сертификаттың өтелу күнінде төленетін пайыз
Банк сертификаттарды шығара отырып, олардың шығарылу шарттары мен орналастырылуын тәуелсіз
түрде қарастырады. Сертификаттың депозит келісім- шарттарынан артықшылығы:
- сертификаттарды көп тарату арқылы потенциалды инвесторлардың көлемін арттыруға;
- екінші ретті нарықта сатылу арқылы, одан белгілі көлемде пайда табуға мүмкіндік береді.
Ал кемшілігі: банк сертификат эмиссиясына белгілі көлемде шығындалады.
Банктік бондар - ұзақ мерзімді міндеттеме, ол бойынша банк пен оның филиалдарының жеке тұлғалардан
салым алып, мерзімінде қайтарылады. Оның мерзімі ұзартылу мүмкін. Олар екінші ретті нарықта
айналмайды. Ол бойынша пайыздар жыл сайын белгілі кезең бойынша есептеледі. Пайыз мөлшері не
бекітілген не өзгеруі мүмкін. Банктік бондар атаулы және ұсынылатын болуы мүмкін.
Депозиттің негізгі қызметінің бірі банкаралық депозит – ол банкпен қаржы институттарына ұсынылады. Ал
олар мерзімді және талап еткенге дейін болып бөлінеді. Мұндай операциялар баланс өтімділігін және
есепті реттеу үшін жүргізіледі. Басқа банктердің салымын ұстайтын банк, салымды баланстағы «лоро»
шотындағы қарыз деп есептейді. Мұндай депозит басқа банктерде бар банк оны «ностро» шотындағы
актив деп қарастырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк өзінің ақша – несие саясатын жүргізе отырып, депозиттерді
өтімділігі, аударылатын, аударылатыны бойынша жіктелінеді.
Аударылатын депозит – ол нақты ақшаға шектеусіз және айыппұлсыз аударылатындар. Олар чек тратта
арқылы аударылады, төлемдер ретінде кең қолданылады.
3.2 Қазақстан Республикасының депозит нарығының құрылымы

Жоғарыда атап өткендей, әр мемлекеттің нарығының өз ерекшеліктері бар.
Қазақстан Республикасының депозит нарығын институттардың және қаржы
нарығының инструменттерінің көзқарастары арқылы қарастыруға болады.
Институтционалдық құрылымы бойынша – ол бақылау органдары мен қатысушы
субъектілерді реттеу жүйесі болып табылады. Депозит нарығында қаржы
институттары ретінде салымды тартатын ұйымдар қатысады.
2002 жылдан бастап, Қазақстанда жеке тұлғалардың салымын кепілдендіру
қоры қызмет етуде. Оның құрылтайшысы мен акционері - Ұлттық Банк. Қор Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банк бекіткен ережелері бойынша қызмет етеді. Осы
ережелерге сай қор қатысушылары болып, екінші деңгейлі банктер бола алады.
Негізгі депозит институты болып – коммерциялық банктер болып табылады.
Олар өз қызметінің 80% тартылған қаражат есебінен болады.
3.3 Қазақстан Республикасындағы депозиттерді сақтандыру жүйесі

Халықтың жинақтарының өсімі олардың сенімділігі мен тұрақтылығының кепілі болатын,
олардың өтімділігі мен несие қабілеттінің бекітуінің негізгі факторы болып табылады. Ал
халықтыңжинақтарын комплексті және қорғау жүйесі заңдылық, административті, реттеуші
инструменттерінен тұрады.
2000 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қаулысы мен
акционерлік қоғам түрінде екінші деңгейлі банктің салымшыларының құқығын қорғау
мақсатымен құрылған жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қоры қызметін атқара
бастады. Аталған жүйеге бекітілген талаптармен бағыттарға сәйкес келетін коммерциялық
банктер кіреді:
- әлемдік стандартқа өту үшін бағдарламаға енгізу;
- бекітілген нормативке сәйкес қаржылық капиталының болуы;
- қорға өтінішті бергеннен кейін 3 ай шегінде пруденциялық нормативтерді сақтау. Сонымен
қатар осы 3 ай ішінде К1 мен К2 коэффиценттінің 0,06 және 0,12 кем болмауы керек;
- берілген сұрақ бойынша ұлттық банктің рекомендациясының болуы;
- ұлттық банкте аудиторлық ұйымдармен бекітілген банктің жылдық есебінің тізімінің болуы.
Қорға кіру үшін өтінішті банк бергеннен кейін, Қор ұлттық банктің ұсынысымен коммерциялық
банктің берген құжаттарымен талдау жасайды.
Шешім өтініш берілген күннен бастап 1 ай ішінде шығарылады. Егер 15 календарлық күн
ішінде банк қорға 0,375% көлемінде теңге, доллар, евро валютасында жеке
тұлғалардың салымдарынан аударса, есепті айдың кейінгі кварталда банк қор қатысушысы
болып табылады.
Банк қорға кірмеген кезде банк екінші өтінішін беріп, үш айда қатысушысы бола алады. Егер
сақтандыру жүйесінің қатысушысы банк болған кезде, банктің бас офисінде Қордың логотипі
орнатылады.
Салымдарды сақтандыру жүйесінің объектісі болып осы жүйеге қатысушы банктен жеке
тұлғалардың салымдары.
Депозиттерді сақтандырудың объектісі болып табылмайтындар:
- ұсынушыға салымдары;
- банкке сенім арқылы берілген ақшалар;
- заңды тұлға болып табылмайтын кәсіпкерлік қызметпен айналысатын
тұлғалардың салымдары;
- банк ие үшінші тұлғалардың алдында міндетті болып табылатын кепілді
салым;
- 5% акция үлесі бар банктің акционерлерінің және жұмысшыларының салымы;
- кепілді талап етілетін салымдар т.б.

Салымшылар салым саласы мен оған есептелетін пайыздарды сақтандыра
алады. Егер олар негізгі салым сомасын бекітілген шарттар бойынша өсіруге
бағытталса, пайыздарды сақтандырады.
Қордың банк қатысушылары Қор резервін Ұлттық Банктің бекіткен
ережелеріне сәйкес салымшыларға төленетін төлемдер есебінен міндетті түрде
календарлық төлемдермен толтырады. Календарлық төлемдердің ставкасы банк
қатысушының қаржылық жағдайына қарай әрқайсысына индивидуалды түрде
орнатылады. Банк – қатысушылар календарлық төлемдерін тұрақты төлеп
отырмайды. Өйткені қор төленетін төлемдердің максималды сомасын
орнатады. Әр түрлі банктердегі салымдар жеке–жеке кепілдендіріледі.
Олардың кез келгенінің жабылуы болған кезде, салым бойынша қайтару сомасы
тек осы банкте орналасқан барлық депозит салалары пайдаланылады. Егер банк
жабылған кезде де салым бойынша төлемдерді төлегеннен кейін, қор өтеу
сомаларын төлемейді. Бүгінгі күнде салымшылардың салымын
сақтандыру өтемақысы 5000000 теңге.

Ұқсас жұмыстар
Депозит нарығы туралы
Кәсіпорынның инвестициялық – инновациялық саясаты
Тауарға тауар ауыстыруды жүзеге асыру үшін өткен ғасырдың белгілі ағылшын әкономисті, әкономикалық теориядағы шекті пайдалылықтың және математикалық мектептің негізін қалаушы
Депозит нарығы
КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕР
Инновациялық жобаны іске құрылғылардың асырудан алынатын таза табыс амортизациясымен таза пайданың және инвестицияның өтелу мерзімі
БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС ЖАЙЛЫ
Өндірістік шығындар
Ағымдық шифрлеу Өзі синхронизацияланатын шифрлер Синхрондық шифрлеу
Банк операциялары
Пәндер