Мемлекеттік каржы несие жүйесі және салық саясаты




Презентация қосу
Батыс Қазақстан М.Оспанов атындағы
мемлекеттік медицина университеті
Кафедра: Қазақстан тарихы және қоғамдық гуманитарлық
пәндер кафедрасы

Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Мемлекеттік каржы несие жүйесі және
салық
саясаты

Орындаған:
Султанов Р.А.
Тексерген:
Аликулова Н.С.
Мемлекеттік қаржы несие жүйесі және
оның саясаты. Қаржыландыру дегеніміз
ұлттық экономика мен оның көптеген
салаларын дамытуға, әлеуметтік мәдени
шараларға, қорғанысқа және басқа да
қажеттіліктерге (қоғамдық) жұмсалатын
шығындарды қажетті қаржы
ресурстарымен қамтамасыз ету. Ал несие
белгілі бір мерзімде (қысқа, ұзақ мерзімді
несие) пайыздық үстемемен қайтару:
шарттағы келісімге сай ақшалай қаржы
беру (мысалы, банк үшін) немесе қаржы алу
(мысалы, фирма үшін).
Күрделі қаржыны пайдалану үшін қаржы қаражат көздерін
анықтап отыру қажет. Содан үкімет қаржы министірінің
құзырымен фискалдық саясат жүргізеді. Үкіметтің фискалдық
саясаты, алдымен, мемлекеттің кірісін көбейтуге бағытталады,
сонымен қатар мемлекеттің шығын деңгейін анықтайды. Ол
былайша жүзеге асады:
а) үкіметтің экономикалық мақсаттары анықталады;
ә) мемлекеттің кірістері мен шығыстары (бюджет балансы)
арасындағы оңтайлы баланс бойынша шешім қабылданады;
б) көрсетілген мақсаттар арнасына қарай барынша мол
қайтарым есебімен нақты шешімдер қабылданды. Мысалы,
мұнай өнімдеріне салық салық мөлшері көбейтіліп болмаса
белгілі бір баптардың шығындары азайтылыуы мүмкін.
Фискалдық саясат шаралары ақша несие саясаты шараларымен
тығыз байланыста. Өйткені ол макроэкономикалық реттеудің
басты құралы болып табылады. Ақша несие саясаты дегеніміз
айнымалыдағы ақша массасынның пайыздық мөлшерлемесі,
айырбас бағамы көлемімен қатар несие ресурстары көлеміне
қатысты саясат. Оның тиімділігі белгілі уақыттан кейін кешірек
байқалады.
Жалпы алғанда, қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу
және қайта бөлу екі түрлі амалмен жүзеге асырылады:
а) қаржы ббюджет амалы табысты бюджетке алу жіне
қайтарымсыз бюджеттен қаражат беру үшін қолданылады;
б) несие банк амалы уақытша бос ресурстарды жинақтап,
қайтарым негізінде несие беру.
Қаржыны ерекше бір қызметі бақылау мен ынталандыру. Содан
барып қажылық бақылаудың қаржылық шаруашылық, қаржылық
бюджеттік, несиелік банктік бақылау түрлері қалыптасқан.
Қаржының экономикалық рөлі мынада:
Капитал айнымалымен жеделдете отырып, фирмалардың
өндірістік қызметінің өсуіне сеттігін тигізеді;
Кіріс пен шығыс тұрақты түрде есептеу жолымен фирмалардың
коммерциялық есептерін көбейтеді;
Ақша қаражаттары қорларын бөлу және қайта бөлу жолымен
оңтайлы экономикалық дамуды қамтамасыз етеді;
Ұллтық табыстың тұтыну және қорланудың ыңғайлы қорлары,
экономикалық негізін қалыптастырады;
Ұлттық экономикада қаржы түрлі меншік және шаруашылық
формалардың дамуына көмектеседі.
Қаржы жүйесінде орталықтандырылған және орталықтанбаған қаржы
бөліктері бар. Орталықтанбаған қаржыға кәсіпорындардың,
ұйымдардың және фирмалардың комерциялық және коммерциялық
емес құрылымдарын, басқа да түрлі салалардың ақшалай қаражат
қорлары жатады. Бұл өндіріс үдерісіне қызмет етіп, материялық игілік
пен қызметтің алғашқы бөлінуіне қатысады.
Ал орталықтандырылған қаржы мемлекеттік жүйемен бюджетпен
түрлі қорлар мен несие көздерінен құралады. Қaржы жүйесінің басты
бөлігі мемлекеттік бюджет және ол ұлттық табыстың бөлінуін қайта
бөлінуін мына бағыттарда іске асырады:
а) салааралық бөлу;
ә) аумақты бөлу;
б) сектораралық (кооперативтік мемлекеттік сияқты) бөлу;
в) өндірістік және өндірістік емес жүйелерде бөлу;
Қазақстан жағдайында қаржы жүйесін құру мына ұстанымдарға
иеленген: мемлекеттік бюджнттердің барлық деңгейіндегі
экономикалық еркіркіндік, мемлікет ішіндегі барлық бюджет
даңгейіндегі өзара әрекеттерді біріктірген біріккен келісім арқылы
жүргізу мақсатты бюджет қорын құру және қаржы ресурсттарын
әдейі құрылған қорларға беру.
Қаржы жүйесіне кіретін ұйымдарға қаржы министірлігі,
қазынашылық, жергілікті қаржы басқармалары, фирмалар мен
кәсіпорындардың қаржы бөлімдері, бақылау ревизия
басқармалары жатады.
Несиенің дамуы тауар ақша қатынастарымен тығыз
байланысты, ал несие операциялары төлемдік қаражат
есебіндегі ақша қызметтерінің бірі. Бүгінгі жағдайда несие қарыз
капиталы ретінде қаралды. Капитал айналымында бір фирмада
ақша жетпей жатса, екіншісінде бос ақша пайда болады, ол
несие көзіне айналады.
Фирамлар мен бірлестіктердің уақытша бос қаражаттары
мыналардан тұрады: амортизациялық қор; еңбек ақы қор;
шикізат, отын және минералдар сатып алуға арналған
қаражаттар; қорлану және арнайы қорлар.
Несие жүйесінің ұйымдарына банктер және банкілік емес
несие қаржы ұйымдары кіреді. Соғңысына ұор биржалары.
өмірмен мүлікті қауіпсіздендіру компаниялар, зейнеткерлік
қорлар және басқалар жатады.
Несиелік қатынастар әр түрлі және олардың формаларына:
коммерциялық несие, қысқа және ұзақ мерзімдік несие, банктік
несие, мемлекеттік несие, ауыл шаруашылығы несие,
ипотекалық несие, халықаралық несие, тұтынушылық несиесі
жатады. Қазақстанда несиелік қатынастар кеңінен дамып
келеді. Мысалы: екінші деңгейдегі банктердің кіші кәсіпкерлік
субъектілеріне берген несие мөлшері үнемі артып отырады.
Қазақстанның салық кодексі. Салық дегеніміз заңды және жеке
тұлғалардан міндетті түрде мемлекеттің алатын салықтар мен
алымдар. Ол әрбір мемлекеттің экономикалық тұрғыдан өмір
сүру нышаныны, тауар өндіріс дамытудағы экономикалық
алғышарт іспеттес.
ҚР салық кодекісі 2001 жылдың маусымында қабылданды. Кодекс
бойынша республикадағы салықтың 9 түрі берілген. Атап айтқанда:
- Корпорациялық табыс салығы;
- Жеке табыс салығы;
- Қосылған құн салығы;
-Акциздер;
-Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдер;
-Әлеуметтік салықтар;
-Жер салығы;
-Көлік құралдары салығы;
-Мүлік салығы;
Салық сыртында бюджетке міндетті түрде аударылатын алым, төлемдер,
кедендік төлем және мемлекеттік баж бар.
Жалпы, салық тура және жанама салықтар болып бөлінеді. Жанама
салық түрлеріне құн салығымен акциздер жатады.
ҚР салық заңы бюджетке төленетін салық пен басқадай міндетті
төлемдердің міндеттілігі, анықтылығы, әділдігі, салық жүйесінің
бірліктілігі және салық заңының жариялылығы қағидаттарына негізделген.
Салық тексерудің түрлері: құжаттық тексеру; рейдтік
тексеру және хрононметраждық байқау арқылы тексеру.
Салықтық тексеру кезеңі жылына бір рет, кешенді тексеру
және тақырыптық тексеру (жарты жылда бір рет). Сонымен
қатар түрлі формаларлағы бақылауы да жүргізіледі.
Салық салу тәжірибесінде тұрақты ставка,
пропоционалды салық ставкасы пайдаланылады.
Ставкалар кодекісінде берілген.
Салық төлеушілер. Салық төлеушілер салықты жіне
бюджетке төленетін басқа да міндеттері мен құқықтары ҚР
салық кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Макроэкономикалық көрсеткіштер . Макроэкономикалық («үлкен»
экономиканы жалпы зерттеп білу) көрсеткіштер жүйесінің бірнеше
бағыттары қалыптасқан. Оларға мыналар жатады:
Ұлттық өндіріс көлемі: белгілі бір уақыт аралығында қоғамның
өндірген өнімі мен көрсеткен қызметтінің көлемі.Ол ұлттық есеп
жүйесінде елдің негізгі экономикалық көрсеткіштерінің бағалайтын
халықаралық стандарт болыптабылады. Ондай стандарт көрсеткіштер:
а) ұлттық жиынтық өнім әрбір елде бір жыл ішінде барлық сонғы
тауарлар мен қызмет құнның жиынтық нарықтық құнға кіретін сомасы.
ә) әшкә жиынтық өнәм сол елдің ғана өндіріс нысандарын пайдалана
отырып шығарған өндері мен қызметтің жиынтық сомасы.
б) таза ұлттық өнім ұлттық жиынтық өнімнен амортизациялық
өнелімдерді алып тастағанда сома.

Амортизация дегеніміз негізгі қорлардың құнын солардың көмегімен
өндірілетін тауарлар мен көрсетілген қызметтерде біртін деп көшіру
немесе ақша қаражатын мақсатты түрде жинақтау және оны тозығы
жеткен негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану.
Бағаның жалпы деңгейі: бұл көрсеткіш кең ауқымды тауарлар
топтарының орташа баға деңгейімен анықталады да баға индексі
көмегімен өлшенеді. Баға индексі белгілі бір уақытта немесе
аумақты ауқымда орташа баға деңгейінің салыстырмалы өзгеруін
көрсеттеді.
Пайыз мөлшерлемесі: ол кәсіпкелердің ақша қаражатының
пайдалану шығынын сипаттайды, яки несие үшін алатын төлем
мөлшерлемесі. Пайыз мөлшерлемесі нарықтық тетіктер әсерімен
өзгеріп отырады, айталық, ақшалай ұсыныс азайса пайыз
мөлшерлемесі ұлғаяды немесе керсінше.
Жұмыспен қамту: жұмысы бар еңбекке жарамды ересек халық
саны мен сол экономикалық жүйедегі жұмысы жоқтар саны
арақатынасы. Оның негізгі көрсеткішіне жұмыссыздық мөлшері
жатады.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУЭкономикалық өсу. Жоғарыда аталған
дүниежүзілік тәжірибиеде кең қолданылатын ерекшеленетін
көрсеткіштер негізінде экономикалық өсу талданылады және
теориялық тұрғыдан оның тұрпаты мен нысандары ажыратылады.

Бюджеттің ең негізгі бөлігі салықтың түсімдерден, ал қалғаны басқалай
табыстардан құралады. Жалпы алғанда ҚР бойынша бюджет жүйесі ҚР
конститутсиясы, «бюджет жүйесі туралы», «салық және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер туралы» заңдар негізінде реттелініп отырады.
Қазақстан Республикасының «бюджет жүйесі туралы» заңына сәйкес оған
мыналар жатқызылған:
а)Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық
қатынастарға және тиісті құқықтық нормаларға негізделген деңгейдегі
бюджеттерді қамтиды
ә) Қазақстан Республикасында жиынтығында бюджетті құрайтын
республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара
байланысына негізделген және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару,
бақылау тәртібімен, сондай –ақ республикалық және жергілікті бюджеттерің
артылуы атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
б) қаржы жылына арналған республикалық бюджет ҚР заңымен, жергілікті
бюджеттер –мәслихаттардың шешімдерімен бекіттіледі.
в) барлық деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру, бекіту және олардың
атқарылуын есепке алу ұлттық валютамен жүзеге асырлады.
Экономиканың дамуына байланысиы мемлекеттік бюджет көлемі өсіп
отырады.
«Көленкелі экономиканың» көрініс беруі, салдары және онымен
күресу жолдары. Салық салынбайтын, ішкі жиынтық өнімде
есептелінбейтін заңсыз экономикалық қызмет түрін « көленкелі
экономика» деп түсіндіреді. Оның көрініс беруі жан жақты. Нақты
мәліметтер болмағандықтан әр түрлі пайымдаулармен, жекеленген
деректермен қорытындылар жасалады.
Көленкелі экономиканың басты бағыттарына капитал, шикізат
пен энергетика ресурстарын сыртқа шығару, мемлекеттік органдарда
тіркелмеген шаруашылық қызмет, контраванда және заңсыз халық
тұтынатын тауарларды өндіру, есірткі бизнесі, қару жарақ саудасы,
аламандық (қорқытып алу), жезөкшелік сияқтылар жатады.
Көленкелі экономиканың теріс салдарына мыналар жатады: ішкі
жиынтық өнімнің даму қарқыны баяулайды (негізгі себеп кәсіпкерлік
қызмет жасырын, салық салынбайды, алынған пайда капитал
түрінде сыртқа шығарылады); әлеуметтік жүйенің дамуына үлкен
нұсқан келтіріледі (өйткені ішкі жиынтық өнімнен бөлінетін қаражат
үлесі азаяды); Қазақстан аймақтарынң әркелкі дамуына жол беріледі,
олардың өмірлік деңгейі әр түрлі болып қалыптасады; қоғам біртіндеп
қылмысты ортаға айналады, экономикалық қылмыс өседі, қоғамның
мемлекетке деген сенімі азаяды, т.б.
Сарапшылардың бағалауынша шетелдердегі Қазақстаннан
шығарылған көленкелі капиталдың 1990-2000 жылдардағы мөлшері
3-10 млрд АҚШ доллары болса, осы кезеңдегі сыртқа тасылған
шикізат көлемі 45-50 млрд долларға тең деп бағаланып отыр. Ал
енді жыл сайынғы АҚШ тың көленкелі капиталы 6-7 млрд долларды
құрайды екен. Көріп отырғанымыздай, көленкелі экономиканы
бүтіндей құрттып жіберу мүмкін емес, бірақ оны шектеуге болады.
Оның шектеу бағыттарын мыналар құрайды: институттық
тұрақтылық (үкімет және басқару органдары), экономикалық ойын
тәртібінің тұрақтылығы (салық салу, күрделі қаржы және норматив
актілері), қоғамның әлеуметтік экономикалық тұрақтылығы. Сонымен
қатар көленкелі экономианың баламалы да бірегей шектейтін екі
түрлі дүниежүзілік практикада орын алған бағыты ьбао. Біріншісі,
арнаулы бақылау органдарын құру оның басты функциясы
мониторинг жүргізу, болжамдар мен ұсыныстар жасау, екіншісі
көленкелі капиталға рақымшылық жасау.
Экономиканың көленкелі секторын бағалауға Қазақстан
Республикасының «Ұлттық қауәпсәздік туралы» заңы, «Қазақстан
Республикасынның салық кодексі» және басқа заң құжаттары негіз
болады.
Қолданылған әдебиеттер

С.Д БАККУЛОВ-ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
АЛМАТЫ -2004

З.О.АШИТОВ,Б.З.АШИТОВ-ҚР ҚҰҚЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
АЛМАТЫ,ЖЕТІ-
ЖАРГЫ 2003

Ұқсас жұмыстар
Ақша және несие
ЭКОНОМИКАНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУІ
Мемлекеттің ақша, несие саясаты
Ақша массасы
Мемлекеттің бюджет жүйесі
Коммерциялық банк
Экономикалық мемлекеттік зерттеу
БЮДЖЕТ –САЛЫҚ САЯСАТЫ
Кәсіпкерлік іске салық
Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама. Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты
Пәндер