Вирустың жұғу жолдары


Slide 1

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Микробиология және иммунология кафедрасы

Орындаған: Тастанбаева Г. Б

2-035 топ ЖМФ

Тексерген:

Қарағанды 2014

СӨЖ

Тақырыбы: Вирустар

Slide 2

Вирустың жұғу жолдары

Қауіпті жыныстық қатынаста болған кезде, яғни СПИД вирусын жұқтырған адаммен немесе аурумен мүшеқапсыз жыныстық қатынаста болғанда. Жыныстық қарым-қатынас кезінде вирус адам организміне түсуіне жағдай қажет, ол үшін жыныс ағзаларының шырышты қабатының қабынуы, жатыр мойнының эрозиясы және т. б, яғни ол адамның тікелей қанына түсу қажет.

Slide 3

Қан арқылы, вирус жұқтырған адамның қанын құйғанда, қан жұққан шприцпен, инеден немесе нашақорлардың лас шприцтерін пайдаланғанда. Көбінесе наркомандарда кездеседі, себебі олар қаны лас адамдардың шприц пен инелерін жиі қолданғаннан, сондай-ақ гемофилиямен ауыратын адамдар, олар емдеу мекемелерінде жылы донор қанын(VIII және IX факторлар) құйғаннан болады. Бүгінде көпшілік арасында бірнеше адамға дәрі енгізгенде тек инесін ғана ауыстырып бір шприцті пайдалануы жиі ауылды аймақтарда кездеседі. Бұл дұрыс емес. Себебі тамырға дәрі енгізгенде шприцке қанның көзге көрінбейтін майда тамшылары қайта сорылады. Яғни инені тері астына немесе бұлшықетке енгізгеннен гөрі қан тамырына енгізу едәуір қауіпті екенін ескерген жөн. Себебі, қанға жұқпалы ауру бірден түседі.

Slide 4

Вертикалды - ол инфицирленген анадан аяғы ауыр кезінде плацента арқылы, туу кезінде, анасы баласы емізгенде жұғады. Балаға инфицирленген анадан сүт арқылы беріледі.

Slide 5

Бұл көрсетілген жолдар табиғи жолдары болып табылады. Ал жасанды жұғу жолдарына - вирус емдік-диагностикалық манипуляцияларда зақымданған тері, шырышты қабат арқылы(қан трансфузиясы және оның препараттары, ұлпа мен ағзалардың трансплантациясы, инъекция, операция, эндоскопиялық процедуралар және т. б), жасанды ұрықтандыру, әртүрлі татуировкаларды жасату.

Slide 6

Аденовирустар (Adenoviridae)

Аденовирустар (Adenoviridae) - құстардың және сүтқоректілердің қабықшасыз ДНҚ-геномды вирустары. Алғаш рет 1953ж миндалин және аденоид тіндерінде дақылдандырған, содан өзінің атауын алған.

Slide 7

Морфологиясы

Вирион формасы икосаэдралық диаметрі 70-90 нм. Симметриясы икосаэдралық типті қарапайым вирус. Капсиді куб тәрізді 252 капсомерден құралған, әр 6 капсомер гексон түзеді. Гексон барлық вирус ақуызының 50% құрайтын ақуыз II-ң 3-6 молекуласынан тұрады. Геномы екі жіпшелі сызықты ДНҚ, терминальді ақуыз VII ассоциирленген. ДНҚ репликациясының инициация үрдісі үшін қажет, жіптің сыртқы соңдарында терминальді ақуыз орналасқан.

Топтық, топ астылық және типтік антигендері бар.

Slide 8

Аденовирусты инфекциялар - аденовирустармен шақырылатын сүтқоректілер мен құстардың инфекцисы. Адамдарда жеделдеу түрде, сирек жағдайларда симптомсыз созылмалы немесе манифестті инфекция қызба, аденопатия, бөртпе, көздің локальді зақымдалуы (конъюнктивит, кератоконъюнктивит), жұтқыншақ (фарингит, фаринголарингит), миндалин, бронх, ішектер, қуықтың (геморрагиялық цистит) зақымдануларымен сипатталады. Локальді түрде өршуі балалар ұжымдарына тән.

Ауырғаннан кейін типтік арнайы иммунитет қалыптасады. Этиологиясын анықтау үшін үзілісті жасуша дақылдарында вирустарды бөліп алу, серологиялық әдісінде жасуша дақылдарында бейтараптандыру және КБР.

Slide 9

Аденоассоциирленген вирус (ААВ) - ақаулы сателлитті парвовирустар, репликациясы аденовирустар геномымен бақыланады. В-сателлитті вирустар туыс астына жатады, 4 серотипі ажыратылады. Геномы бір тізбекті ДНҚ молекуласынан тұрады. Капсиді 12 пентамер, 20 тример, 60 мономерден тұрады, аденовирустарға ұқсас. Ішкі қабықшасы болмайды.

Slide 10

Poxviridae тұқымдастығы (ағыл. тілінен Pox - шешек + вирусы) 2 тұқымастылығы бар: Chordopoxvirinae, оған омыртқалылардың шешек вирусы жатады және Entomopoxvirinae, оған жәндіктердің шешек вирусы жатады. Orthopoxvirus туысына - табиғи шешек вирусы, маймыл шешегі және шешек вакцинасы жатады. Табиғи шешек вирусының қоздырғышы адамның аса қауіпті инфекциясы, бүкіл әлемдік қоғамдастықтардың күш салуы арқасында XX ғасырдың 70-ші жылдары ортасында жойылды.

Poxviridae тұқымдастығы

Slide 11

Табиғи шешек вирусы және осы туыстастықтың басқа өкілдері ең ірі вирустар болып табылады. Шешек вирусының формасы кірпіш тәрізді, бұрыштары домалақтанған, көлемі 250-450 нм. Вирион жақсы ажыратылатан орталық өзекшеден (нуклеоид немесе ядра) тұрады, геномы ақуызбен ассоциирленген екі жіпшелі сызықты ДНҚ молекуласынан тұрады, молекулярлық массасы 130-200 МД.

Slide 12

Эпидемиологиясы.

Инфекция көзі науқас адам. Шешекке қарсы егілмеген немесе ауырмаған адамдар инфекцияға сезімтал болып келеді. Ауру көбінесе ауа-тамшылы жолмен беріледі, қатынас арқылы немесе зақымдалған тері арқылы да жұғады. Науқас қоршаған ортаға бөртпе пайда болғаннан бастап, соңғы қабыршағы түскенге дейінгі уақыттарда қауіпті болады, одан да қауіптірек болуы 8-10 күндері шырышты қабаттардың зақымдалуы болған кезде.

Slide 13

Патогенезі және клиникасы.

Инфекциның ену қақпасы жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары. Вирустың біріншілік көбеюі жұтқыншақ сақинасының лимфоидты тіндерінде өтеді, содан кейін вирус қысқа уақытқа қанға өтіп, ретикулоэндотелиальді жасуша тіндерін зақымдайды. Вирус сол жерде көбейіп, қайтадан вирусемия дамиды, ең интенсивті және ұзақ уақытқа.

Slide 14

Жасырын кезеңі 8-18 күн. Ауру жедел басталады: бастың, бұлшықеттің ауыруы, прострация, қызба. 2-4 күннен кейін ауыз қуысының шырышты қабаттарында және теріде бөртпелердің пайда болуы. Әсіресе бет және аяқ-қолдарда көп таралады. Бөртпелердің даму стадиялары макула, папула, көпіршік және пустула, содан кейін қабыршақ пайда болады (струп), олар түскеннен кейін тыртықтар қалады. Бөртпе пайда болған кезде дене температурасы түсіп, бөртпе пустула стадиясына өткен кезде қайтадан дене температурасы жоғарлайды

Slide 15

Арнайы алдын-алуы және емі.

Арнайы емі және алдын-алуы үшін метисазон (марборан) - препаратын қолданады, ол шешек вирусының жасушаішілік көбеюін тежейді. Сонымен бірге аурудың ерте стадиясында және жасырын кезеңінде тиімді әсер етеді. Дақылдық және эмбриональді (ово-вакцина) тірі вакцина.

Slide 16

Rhabdoviridae (рабдовирус) тұқымдастығы.

Үш туысын ажыратады

Vesiculovirus

Sigmavirus


Ұқсас жұмыстар
ЖИТС туралы. Жүре пайда болған (ЖИТС, СПИД ағылш. AIDS) иммундық дефицитiнiң синдромы
Инфекция көзі
Жұғу жолдары
Аса қауіпті ауру қоздырғыштардың таралуы кезіндегі халықтың іс-әрекеті
Житс ауруының белгілері
АИВ ИНФЕКЦИЯСЫ
АИВ инфекция қоздырғышы
Инкубациялық кезең
ЖИТС жайлы
СПИД ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ МӘЛІМЕТ­ТЕРІ БОЙ­
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz