Фармакогенетика түсінігі
Презентация қосу
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университеті
Кафедра: Молекулалық биология және генетика
Тақырыбы:
Мамандығы: жалпы медицина
Курс: І
Тобы: 105 А
Орындаған: Раева Ә.
Қабылдаған: Кузденбаева Г.Е
Жоспары:
I.Кіріспе
•Фармакогенетика түсінігі
II.Негізгі бөлім:
1.Дәрі – дәрмектердің адам ағзасына әсері
2.Жүктілік кезіндегі әсері
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер.
Фармакогенетика
Фармакогенетика – адам ағзасының
дәрі- дәрмектерге фармакогологиялық
реакция түрінде жауап қайтаруындағы
генетикалық факторлардың рөлін
зерттейтін ғылым саласы.
«Фармакогенетика» терминін алғаш
рет ғылымға 1959 ж. Фогель енгізген.
Дәлірек айтқанда фармакогенетика
жеке адамдардың немесе
популяциядағы адамдардың жеке
топтарының арасындағы дәрі –
дәрмектерге түрліше фармокологиялық
жауап қайтарудың тұқым қуалайтын
айырмашылықтарын зерттейді.
Клиникалық медицинаның негізі
болатын принциптердің бірі - әр ауру
адамның жеке өзіне дәрілердің түрін
нақты мөлшерде белгілеу
болғандықтан, ол дәрілердің ағзадағы
әрекеті мен оған қайтарылатын жауап
та түрліше сипатта көрінеді. Осы
себепті фармакогенетика ғылымының
қалыптасуы мен дамуы заңды құбылыс
Ауру адамдардың қабылдаған дәрілері жағымды әсер етуге дейін
ағзада күрделі алмасу процестеріне ұшырайды. Бұл процестер
фармакодинамика немесе дәрілердің фармакогенетикасы деп
аталып, дәрілердің биотрансформациясымен сипатталады.
Дәрілер қанға сіңіріліп бүкіл денеге таралады (мүше, жасуша,
органелдерге дейін), күрделі метаболизмдік әрекеттерден соң
түзілген ыдырау өнімдері сыртқа шығарылады. Осы процестердің
әр кезеңі қатаң генетикалық бақылауда болады. Сондықтан
теория жағынан алып қарағанда, жоғарыда аталған гендердің кез-
келгенінің полиморфизмі дәрілердің фармакогенетикасына
түрліше әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар дәрілік препараттардың
фармакогенетикасына генетикалық емес факторлар да әсер етеді.
Адам ағзасының дәрілерге
жағымсыз реакциялармен
жауап қайтаруының 20-95%-
ның себебі генетикалық
факторлар екені толық
дәлелденді. Сондай- ақ
популяциядағы адамдардың
дәрі – дәрмектерге түрліше
реакция түрінде жауап
қайтаруының бірден – бір себебі
генетикалық полиморфизм деп
тұжырымдалды. Жеке
адамдардың немесе шағын
адамдар тобының дәрі –
дәрмектерге сезімталдығы
түрліше болуына байланысты
популяцияларды кішігірім
субпопуляцияларға бөліп
қарауға болады: дәрілік препа-
раттардың емдік әсері
нәтижелі, жағымды көрінген,
орташа және әлсіз ғана әсері
байқалған субпопуляциялар.
Дәрілерді қабылдауға ағза реакциясының
генетикалық бақылануы:
1) бір жұп гендер арқылы (моногендік)
бақылануы мүмкін;
2) көптеген гендер арқылы
(мультифакторлық) бақылануы мүмкін.
Қазіргі уақытта дәрілік 5 препараттың
метаболизмінің моногендік бақылануы
зерттеліп толық анықталды. Олардың
алғашқысы ретінде туберкулез ауруына қарсы
қолданылатын изониазидтің метаболизмі
болды. Зерттеу нәтижесі дені сау және ауру
адамдардың ағзасында изониазидтің
метаболизмдік ерекшелігіне сай жылдам және
баяу активсіздену жүретін адамдар немесе
жылдам және баяу инактиваторлар деп екі
топты бөліп көрсетті. Изониазидтің
активсізденуі жылдам жүретін адамдарда бұл
препаратты қабылдаудан кейін оның қандағы
концентрациясы тез жоғарылап, тез арада
қайтадан азаяды; ал активсіздену баяу
жүретіндерде препараттың мөлшері қанда
едәуір ұзақ уақыт жоғары деңгейде сақталады.
Фармакогенетиканың бұдан арғы
дамуы дәрілік препараттардың
метаболизмдік кезеңдерін толық
бақылайтын барлық гендердің
полиморфизмін зерттеумен
байланысты. Дәрілік заттардың
метаболизмін бақылайтын
көптеген гендердің ішінде жеке
популяцияішілік фармакологиялық
айырмашылықтардың
қалыптасуына себеп болатын
гендердің негізгілері мыналар:
1. Цитохром Р-450 (3А4, 2Д6, 2Е1,
1А2, 2СД) – дің изоферменттерінің
гендері. Олар дәрілердің
биотранс-фармациясының бірінші
кезеңіне қатынасады.
2. Бауырдың микросомалдық
және микросомалдық емес
ферменттерінің
(циклооксигеназалар, Г- 6- ФДГ т.б.)
гендері.
3. Дәрілік препараттардың
рецепторлары және басқа рецеп-
торлардың гендері.
Медициналық әдебиеттерде дәрілік препараттарды
қабылдау кезінде түрлі патологиялық реакциялар
көрінетін бірқатар тұқым қуалайтын ауруларына
сипаттама берілген. Солардың бірі- порфирия,
гемоглобиннің ыдырау өнімдерінің (порфириндердің)
алмасуы бұзылған аутосомалық – доминантты тип
бойынша тұқым қуалайтын ауру.
Жүктілік кезінде дәрі қабылдау зардаптары
Бүгінгі таңда жүкті әйелдердің 92 % әр түрлі дәрі-дәрмектер
қабылдайды. Көптеген дәрі-дәрмектердің дәріханадан ала беруге
болатындықтан, кейде дәрігермен кеңеспей-ақ, ем жүргізетіндер
бар. Ұрықтың дамуына және жүктілік ағымына әсері қандай екенін
анықтау мақсатымен дәрі – дәрмектердің кейбіріклиникалық
зерттеулерден өтпейді. Сондықтан жүкті әйелдерге қауіпті емес
дәрі – дәрмектер өте аз.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Т.Т.Березов, Б.Ф.Коровкин «Биологическая химия», Москва,
1998 г.
2. Т. Ш. Шарманов, С.М.Плешкова «Метаболичиские основы
питания с курсом общей биохимии», Алматы, 1998 г.
3. С.Тапбергенов «Медицинская биохимия», Астана, 2001 г.
4. З.Сеитов «Биологиялық химия», 2001 г.
5. В.Дж. Маршал «Клиническая биохимия», 2001 г.
6. Б.Гринстейн, А.Гринстейн «Наглядная биохимия», 2000 г.
7. Қуандықов Е.О., Аманжолова Л.Е. Астана 2008 ж.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz