Фармакогенетика: дәрілік заттардың метаболизмі, генетикалық полиморфизм және клиникалық салдары


Slide 1

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік Медицина Университеті Тақырыбы:Фармакогенетика

Орындаған: Зейнуллина А, Дабылова А

тексерген: Салмағамбетова Г. С

Slide 2

Жоспар:

Фармокогенетикаға кіріспе

Дәрілер метаболизм

Фармокегенетикалық аурулардың әсері

Қорытынды

Slide 3

Фармакогенетика- адам ағзасының дәрі-дәрмек әсерлеріне қарсы тұқым қуалайтын реакцияларын зерттейді. Қолданылатын дәрі-дәрмектердің тиімділігі мен қосымша әсерлері әртүрлі топтарда және ағзаларда түрліше болатындығы дәрігерлік практикадан белгілі. Ағзаға дәрі-дәрмектердің стандартты дозасын енгізгеннен кейін оның қандағы концентрациясы бір адамдарда оптиумнан (тиімді доза) төмен болса, яғни әсер етпесе, екінші біреулерде улау деңгейіне жетер еді.

Slide 4

Фармакогенетика - дәрілік заттардың емдік және токсикалық әсерлерінің генетикалық факторларға тәуелділігін зерттейтін клиникалық фармакологияның бағыты. Бірдей дәрілік препараттарды бірдей дозада қорданғанда әр науқастың оған реакциясы әр түрлі болатыны дәрігерлерге белгілі. Дәрілік заттардың көп бөлігі бауырда метаболизирленеді.

Дәрілік әсерлердің айырмашылықтарының клиникалық бақылауы алғаш рет 1950 жылы басылып шықты. Ол фармакогенетиканың дамуына түрткі болды. Фармакогенетика дәрілер әсерінің генетикалық детерминирленуінің жалпы ерекшеліктерін зерттейді, ал фармакогеномика дәрілік емнің әсерінің жеке бастық айырмашылықтарын түсіндіреді.

Slide 5

Дәрілердің метаболизмі

Адам геномында дәрілердің метаболизміне қатысатын ферменттердің 30 -дан астам тұқымдастығы анықталды. Барлық тұқымдастықтардың гендері генетикалық полиморфизммен ерекшеленеді. Ферменттер жалғыз генмен және мультигенді тұқымдастықтармен кодталады, мысалы, СҮР3Ф және Р-450 тұқымдастықтарымен.

Дәрілерді тасымалдаушылар

Абсорбцияның реттелуінде, көптеген дірілердің таралуында және экскрециясында тасымалдағыш белоктар маңызды рөл атқарады. Олардың ішінде кеңінен зерттелген болып АТФ тұқымдастығының мүшесі- кассеталарды байланыстырушылар табылады. Мүшелердің бірі - Р-гликопротеин, АВСВ1 адам генімен кодталады, ол МDR1 деп те аталады.

Slide 6

Фармакогеникалық аурудың түрі- гипертермия рагі. Ол доминантты тип арқылы тұқым қуалайды деп болжалады. Бұл аурудың қоздырушы факторлары болып кейбір инголяциялық анестетиктер (фтротан, этил эфирі, метоксифлуран) саналады. Ауру адамдардың дене температурасы 44 градусқа дейін көтеріледі. Және тахикардия, демалудың жиілеуі, гипоксия, ацидоз, гиперкалиемия, гипокальцемия т. б. байқалады. Осындай 180 ауру анықталып, олардың 60% жүректің тоқталуы салдарынан дүние салған. Болашақтағы адамдардың денсаулығын сақтауда адам экогенетикасының маңызы еселеніп өсетіні сөзсіз. Остеогенез кезінде наркоздық препараттарды қолданса, гипертермияға шалдықтырады.

Slide 7 Slide 8 Slide 9

Қорытынды

Болашақта адамдардың денсаулығын сақтауда адам экогенетикасының маңызы еселеп өсетіні сөзсіз, себебі, профилактикалық медицина - адам экогенетикасы тұжырымына сәйкес әрбір даралардың қалыпты тіршілік етуі биохимиялық полиморфизмнің патологиялық экогенетикалық әсерлерінің алдын алу үшін ең қолайлы (оптимальды) жағдайларды (тамақ, дәрі-дәрмек, жұмыс) қалыптастыруға бағытталады

Slide 10

Әдебиет:

Негізгі

1. Медициналық биология және генетика/ Куандыкова Е. У. редакциясында, Алматы, 2004.

2. Ярыгин В. Н. Биология: в 2-х Т. - М. : Мир, 2000.

3. Бочков Н. П. Клиническая генетика М. : Медицина, 2002.

Қосымша:

1. Пехов А. П. -Биология с общей генетикой. М. 1994.

2 Н. Грин, У. Стаут, Д. Тейлор. Биология: в 3-х томах. Т. З. : Пер. с англ. - М. - Мир, 1993.


Ұқсас жұмыстар
Фармакогенетика және генетикалық полиморфизм: дәрілердің ағзаға әсері және жүктілік кезіндегі салдар
Дәрілік заттардың метаболизмі және II фазалық ферменттердің клиникалық маңызы
Дәрілік заттардың метаболизмі: тері арқылы сіңу және бауырдың рөлі
Экогенетика және фармакогенетика: негіздері мен клиникалық маңызы
Дәрілік препараттарды талдауда және клиникалық зерттеулерде тотығу-тотықсыздану реакцияларының рөлі: перманганатометрия, иодометрия және дәрілік заттардың метаболизмі мен уыттылығы
Фармакогенетика және экогенетика: негіздері мен клиникалық маңызы
Дәрілік заттардың фармакодинамикасы: әсер ету механизмдері мен клиникалық маңызы
Стероидты және стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттардың жіктелуі, фармакомеханизмі және клиникалық қолданылуы
М-холинорецепторларға әсер ететін дәрілік заттардың фармакологиясы мен клиникалық маңызы
Қазақстандағы дәрілік заттардың қауіпсіздігі және фармакобақылау жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz