Жүрек-қан тамырларының биомеханикасы: гемодинамика, құрылымы және электрокардиография


Slide 1

Студенттің өзіндік жұмысы

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Журек кан тамырларының биомеханикасы

Орындаған: Мамбай Улболсын

Ибраш Азиза

Муратов Шафхат

«104 А»

Ақтөбе 2015 жыл

Slide 2

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

Гемодинамика

Журек кұрылысы

Журек жұмысы

Қан айналым жуйесінің биофизикасы

Қорытынды

Дерек көздері

Slide 3

Мақсаты

Жүрек-қантамырлар жүйесінің құрылымымен және қызметтері туралы түсініктерді игеру арқылы, басқа пәндерде, клиникада аурулар патологиясын, физиологиясын түсінуге негіз қалау.

Slide 4

Гемодинамика

Қанның қан тамырларының бойымен қозғалыс заңдарын зерттейтін биомеханиканың бөлімін гемодинамика дейді. Гемодинамиканың басты ұғымдары - қанның қысымы және қозғалыс жылдамдығы.

Қан тамырларының бойымен қанның қозғалғандағы қан қысымының, қанның энергиясының және жылдамдығының өзгерісін Бернули және Гаген-Пуайзель теңдеулерімен түсіндіруге болады.

Қан тамырларының бойымен үздіксіз сорғымен қозғалады. Көлденең қималары әртүрлі тізбектей қосылған бірнеше түтіктердің бойымен уақыт бірлігінде сұйықтың өзара тең көлемі ағады. Қан қысымы деп қан тамырының көлденең қимасына (S) уақыт бірлігінде әсер ететін күштің (F) шамасын айтады.

Slide 5

Кеуде қуысында және жүрек маңылық қалтадағы жүректің орналасуы.

Slide 6

Жүректің құрылысы:

Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі - сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы - құлақшадан және төменгі - қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.

Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. Бұл жақтаулы қақпақшалар.

Құлақша жиырылғанда қақпақшаныыңы жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта - құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына барады.

Slide 7

Жүрек жұмысы

Жүрек - іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys - бұлшықет, kardia - жүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард) . Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқанжүрек ет жасушалары түзеді

Slide 8

Электрокардиография -жүрек бұлшықеттерінің қозуы кезінде пайда болатын электрлік үдерістерді тексеруге арналған, ағзаға зиянды әсері жоқ қолдануға оңай, медицинада кең түрде пайдаланатын зерттеу әдісі. Электрокардиография әдісі В. Эйнтховен теориясына негізделген. Жүректің электрлік диполь моментінің бағыты мен модулінің уақыт бойынша график түрінде көрсетуге болады.


Ұқсас жұмыстар
Жүрек-қан тамырлары биофизикасы: гемодинамика, қанның реологиясы және Франк моделі
Жүрек-қан тамыр жүйесі: қанның құрамы, тамырларының жіктелуі және қызметтері
Жүрек-қан тамырлары жүйесін графикалық әдістермен зерттеу: электрокардиография, сфигмография және флебография
Жүрек-қан тамырлары жүйесінің физиологиясы: жүректің механикалық жұмысы, жүрек циклі, гемодинамика және жүйке-гуморальды реттелуі
Гемодинамика: қан ағымы, тамыр жүйесінің құрылысы және гидравликалық кедергілер
Қан тамырлары мен жүрек аурулары: құрылымы, қызметі және патологиясы
Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары және жүрек ақаулары
Қан патологиясы және жүрек-қан тамыр жүйесінің патофизиологиясы
Гемодинамика: тамырлар арқылы қан қозғалысының физика-математикалық заңдылықтары және биологиялық ұлпалардың механикалық қасиеттері
Бұлшықет жиырылу биофизикасы: құрылымы, биомеханикасы және электрлік модельдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz