ЖҮРЕК БҰЛШЫҚЕТІ




Презентация қосу
“АСТАНА МЕДИЦИНА
УНИВЕРСИТЕТІ” АҚ

Медициналық биофизика және информатика кафедрасы

Тақырыбы: Жүректің электрлік
белсенділігі

Орындаған: 119 ОМ студенті Тоғызбаев Талғат
Тексерген: Шәкерхан Н.Ш
ЖҮРЕКТІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ
ҚҰРЫЛЫСЫ.

Адам жүрегі – қуысты бұлшықетті мүше. Тұтас
вертикаль перде арқылы ол екі жарты бөлікке
бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін
екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы
қуыстар- жүрекшелер, төменгі- қарыншалар. Жаңа
туған нәрестенің жүрегінің массасы орта есеппен 20
г- ға тең. Ересек адамның жүрегінің массасы 0,425
—0,570 кг. Ересек адамның жүрегінің ұзындығы 12
—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—
10 см, алдыңғы- артқы 5-8 см. Жүректің массасы мен
өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ
уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен
шұғылданатын адамдарда өзгереді.
ЖҮРЕК ҚАБЫРҒАСЫ ҮШ ҚАБАТТАН
ТҰРАДЫ:
Ішкі- эндокард
ортаңғы- миокард
сыртқы- эпикард
ЖҮРЕК БҰЛШЫҚЕТІ
Қозғыштық. Жүрек бұлшықетінің қаңқа бұлшықетіне қарағанда
қозғыштығы төмен. Жүрек бұлшықетінде қозудың пайда болуы үшін
қаңқа бұлшықетімен салыстырғанда күшті тітіркендіргішті қолдану
қажет.
Өткізгіштік. Қозу толқыны жүрек бұлшықетінің талшықтары және
жүректің арнайы тіні арқылы әртүрлі жылдамдықпен тарайды. Қозу
жүрекшелер бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—1,0 м/с
жылдамдықпен, қарыншалар бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—0,9
м/с жылдамдықпен, ал жүректің арнайы тіні арқылы 2,0—4,2 м/с
жылдамдықпен таралады.
Жиырылғыштық. Жүрек бұлшықетінің жиырылуының өзіндік
ерекшелігі бар. Алдымен жүрекшелер бұлшықеттері жиырылады,
содан соң – папиллярлық бұлшықеттер мен қарыншалар
бұлшықетінің қабаты жиырылады. Ары қарай жиырылу
қарыншалардың ішкі қабатын қамтиды, ол қарыншалар
қуыстарынан қанның аорта мен өкпе өзегіне ағуын қаматамасыз
етеді. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық ерекшелігі – созыңқы
рефрактерлі периоды мен автоматиясы болып табылады.

ЖҮРЕК ЫРҒАҒЫ.
Симпатикалық жүйкелердің қозуы кезінде жүректің
жиырылу жиілігі артады. Осы құбылыс тахикардия
деп аталады. Жылжымалы жүйкелердің қозуы
кезінде жүректің жиырылу жиілігі төмендейді -
брадикардия.
ЖҮРЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ
КӨРСЕТКІШТЕРІ
Жүректің систолалық немесе соққы көлемі дегеніміз
әр жиырылу кезінде сәйкес тамырларға жүректің
ығыстырып шығаратын қанының мөлшері. Систолалық
көлемнің шамасы жүректің өлшеміне, миокард күйіне
және ағзаға байланысты. Салыстырмалы тыныштықтағы
ересек сау адамның әр қарыншасының систолалық көлемі
шамамен 70—80 мл- ді құрайды. Сөйтіп қарыншалар
жиырылуы кезінде артериялық жүйеге қанның 120—160
мл көлемі келіп түседі.
Жүректің минуттық көлемі дегеніміз – жүректің өкпе
өзегі мен аортаға 1 минутта ығыстырып шығаратын
қанының мөлшері. Орташа минуттық көлем 3- 5 л
құрайды.
ЖҮРЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ СЫРТҚЫ
КӨРІНІСТЕРІ.
1. Жоғарғы ұшының соққысы.
Қарыншалар систоласы кезінде жүрек солдан оңға қарай бұрылып, айналмалы
қозғалыс жасайды. Жүректің ұшы (басы) көтеріліп, бесінші қабырғааралық аймақта
кеудені (қысады) басады. Систола кезінде жүрек өте тығыз болады, сол себепті жүрек
ұшының қабырғааралық аралықты қысуын көруге болады (көтерілуі, быртыю).
Жүректің жоғарғы ұшының соққысын анықтауға болады, сөйтіп оның шекарасы мен
күшін анықтауға болады.
2. Жүрек тондары- жұмыс жасап тұрған жүректе пайда болатын дыбыстық
құбылыстар. Тонның екі түрі бар: систолалық және диастолалық.
Систолалық тон. Осы тонның пайда болуына негізінен атриовентрикулярлы
клапандар қатысады. Қарыншалардың систоласы кезінде атриовентрикулярлы
клапандар жабылып, олардың жармалары (створкалары) мен оған бекітілген сіңір
жіпшелерінің тербелісі І- ші тонды береді. Сонымен қатар І- ші тонның пайда
болуына қарыншалар бұлшықетінің жиырылуы кезінде пайда болатын дыбыстық
құбылыстар да қатысады. Өзінің дыбыстық ерекшеліктері бойынша І – тон- созыңқы
және төмен.
Диастолалық тон қарыншалардың диастоласының басында протодиастолалық фаза
кезінде, айшық клапандардың жабылуы кезінде пайда болады. Осы кезде қақпақшалар
жармаларының тербелісі дыбыстық құбылыстардың көзі болып табылады. Дыбыстық
сипаттамалары бойынша ІІ- ші тон қысқа және жоғары.
ЖҮРЕК ҚЫЗМЕТІ
Жүректегі қозу онда жүріп жатқан үрдістердің әсерінен
периодты түрде пайда болады. Осы құбылыс автоматия деген
атқа ие болды.
Жүректің өткізгіштік жүйесінің құрылысы мен қозу
таралуының хронотопографиясы.
SA- синоатриалды түйіншек,
Сандар синоатриалды түйіншекте
серпіністің пайда болу мезетінен
бастап секунд бойынша жүрек
бөліктерінің қозу аумағын көрсетеді.
ЭЛЕКТРОКАРДИОГРАФИЯ
Электрокардиография жүректе қозудың таралу
динамикасын бағалауға және ЭКГ-ң өзгеруі кезінде жүрек
қызметінің бұзылуын жорамалдауға мүмкіндік беретін
медицинада кең таралған диагностикалық әдіс болып
табылады, ал оның көмегімен тіркелетін қисық
электрокардиограмма (ЭКГ) деп аталады. Қисық
сызықтар қозғалмалы қағаз жолағына жазылады.
Бұлшықеттің белсенді қызметі кезіндегі және алыстағы
зерттелетін объектіден ЭКГ жазатын құралдар жасалған.
ЭЛЕКТРОКАРДИОГРАФИЯ
ЭКГ- ны тіркеу үшін аяқ- қол мен кеуде бетіндегі
потенциалдардың тіркелімі (тармағы)
жүргізіледі. Әдетте үш түрлі стандартты
тіркелім әдісі қолданылады:
І-тармақталу: оң қол - сол қол;
ІІ-тармақталу: оң қол - сол аяқ;
ІІІ-тармақталу: сол қол - сол аяқ (сурет 3).
Сонымен қатар Гольдбергер бойынша үш
униполярлы күшейтілген тармақтар тіркеледі:
aVR; aVL;aVF. Стандартты тіркелімдерді тіркеу
үшін қолданылатын екі электродты күшейтілген
тіркелімдерді тіркеу кезінде біріктіріп, осы
біріккен электродтар мен белсенді электродтар
арасындағы потенциалдар айырмасы тіркеледі
ЭКГ-НІ ТІРКЕУ
II- ШІ СТАНДАРТТЫ ТІРКЕЛІМДЕ
АЛЫНҒАН АДАМНЫҢ ҚАЛЫПТЫ ЭКГ-СЫ
ЭЛЕКТРОКАРДИОГРАФТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ,
ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПІ.
Үшканалды автоматты режимде жұмыс істейтін ЭКЗТ-12-03
«Альтон» электрокардиографының техникалық мәліметтері:
Электрокардиограф кернеуі 110- 220 Вт-қа дейінгі, жиілігі
50 Гц айнымалы токпен; ішкі қоректендіру көзінен- 12,6 В
аккумулятордан қоректенеді.
Электрокардиосигналдардың ену кернеуінің диапазоны 0,03
- 10 мВ шамасындай.
2 Гц жиілікте кернеуді өлшеудің салыстырмалы қателігі 0,1-
0,5 мВ диапазонында 10%- тен артық емес; ал 0,5- тен
жоғары- 5 мВ-қа дейінгі диапазонда- 5%- тен артық емес.
Үшканалды автоматты режимде жұмыс істейтін ЭКЗТ-12-
03 «Альтон» электрокардиографы- әртүрлі жағдайларда
электрокардиограмманы оперативті алуға мүмкіндік беретін
портативті электрокардиограф. Электрокардиограф
құрылысының жасалуы пациент пен жұмыс істейтін
персоналдың сенімді электроқауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
ЭЛЕКТРОКАРДИОГРАФ НЕГІЗГІ БЛОКТАН, ПАЦИЕНТІНІҢ КАБЕЛІ БАР
ШЫҒУ БЛОГЫНАН ЖӘНЕ ҚОРЕКТЕНДІРУ БЛОГЫНАН ТҰРАДЫ.
НЕГІЗГІ БЛОКТА ОРНАЛАСҚАН:
- МИКРОПРОЦЕССОРЛЫ БЛОК;
- ЭЛЕКТРОКАРДИОГРАФТЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ РЕЖИМДЕРІН БАСҚАРУ
ЭЛЕМЕНТТЕРІ;
- СИГНАЛДАР МЕН ЖҰМЫС РЕЖИМДЕРІНІҢ ИНДИКАТОРЛАРЫ;
-ТЕРМОБАСПА ҚОНДЫРҒЫСЫ.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Электрокардиографпен жұмыс істеуге
электрокардиографты қолдану туралы
нұсқаумен танысқан және қауіпсіздік техникасы
бойынша түсіндіру (инструктаж) алған
адамдарға ғана рұқсат етіледі.
Электрокардиограф ГОСТ Р 50267.25
талаптарына сәйкес қауіпті кернеу мен дефиб
риллятор энергиясынан қорғанған.
ры жарықталады. Біруақытта «БАТАРЕЯ ЗАРЯДКА» батырмасы да жануы мүмкін, бұл орнатылған аккумулятордың заря

ЭЛЕКТРОКАРДИОГРАФТЫ ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ

Электрокардиографты басқару панеліндегі «Вкл/Выкл» батырманы
басу

арқылы іске қос. Осы кезде қосу индикаторы жарықталады. Біруақытта
«БАТАРЕЯ ЗАРЯДКА» батырмасы да жануы мүмкін, бұл орнатылған
аккумулятордың зарядталуының жүріп жатқандығын білдіреді.
ЭКГ-НЫ ТІРКЕУ РЕТІ. ЭЛЕКТРОДТАРДЫ
ОРНАЛАСТЫРУ.

Электродтарды орналастыру алдында пациент
терісін контакт жерлерінде спиртпен сүрту керек
(майдың болмауы керек).
Электродтар мен пациент терісінің аралығына ток
өткізетін орта ретінде электродты гельдер,
пасталар не сұйықтар қолданылады;
физиологиялық немесе гипертонды ертіндімен, ең
болмағанда сумендымқылданған марлядан
жасалған төсеніштерді қолдануға болады.
Пациенттінің аяқ-қолдарына 1- ші кестеде
көрсетілгендей электродтарды орналастыру керек.

Ұқсас жұмыстар
Дененің еркін қимылы
Жүрек бұлшықет тіні
Жүрек ырғағы
СӨЖ Бұлшықет ұлпалары эволюциялық динамикасының жалпы сипаттамасы
Жүрек және қан айналымы патологиясы
Ортаңғы қабат
Адам басының құрылысы
Бұлшықет жиырылу түрлері
Бұлшықет тінінің түрлері
Мойын бұлшықеттері
Пәндер