Клиникада дыбыстық зерттеу әдістері




Презентация қосу
Клиникада дыбыстық зерттеу
әдістері
ДЫБЫС
Дыбыс дегеніміз- тербеліс жиілігі 16Гц-тен
20000 Герц аралығындағы механикалық
толқындар, яғни осы аралықта адамда
дыбыс әсерін
тудырады.
ν>20000 Гц аралығы- ультрадыбыстар,
ν<16 Гц аралығы инфрадыбыстар.Бұл
аралықтарда адам құлағы қабылдамайды.
Ультрадыбыс

Ультрадыбыс (лат. ultra – шектен тыс,
үстінде және дыбыс) – адам құлағына
естілмейтін жиілігі 20 кГц-тен жоғары
серпімді толқындар. Ультрадыбысты
жануарлар (жарғанаттар, балықтар,
жәндіктер) қабылдай алады.
Медицинада ультрадыбыс адам денесін
ультрадыбыстық тексеру (сканерлеу) үшін
пайдаланылады. Сүйек, май және бұлшық
еттер ультрадыбысты түрліше
шағылдырады. Электр импульстеріне
түрлендірілген бұл шағылған толқындар
экранда кескін береді.
Ультрадыбыстық тексеру жолымен сырқат
адамның денесіндегі әртүрлі ауытқулар —
қатерлі ісіктер, дене мүшелері пішінінің
өзгерулері анықталады.
. Ультрадыбыстар жүйке жүйесіне әсер етіп, жүрек
тамыр, эндокриндік жүйедегі зат алмасу процестерінің
бұзылыстарына әкеледі. Сонымен қатар жасуша
мембраналарының өтімділігінің бұзылыстарына әкеледі.
Кавитирлеуші сұйықтықпен қатынаста болған қол
қолдың кәсіптік ауруларына әкелуі мүмкін. Церебралды
микроорганикалық симптоматика болуы мүмкін.
Клиникалық ағымына байланысты 3 кезеңін бөледі: 1)
алғашында - вегетатамырлы дистонияның аяқтардағы
вегетативті невралгиялық синдромдары басымырақ
болады; 2) шамалы айқындықта – астеновегетативті
синдромдар мен қолдағы вегетативті полиневропатия
симтомы; 3) айқын – таламиялық гипоталамиялық
көріністермен диэнцефалды патология.
Дыбыстық зерттеу әдісі
Дыбыстық зерттеу әдісі-медицинада
қолданылатын әдіс.Пальпация әдісі-қолмен
сезу арқылы ағзалардың физикалық
қасиеттерін, сезімталдығын,
топографиялық орналасуын,организмдегі
функционалдық құбылыстарды зерттейтін
клиникалық әдіс.Аускультация –
организмдегі өзінен-өзі пайда болған
дыбыстарды,көбінесе ауалық,сұйықтық
қозғалыстардың дыбыстарын тыңдау.
. Перкуссия жасағанда -адам организмінің
мүшелері мен тіндері әртүрлі дыбыстар
береді.Қалыпты жағдайда-ауалы
ағзалардан(мысалы: өкпе,асқазан-ішек
жолдары,көмекей,ауыз қуысы) ашық
дыбыс шықса,ауасы жоқ ағзалар мен тіндер(оларға
жатады: жүрек,бауыр,талақ,бұлшық еттер,тері, май
қабаты) жәй(тұйықталған не тұйық) дыбыс
естіледі.Физикалық жағынан алғанда перкуторлық
дыбыстың күші,яғни дауысының ашықтығы дыбыс
тербелістерінің амплитудасына байланысты
болады.
Қолданылуы
Ультрадыбыстық зерттеу:
(син.эхография,ультрадыбыстық
сканерлеу,сонография,УЗИ).Бұл
тығыздығы әртүрлі тіндер мен ағзалардан
өткен ультрадыбыс толқындарының
әрқилы шағылысуына негізделген әдіс.
.Ультрадыбыстық эхография –ішкі
ауруларды анықтауда кеңінен
қолданылады.Эхокардиография-жүрек
ақауларын,оның түрін,жүрек ісіктерінің
өзгерістерін табуға мүмкіндік береді.
.Сонымен бірге,бауыр,өт жолдары,ұйқы безі,бүйрек
қалқанша безі,т.б.ағза ауруларын анықтауда маңызы
зор.Ультрадыбыспен зерттеу
әдісі- неврологияда(бас миы,ми қыртысын
қарау),офтальмологияда(көздің оптикалық осін
көздің торлы қабатының бүлінуін,көз және көз ұясы
өспелерін анықтау), отоларингологияда(еріту
қасиетінің төмендеу себептерін ажырату) акушерлік
және гинекологияда(жүктілік мерзімін,жатырдан
тыс және көп ұрықты жүктілікті),гидросальпинк
әдісі(әйелдің жыныс ағза өспелерін,сүт бездерін
зерттеуде),урологияда(қуықты тексеруге)
қолданылады.
Экологиялық сараптама:
Қазіргі кезде адам организміне зиянды
техникалық жабдықтардың шулары,
транспорт, өнеркәсіп шулары және
аэродинамикалық шулар көздерін зерттеп
олардың зиянды әсерімен күресуге көңіл
бөлініп отыр. Жаңа заманғы –шуды
бәсеңдететін вибрациялық материалдар
бар.Тұрғын үйлердің ішкі қабырғаларын
арнайы дыбыс өткізбейтін материалдармен
қаптайды.
Фонокардиография
Фонокардиография (жүрек үнін жазу) — жүрек
қызметінің дыбысты көрінісін жазу тәсілі. Бұл жүрек
аускультациясының толықтырушысы болып табылады
және құлақпен төмен немесе мүлде естілмейтін
дыбыстарды тіркеуге болады. Мысалы, lll-ІУдыбыстар, I
және II дыбыстардың бәсең компоненттерін, төмен
жиілікті шуылдарды. Фонокардиография кезіңде
жүректің дыбыстық тербелістері фонокардиограф
аппаратының көмегімен қисық фонокардиограмма
түрінде тіркеледі (ФКГ). Ол микрофон, күшейткіш,
жиілік фильтры жүйесі және тіркеуші құрылымнан
тұрады. Микрофон жиілік фильтріне берілетін дыбыс
тербелістерін қабылдап, мұны электрлік белгіге
айналдырып, күшейтіп отырады.
Аускультация
Аускультация (лат. auscultatio - "тыңдаймын") -
адамның ішкі мүшелдерін тыңдау арқылы ауруды
тексеру әдісі.
Бұл әдісті медицинаға бірінші рет француз дәрігері
Рене Лаэннек XX ғасырдың бас кезінде енгізген.
Өкпені тыңдағанда оның ауруына сәйкес өзгерген
дыбысты, шуды естіп, дертін анықтауға болады.
Жүрек соғуын тыңдап, оның өзгеруіне қарай жүрек
қақпақшаларының ақауын табуға болады. Барлық
ішкі мүшелерді Аускультация әдісі арқылы тыңдап,
аурудың түрін анықтауға мүмкіндік туған. Әрбір
мүшені арнаулы аспаптар - стетоскоп, фонендоскоп
арқылы тыңдауға болады
Перкуссия
Перкуссия ішкі мүшенің тұсына келіп
ұрғылап одан шыққан дыбысқа талдау
жасап диагностика мақсатында
қолданылатын әдіс.
Перкуссия (ұрып көру) — тықылдатып
көру. Тіс сауытын тықылдатып, одан
шыққан дыбысты аңғару, периодонт
дәнекер тканьдерінің реакциясын бақылау
түрі. Тіс жегісі зардабы (пульпит,
периодонтит) кезінде перкуссия
ауырғандық сезім білдіреді. Ұлпасыз
тістер, құрт жеген тістер сау тістерге
қарағанда басқаша дыбыс шығарады.
Перкуссия, клиникалық тексеріп көрудін,
бір түрі әрі негізгі тәсілі.
Орындағандар:
Әділбек Қуаныш,Құдайберген Назерке

Ұқсас жұмыстар
Электр және магнит өрістермен танысу
Визуалды диагностика
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ
Хирургиялық науқастарды заманауи тексеру әдістері
Балалар жасындағы стоматология клиникасындағы 3D томографияы
Қатерлі және қатерсіз ісіктер
Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар
Мейіргер ісіндегі клиникалық ойлау негіздері
Жүрек ырғағы
ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Пәндер