Қанайналым шеңберлері


Slide 1

МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ АЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Қан тамырлар мен жалпы қан қозғалысының

физика-математикалық заңдылықтары

Орындаған: КУШМАГАМБЕТОВ ТУРАР

Тексерген:Мәдихан. Ж. Ш

Slide 2

Жоспар:

I. КІРІСПЕ

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

Қанайналым туралы түсінік.

Қанайналым шеңберлі

Гемодинамиканың негіздері

III. ҚОРЫТЫНДЫ

Slide 3

КІРІСПЕ

Қан - ашық қызыл түсті сұйықтық. Организмде 5 л қан болады. Қан плазмадан (55%) және қан жасушаларынан (45%) (эритроцит, лейкоцит, тромбоцит) тұрады.

Қанның қызметі:

Асқорыту - қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;

Бөліп шығару - қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;

Тыныс алу - өкпе мен мүшелердегі газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;

Регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, организмде гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді;

Қорғаныш - қанның құрамында фагоцит қабілеті бар бар жасушалар болады және арнайы белоктар- антиденелер болады, олар улы организмдердің көбеюіне кедергі жасайды.

Slide 4

Қысқаша тарихы

Ежелгі кезден - ақ зерттеушілер ағзадағы барлық мүшелердің бір- бірімен байланысты екенін білген. Осыдан 2500 жылдай бұрын өмір сүрген медицина атасы - Гиппократ, гректің әйгілі ойшылы - Аристотель де қанайналым жүйесіне қызығушылық танытып, оны зерттеген. Алайда олардың зерттеулері қате болып шықты. Олар вена және артерия қантамырларын бір - бірімен байланыспаған екі жүйе деп есептеді. Қан тек вена арқылы жүреді деп есептеді, ал артерияда ауа болады деді.

Slide 5

Бұл болжамды Рим зерттеушісі, әрі дәрігер Клавдий Гален жоққа шығарды. Ол қанның вена арқылы да, артерия арқылы да жүретінін дәлелдеді. 1628 жылы ағылшын физиологы Уильям Гарвей өзінің «Жануарлар қанының қозғалысын анатомиялық зерттеу» еңбегінде алғаш рет қанның артериялық қантамырлар арқылы қарыншалар арқылы қозғалып, веналық кантамыр арқылы жүрекшеге келіп құятынын айтқан. Алғаш қанайналым схемасын сызып, екі қанайналым шеңберін қосқан.

Қысқаша тарихы

Slide 6

Бірақ қанның артериядан венаға қалай ауысатыны әлі де белгісіз күйде қалды. 50 жылдан кейін Марчелло Мальпиги артерия мен вена қантамырын қосып тұратын капиллярларды ашты.

Ең алғаш қанайналымның сандық сипаттамасын Стивен Хейз ашты. Ол артерия мен венадағы қан кысымын, жүрек камераларының көлемін, қанның ағу жылдамдығын өлшеді.

XVII - XIX ғасырларда көптеген гидромеханиктер қаның ағысына қызығушылық білдіріп. оны зерттеуге өз үлестерін қосты. Олардың арасында Эйлер, Пуазейль, Бернулли, Даниил болды.

Қысқаша тарихы

Slide 7

Қан тамырының құрылысы

Slide 8

Қанайналым туралы жалпы түсінік.

Қанайналым - бұл қанның дене бойымен айналымы. Қан жүрек жиырылуы арқылы қозғалысқа келіп, қантамырлар арқылы айналым жасайды.

Қан ағза ұлпаларын оттегімен, қоректік заттармен, гормондармен қамтамасыз етіп, зат алмасудың соңғы өнімінің ағзадан шығуына көмектеседі. Қанның оттегіге толуы өкпеде, ал қоректік заттарға толуы асқорыту жүйесінде болады. Бауыр мен бүйрек арқылы соңғы өнім сыртқа шығарылады. Қанайналым гормондар және орталық жүйке жүйесі арқылы реттеліп отырады.

Slide 9

Қанайналым туралы жалпы түсінік.

Қанайналым жүйесі жүректен және қантамырлардан тұрады. Қантамырлар арқылы қан ағза мен ұлпалар арқылы қозғалып, жүрекке құяды.

Қан қозғалатын ең ірі қантамырлар артерия деп аталады. Артериялар ұсақ артерияларға, артериолаларға және капиллярларға бөлінеді. Вена қантамыры арқылы қан жүрекке құяды.

Жүрек төрт камералы сондықтан екі қанайналым шеңберінен тұрады.

Slide 10 Slide 11

Қан тамырларының түрлері

Slide 12

Қанайналым шеңберлері

Үлкен қанайналым шеңбері - жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа артериясы қантамырынан басталады. Оттекке қаныққан қан алдымен қолқаға, одан ірі және ұсақ артерия қантамырларына жеткізіледі. Мүшелерде артерия қантамырлары тарамдалып, қылтамырларға бөлінеді. Қылтамырлардың жұқа қабырғалары арқылы қан дене жасушаларына қоректік заттар мен оттекті таратады. Жасушалардан көмірқышқыл газын қажетсіз өнімдерді жинап, вена қанына айналады. Вена қаны вена қантамырлармен жүректің оң жақ жүрекшесіне құяды

Slide 13

ҮЛКЕН ҚАНАЙНАЛЫМ ШЕҢБЕРІ

жүректің сол жақ қарыншасынан басталып

дене жасушаларына қан таратады

жүректің оң жақ жүрекшесімен аяқталады.

Үлкен қанайналу шеңбері деп аталу себебі -

қан бүкіл денеге таралып, қайтадан жүрекке келеді.

Slide 14

Қанайналым шеңберлері

Кіші қанайналым шеңбері - жүректің оң жақ қарыншасынан өкпе артериясы қантамырынан басталады. Ондағы вена қаны өкпе артериясы қантамыры арқылы өкпеге келеді. Өкпеде артерия қантамырларынан түзілген қылтамырлар торында газ алмасады. Қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газынан тазартылады да, вена қаны артерия қанына айналады. Одан төрт өкпе вена қантамырлары арқылы артерия қаны жүректің сол жақ журекшесіне құйылады. Қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға өтіп, қайтадан үлкен қанайналым шеңберінің қантамырларына бағытталады.

Slide 15

КІШІ ҚАНАЙНАЛЫМ ШЕҢБЕРІ

жүректің оң жақ қарыншасынан басталып

өкпеге қан тартады

жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталады.

Кіші қанайналым шеңбері деп аталу себебі - қан тек

өкпеге барып, оны оттегімен байытылады да қайтадан

жүрекке келеді.

Бұл қанайналым шеңберін кейде өкпелік шеңбер деп те

атайды.

Slide 16

Гемодинамика негіздері

Қанның қан тамырларымен бойымен қозғалыс заңдарын зерттейтін биомеханиканың бөлімін гемодинамика дейді. Гемодинамиканың басты ұғымдары - қан қысымы мен қозғалыс жылдамдығы.

Қан тамырлары бойымен қанның қозғалғандағы қан қысымының, қанның энергиясының және жылдамдығының өзгерісін Бернулли және Гаген-Пуазейль теңдеулерімен түсіндіруге болады.

Slide 17

Бұл теңдеуді алғаш рет аса көрнекті физик және математик, Петербург академигі Даниил Бернулли қорытып шығарған.

Сондықтан бұл теңдеуді БЕРНУЛЛИ ТЕҢДЕУІ деп атайды.

Мұндағы:

v - ағыс жылдамдығы

P - берілген кеңістік нүктесіндегі қысым

h - сұйықтық элементі орналасқан биіктік

Slide 18 Slide 19

Төмендегі формуланы көлденең қимасы тұрақты цилиндр түтіктермен реал сұйықтардың стационарлық ағыны үшін ГАГЕН-ПУАЗЕЙЛЬ ТЕҢДЕУІ дейді.

Мұндағы:

P1-P2/l - қан тамырының ұштарындағы қысым өзгерісі немесе қысым градиенті

Slide 20 Slide 21

Реология негіздері

Реология (rheos - ағын, logos - ілім) дегеніміз заттардың деформациялануын және ағуын зерттейтін ғылым. Гемореология - қанды тұтқыр сұйық деп қарастырып, оның қан тамырларының бойымен қозғалысын зерттейтін биофизика ғылымынң бір саласы.

Сұйықтың тұтқырлығы деп оның бір қабатының екінші қабатымен салыстырғанда қозғалыс әсерінен пайда болатын кедергіні айтады.

Slide 22

Ньютон заңы

F= µ(dv/dz) S

Мұндағы:

µ - қанның тұтқырлығы

Slide 23

Ньютон заңына тәуелділік


Ұқсас жұмыстар
Ұрықтық қан айналу ерекшеліктері
Қан қысымы
Жүрек және қан айналымы патологиясы
Қан айналым иннервациясы Жыныстық гормондар және олардың қызметі
Ұрықтың және нәрестенің гемодинамикасы
Жүрек камералары
Қан плазмасы Қан жасушалары
Жүректің қызметі
Жүрек қақпақшалары
Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz