Электр және магнит өрісінің тірі организмге әсері


Slide 1

Тақырыбы: Электр және магнит өрісінің тірі организмге әсері. ЯМР мен ЭПР-ді медициналық зерттеулерде қолдану.

Орындаған: Маратов Мейірлан

Факултет: Стоматология

Курс: 1

Топ: 102

Тексерген: Мәдихан Жәнібек Шалқарұлы

Ақтобе 2016 жыл

Slide 2

Электр және магнит өрісінің тірі ағзаға әсері. ЯМР мен ЭПР-ді медициналық зерттеулерде қолдану.

Slide 3

Кіріспе

Биофизиканың магнит өрісінің организмге тигізетін әсері мен тірі организмнің туғызатын магнит өрісін зерттейтін бір саласын магниттік биология деп атайды. Магнит өрісінің адам организміне әсері өте ерте заманнан-ақ зерттеле бастаған. Магнит өрісі нерв жүйесіне жақсы әсер ететінін орыс ғалымы С. П. Боткин ашқан. Тіпті магнит өрісімен кез-келген ауруды емдеп жазуға болады деген көзқарас та ғылымда орын алған еді. Магнит өрісі нерв жүйесіне тежегіштік әсер етеді. Ал қан айналым жүйесінде, қан тамырларының кеңеюін байқауға болады. Өте күшті магнит өрісінің әсерінен микроорганизмдер өсу жылдамдығы және оның өсу сипаты өзгеріске ұшырайды.

Slide 4

Алдымен осындай ЭМ жататын электр өрісі меноның потенциялын, электр кедергісін, магнит өрісін және ЭМ тербелістер мен толқындарды диагностикалық және терапиялық мақсаттарда қолданудың түрлері:

Диагностикалық және терапевтік құралдардың ішінде иабиғаты бойынша электромагниттік (ЭМ) қолданылатын медициналық құралдар ең көп таралған, әрі жиі қолданылатындар санатына жатады. Сонымен ЭМ факторларды қолданудың биофизикалық негізін және оларды қолдану туралы баяндайық.

Slide 5

Электромагнитті құралдар.

Slide 6

Электрокардиография

Адам денесін құрайтын сұйықтар негізінен оң және теріс зарядталған бөлшектерден құралады, олай болса тірі ұлпалардың, ішкі мүшелердің потенциял көзі болуы шартты нәрсе. Жүректің, мидың, бұлшық еттің, қан тамырларының т. б. Физиологиялық күйіне тікелей байланысты болуында. осы, ған байланысты жүрек еттерінің қозуы кезіне пайда болатын потенциялдар айырымын өлшеу әдісін Электрокардиография(ЭКГ), ал осы өзгерістердің графигін электрокардиограмма деп атайды.

Физикалық тұрғыдан жүрек биопатенциялының пайда болуы мен оны өлшеудің теориясын 1903жылы ұсынған голландық ғалым В. Эйнтховен болған

Slide 7

Электрокардио тітіркендіргіш ЭКТ - деп, электр импульс көзі арқылы жүрек соғысын реттейтін медициналық құралды атайды. Қалыпты күйде жүрек минутына 60-80 рет жиырылады, нәтижесінде жүрекше қанды жүрек қарыншасына айдап, ол оны ары қарай қан тамырлар жүйесіне бағыттайды. Жүректің, бұлшық еттерін белгілі заңдылықпен мен босаңсуын үздіксіз қамтамасыз ететін, табиғаты бойыгша электрлік болатын импульсті автоматты түрде өндіретін қасиеті бар.

Slide 8

Электроэнцефалография (ЭЭГ)

ЭЭГ арқылы мидың, бас сүйектің зақымдануын анықтауда, психикалық дамудың тежелуі т. б. Ауруларды диагноздауда қолданылатын негізгі әдіс болып саналады.

ЭЭГ құрылысы өте күрделі медициналық құралдар қатарына жатады, оның күшейткішінің өзіндік шуы өте аз болатын схемалардан жасайды.

Slide 9

Реография

Реография деп шамасы төмен, бірақ жиілігі жоғары токтың тірі ұлпа, адам мүшелері немесе адам денесінің белгілі бір бөлігі арқылы өткен кездегі олардың кедергісінің өзгеруін график түрінде тіркеуді айтамыз. Алынған мәлімет арқылы аталған биологиялық дененің физиологиялық күйі анықталады. Жоғарыда аталған қасиеттің нәтижесінде биологиялық денелердің толық кедергісі - импеданс деп аталатындығына және бұл шаманың ток жиілігіне, биологиялық денелердің сигма меншікті электірлік және эпсилон диэлектрлік өтімділігіне тікелей байланысты.

Slide 10

Реограф түрлері

Slide 11

Электроплетизмография (ЭПГ)

РГ тағы бір түрі электроплетизмографмя (ЭПГ) деп аталынады. Бұл әдісте тірі ұлпа, адам мүшесі немесе адам денесінің белгілі бір бөлігі арқылы ағып өткен қан көлемінің әсерінен дене импедансының өзгеруін тіркеуді атайды және осы мәліметтер арқылы зерттеліп отырған мүше арқылы ағып өткен қанның мөлшері мен жылдамдығын айтады. Сонымен қатар биологиялық денедегі қан тамырларының күйін және ондағы поталогиялық өзгерістерді мүмкіндік береді.

Slide 12

Роэнцефалография (РЭГ)

Реография арқылы мидағы қан айналысын анықтауды реоэнцофолография деп атайды. Аталған диагностикалық құралдар арқылы алынған графиктерді талдау, құралдың құрлысы және онымен жұмыс істеу туралы мәліметтер “Медицинская техника” оқулығында толық түсіндірілген. Аталған үш әдісте бірдей медициналық құрал - реограф қолданылады, тек әр әдіске сәйкес реографқа қосымша қондырғы қолданылады. Бұл диагностикалық әдісте жиілігі жоғары токты қолданудың басты себебі ретінде адам терісінің электрлік кедергісінің өте үлкен болуында.

РЭГ әдісі қан тамырлар жүйесінің күйіе (атеросклероз, гипертония), мидың қанмен қамтамасыз етілуін инсульт, ісік т. б. ауруларды диагноздауда қолданылады.

Slide 13

Франклинизация

Адам ағзасына өте жоғары кернеулі электр өрісімен әсер ету арқылы емдеуді Франклинизация деп атайды. Бұл әдісте бір электрод адам денесі немесе емделетін аймақтың үстіне ілінеді, одан 6-10см қашықтыққа екінші электрод орнатылады. Екі электрод арасындағы ауа қабаты конденсатордағы диэлектриктің міндетін атқарады және оның кедергісі үлкен болғандықтан құралдың өндіретін жоғары кернеуі толығымен осы аймаққа түседі. Жоғары кернеу әсерінен пайда болатын электр өрісі әсерінен электродқа қарсы орналасқан ұлпада молекулалардың поляризациялану құбылысы байқалады, соның әсерінен электр өткізгіштікті жақсы аймақтарда микротоктар пайда болады, ол өз жағынан сол ортадағы иондар арақатынасын өзгертеді.

Slide 14

Аэроионотерапия

Соңғы жылдары франклинизация әдісіне өте ұқсас аэроионотерапия деп аталатын терапиялық әдіс кең қолданылуда. Бұл әдісте емдеу шаралары, жоғары кернеулі электр өрісімен өндірілген оң және теріс иондар арқылы іске асырылады. Емдік шаралары үшін оң және теріс зарядталған иондардың қатынасы 0. 1 - 0. 2 болуы шарт. Мұндай емдеу істері “Озотрон”, ”Ионотрон”, ”АГЭД - 01” құралдары арқылы іске асырылады.

Slide 15

Гальванизация

Адам денесіне бекітілген электродтар арқылы, оның ағзасына емдік мақсатта күші мен кернеуі төмен тұрақты токпен әсер етуді гальванизация деп аталады.

Гальванизация арқылы перифериялық және орталық нерв жүйелерін, радикулитті, ми және жұлын қан айналысының бұзылуы, т. б. Көптеген ауруларды емдеуде қолданылады.

Slide 16

Электрофорез

Электр тогы көмегімен дәрілік заттарды адам терісі арқылы ішкі мүшелерге жеткізуді. Ток эпидермис пен тері асты май қабатынан өткен соң, одан ары жасуша аралық бос кеңістік, қан мен лимфа тамырлары бойымен, нерв және бұлшық ет қабықтары арқылы тарап, тамырлары бойымен электродтар орналасқан аралықтағы ойша сызылған түзуден көп ауытқиды.

Slide 17

Кернеуі мен жиілігі төмен токтық ем.

Кернеуі мен жиілігі төмен айнымалы токтарды емдік мақсатта қолдану кең тараған әдістердің біріне жатады. Осы мақсатта пішіні әр түрлі, жиіліктері 10 000Гц дейінгі, модуляцияланбаған және түрлі дәрежеде модуляцияланған токтар қолданылады. Мұндай терапиялық әдістерге: электрұйқы, диадинамотерапия, амплипулс - терапия, электрмен тітіркендіру, интерференц терапия, флюктуоризация т. б. жатды.

Slide 18

Электрұйқы

Күші мен жиілігі төмен импульсті токпен орталық нерв жүйесіне тікелей немесе рецепторлық аппарат арқылы әсер ету нәтижесінде оның функционалды күйін қалпына келтіруді электрұйқы деп атайды. Ток күші 05 - 10мА, кернеуі 12 - 18 В, жиілігі 100 Гц, пішіні төрт бұрышты электр тогының миға әсерін алғаш рет жануарларға сынаған S. Leduc (1902), жануарлардың ұйқы күйіне түсіп, импульсті ток наркоздың әсеріндей болатындығын хабарлаған, кейінен мұндай токтың зиянды, серлері де болатындығы анықталды.

Slide 19

Диадинамотерапия

Адам ағзасына жиілігі төмен, екі түрлі импульсті токпен жеке және аралас түрде әсер ету арқыл емдеуді диадинамотерапия деп атайды. Бұл әдісті қолдануды 1935 - 1940ж. ж И. А. Абросимов, А. Н. Обрасовтар ұсынған болатын

Slide 20

Амплипульстерапия

Импульстік токтардың емдік әсерлерін зерттеу барысында адам ағзасына бір мезгілде тұрақты және орта жиіліктегі импульсті токпен әсер етудің ұтымды жақтары бар екендігі анықталды. Осы ойды іске асырған В. Г. Ясногродский мен инженер М. А. Равичтер 1963ж амплипульстерапия деп аталатын импульсті ток емдеу ісінде қолданудың технологиясын ұсынды. Бұл әдісте, адам ағзасына синусоидалы, модуляциялану дәрежесі әртүрлі импульсті токпен әсер ету арқылы емдік шаралар жүргізіледі.

Slide 21

Жиілігі өте жоғары емдік ток

Жиілігі өте жоғары токтарды емдік мақсатта қолдану кең тараған әдістердің біріне жатады. Осы мақсатта жиіліктері 100кГц тен 300 000 мГц дейінгі токтар мен толқындар және олардың өрістері қолданылады. Мұндай терапиялық әдістерге: дорсанвализация, УЖЖТ, СМТ, ДМТ т. б. жатады.

Slide 22

Дарсонвализация

Жилігі 110 кГц, ток шамасы 0 - 02 мА, кернеуі 25 - 30 кВ, пішіні қоңырау тәрізді, 50 Гц жиіліктег токпен модуляцияланған, ұзақтығы 50 - 100 мкс болатын импульсті токпен адам ағзасының кейбір аймақтарын емдеуду досанвализация деп атайды.

Ддорсанвализация арқылы Рейно, аяқ вена тамырларының варикозын, нейродермидтерді, трофикалық жараларды т. б. ауруларды емдейді. Мұндай емдік шараларды Искра - 1, Вихрь - 1 құралдарымен іске асырылады.

Slide 23

УЖЖ

Жиілігі 30 - 300 Мгц аралығындағы электромагниттік тербелістер мен толқындар ультра жоғары жилікке жатқызылады, ал осы диапазон жататын 27. 12 МГц жиілікке сәйкес келетін ЭМ өрісті емдеу мақсатында қолдануды ультра жоғары жиілікті терапия деп атайды.

УЖЖТ арқылы өте көп ауруларды емдейді, ол арқылы кез-келген қабыну процесін (эндокрин бездерінің, фурункулез, травматизмде, іріңдеде, ринит, неврит т. б. көптеген) басуға болады.

Slide 24

Сантиметрлік толқынды терапия СМТ

СМТ деп, адам ағзасының кейбір аймақтарына жиілігі 2375 МГц, толқын ұзындығы 12. 6 см, аса жоғары жиіліктегі (АЖЖ) электромагниттік толқынмен әсер ету арқылы емдеу әдісін атайды. Осы мақсатта қолданылатын толқынның максимал қуаты 70 - 100 Вт артпауы тиіс.

Slide 25

Дециметрлік толқынды терапия (ДТТ)

ДТТ деп, адам ағзасының кейбір аймақтарына жиілігі 460 МГц, толқын ұзындығы 65 см, аса жоғары жиіліктегі (АЖЖ) электромагниттік толқынмен әсер ету арқылы емдеу әдісін атайды. Осы мақсатта қолданылатын толқынның максимал қуаты 100 Вт артпауы тиіс.

Slide 26

Жоғары жиілікті ток(ЖЖ)

ЖЖ токты мединцинада қолданудың тағы бір - саласы электрохирургия болып саналады. Қазіргі кезеңде гинекология, гастроэнтрология, отолорингология, офтальмология, урология, проктология, торкальды хирургия т. б. салалардағы хирургиялық операциялардың 80 - 90%осы әдіспен жасалынады.

Slide 27

Электрохирургия ЭХ


Ұқсас жұмыстар
Электромагниттік толқындардың әсері
ЭЛЕКТР ЖӘНЕ МАГНИТ ӨРІСТЕРІНІҢ ТІРІ АҒЗАҒА ӘСЕРІ
ӨРІСТЕРІНІҢ ТІРІ АҒЗАҒА ӘСЕРІ
Магнит өрісі. Магнит өрісінің тірі организмге әсері
Адам ағзасына электр тогімен әсер ету әдістері
Электр және магнит өрісінің тірі ағзаға әсері
ЭЛЕКТР ЖӘНЕ МАГНИТ ӨРІСТЕРІ
Электромагниттік өрістер және денсаулықтың нашарлау қаупі
Магнит өрісін қолданатын диагностикалық және терапиялық құралдар
Электр өрісі - электрмагниттік өрістің дербес бір түрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz