Мес қарынды тексеру


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

Семей қ. Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Ветеринарлық медицина кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы:Жануарлардың түріне байланысты құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы

Орындаған: Көшербаев Б. С.

ВМ-305

Тексерген: Билялов Е. Е.

Notes: қ

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

2. 1 Ірі қара малдың құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы

2. 2 Жылқының құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы

2. 3 Иттің құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы

2. 4 Шошқаның құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы

2. 5 Ұсақ малдардың құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы

Қорытынды.

Slide 3

Ірі қара малдың құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы

Ірі қара малдың құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы

Жылқыдағы сияқты көкірек қуысымен көкірек диафрагма бөліп тұрады.

1. Оң жағында бауыр диафрагмаға тікелей жабысып тұрады. Ол 7-12-ші қабырға аралығында қабырға астында орналасқан.

2. Құрсақ қабырғасына жақын нағыз және жалған қабырғалардың қосылған аймағында 8-12-ші қабырға аралығында ұлтабар орналасқан.

3. Аш ішек бөлімі құрсақ қуысының төменгі 1/3 бөлігін толық алып жатыр.

4. Аш ішек бөлімінің үстінде құрсақ қуысының ортаңғы 1/3 бөлігін тоқ ішек алып жатыр.

5. Оның жоғарғы бөлігінен мықын деңгейінде жамбас аймағына қарай бағытталған соқыр ішек шығады.

6. Он екі елі ішек ұлтабардан 11-ші қабырға деңгейінде шығып, жоғары көтеріледі де, 13-ші қабырға астында иіліп ащщы ішекке өтеді.

7. Оң жақ бүйрек 1-3-ші бел омыртқаларының көлденең өсіндісінің астында орналасады.

Slide 4

Ірі қараның топографиясы

Slide 5

Жылқының құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы

Кеуде қуысы құрсақ қуысынан күмбезі 6-7-ші қабырғаға жететін диафрагмамен бөлінген. Диафрагмаға жақын құрсақ қуысының алдыңғы оң жақ бөлігінде бауыр ораналасады. Оң жақ бөлігінің 3/5 бөлігі 7-15-ші қабырға аралығында орналасып, толығымен жабылып жатқандықтан, қиын тексеріледі. Құрсақ қуысының оң жақ бөлігін толығымен жуан ішектер алып жатады: а) үлкен тоқ ішек және оның оң жақ вентральді және дорсальді орналасуы. (оң жақ мықын, 8-17 қабырға асты, бел аймағына дейін) ; б) соқыр ішек, оның басы оң жақ айшық қуыста орналасады. Соқыр ішектің денесі шап аймағын толығымен іштің ортаңғы бөлігін алып жатады, ұшы семсер тәрізді шеміршекке дейін жетеді; в) Аш ішек бөлімі (мықын ішек) соқыр ішектің артында мықын аймағының артқы бөлігінде, іштің төменгі 1/3 бөлігінде жатады; г) он екі елі ішек; д) оң жақ бүйрек 15-16 көкірек омыртқаларының астында орналасады.

Slide 6

Жылқының құрсақ қуысы топографиясы

Slide 7

Иттің құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы

Slide 8

Иттің құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы

Иттің құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы

Сол жақта:

1. Диафрагма бауырдың төменгі бөлігі 7-ші қабырғаға, ал жоғарғы бөлігі 12-ші қабырғаға дейін жабысып тұрады.

2. Жуан ішек бөлімі іштің оң жақ жартысын толығымен алып жатады.

3. Бүйрек 12-13-ші қабырға аймағында орналасқан.

Сол жақта:

1. Бауыр диафрагмаға 7-11-ші қабырға аралығында тиіп тұрады.

2. Асқазан сол жақ 8-12-ші қабырға астында орналасқан.

3. Көкбауыр асқазанға төмен бағытталған ұзын жолақ түрінде жабысып тұрады.

4. Аш ішек бөлімі құрсақ қуысының сол жағын толық алып жатады.

5. Тоқ ішек іштің жоғаарғы артқы бөлігінде орналасады.

6. Сол жақ бүйрек 12-ші қабырға мен 3-ші бел омыртқа аралығында орналасқан.

Slide 9

ШОшқаның топографиясы

Шошқаның құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы

Оң жақта:

1. Диафрагма 7-ші қабырға деңгейінде орналасқан.

2. Бауыр диафрагмаға жабысып тұрады, ал жоғарғы бөлігі 13-ші қабырғаға дейін жетеді.

3. Асқазанның бір бөлігі 11-ші қабырғадан төменірек құрсақ қабырғасына тиіп тұрады.

4. Соқыр ішек спираль тәрізді болады, ол құрсақ қуысының төменгі артқы бөлігінде орналасады.

5. Оң жақ бүйрек 1-4-ші бел омыртқасы деңгейінде орналасқан.

Сол жақта:

1. Диафрагма 7-ші қабырға деңгейінде орналасады.

2. Асқазан сол жақ 10-12-ші қабырға астында бауырға тиіп тұрады.

Аш ішек бөлімінің бір бөлігі іштің төменгі артқы ⅓ бөлігінде орналасқан.

Slide 10

Шошқаның топографиясы

Slide 11

Ұсақ малдардың құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы

Ұсақ малдардың құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы

Құрсақ қуысының барлық мүшелері ірі қара малдардікі сияқты орналасқан. Тек қана бауырында айырмашылығы бар. Оның жоғарғы артқы шекарасы 13-ші қабырғаға дейін жетеді.

Сол жақта:

1. Құрсақ қуысының бүкіл сол жақ жартысын мес қарын алып жатады.

2. Мес қарынның үстінде 8-12-ші қабырға аралығында көкбауыр орналасады.

3. Семсер тәрізді шеміршектің үстінде бірақ, солға қарай, диафрагма күш безінде 7-8 -ші қабырға деңгейінде тақия қарын орналасады.

4. Сол жақ бүйрек 2-4-ші бел омыртқаның астында мес қарынмен оңға қарай ығыстырылып орналасады.

Slide 12

Мес қарынды тексеру

Сол жақ аштық қуыспен сол жақ мықынды қарау кезінде іштің көлемі мен пішінінің өзгерісіне көңіл аударады. Мес қарынды сипалау арқылы оның сезімталдығын анықтайды. Мес қарынның 2 минут ішіндегі жиырылуын санайды. Нұқу арқылы сау жануардың сол аштық қуыстың аймағында тимпаниялық дыбыстың бар-жоғына және оның өзгерісіне назар аударады. Тыңдау арқылы мес қарынның жиырылуымен сәйкес келетін тұйық шулардың күшін, жиілігін және ұзақтығын анықтайды.

Тақия қарынды тексеру

Ірі қара малдың тақия қарынының негізгі ауруы-травматикалық радикулит. Оны анықтау үшін келесі әдістер қолданылады:

а) төс сүйектің семсер тәрізді өсіндісі аймағына қысым түсіру арқылы;

б) шоқтық аймағының терісін қатпар қылып бір орынға жинау арқылы;

в) көкірек қуысының бүйір бетін басу арқылы;

г) диафрагманың беку сызығы бойымен нұқу арқылы;

д) жануарды еңіске түсіріп жүргізу арқылы;

е) пилокартин және т. б. заттарды тері астына егу арқылы.

Slide 13 Slide 14

Кітапша қарынды тексеру

Сипалау, нұқу, тыңдау әдістері қолданады. Сипалау кезінде кітапша аймағын жұдырықпен басу арқылы ауырсынуды анықтайды. Ауырсынғанда жануар қыңсылайды, мөңірейді, қашуға ұмтылады.

Нұқу кезінде сау жануарларда топастау немесе топас дыбыстың бар-жоғын және кітапша бітеліп қалған жағдайда ауырсынуын анықтайды. Кітапшаны тыңдау арқылы сау малдарда сықырлаған дыбыстың бар-жоғын және ол дыбыстың кітапша бітеліп қалғанда жоғалуын анықтайды.

Ұлтабарды тексеру

Сипалау кезінде ұлтабар қабынуы, жара, улану және т. б. ауруларда ауырсынудың бар - жоғын анықтайды.

Жылқы асқазанын тексеру

Асқазанды тексерудің негізгі әдісі -зонд жіберу арқылы тексеру.

Аш ішек бөлімін тексеру

Сипалау және нұқу арқылы ауырсынуды, сезімталдығын, жергілікті температурасын анықтайды. Тыңдау арқылы - өзіне тән дыбыстардың бар немесе жоқтығын анықтау.

Жуан ішек бөлімін тексеру


Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың түрлеріне байланысты құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы
Ұлтабаралды қарындары ауырған малды клиникалық-зертханалық әдістермен зерттеу,диагноздарын негіздеу
Руминотомия
Мес қарынның және соқыр ішектің кебуі кезінде көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек көрсету
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ МЕС ҚАРЫННЫҢ ЖІТІ КЕБУІ
Операцияның мақсаты
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу
Тасымалдау кезіндегі жануарлардың жұқпалы емес аурулары
Денсаулық топтары
Жануарлар ішкі аурулары клиникалық балаумен пәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz