Шалабай ЖШС



Өндірістік іс-тәжірибе есебі ШҚО Жарма ауданы Шалабай ауылы «Шалабай» ЖШС-нің асылтұқымды шаруашылығы
Орындаған:Әбіш Е. М
Топ: Вм-503
5В120100- «Ветеринариялық медицина»
Семей 2019ж

Кіріспе
Қазақстан Республикасында жүргізілетін ветеринариялық қызметтің негізігі мақсаты шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп, жануарларды жұқпалы емес, жұқпалы және паразиттік аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамды сақтандыру, мал ауруын азайту, шығынға жол бермеу, шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша азайту болып саналады.

Тәжірибе өткен орынның сипаттамасы, климаты мен географиясы «Шалабай» ЖШС
Шалабай ауылдық округі - Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы Қалбатау ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 43 км жерде, Қалба жотасының шығыс беткейінің етегінде Қызылсу-Шар өзенінің жағасындағы дала белдемінде орналасқан. Тұрғыны 1, 1 мың адам (2006) . Іргесі 1932 ж. ет бағытындағы асыл тұқымды ірі қара мал өсіруге арналған зауытты құру негізінде қаланған. 1996 ж. зауыт таралғаннан кейін, оның негізінде ЖШС (сурет-1), бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
Тиімділік жағынан қарастырсақ, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының «Шалабай» ЖШС асыл тұқымды шаруашылығының экономикасына тоқталып отырмыз. Себебі «Шалабай»ЖШС-нің асылтұқымды шаруашылығы қазіргі кездегі Елбасымыздың халық алдына қойған міндетінің бірі малды, оның ішінде қазақтың ақ бас сиырының тұқымын жетілдіруді талап етуде. Сол мақсатта сол шаруашылығына мән беріп отырмыз.

Сурет 2. Шалабай шаруа қожалығындағы асыл тұқымды сиырлары
Сурет1. «Шалабай» ЖШС -нің асыл
тұқымды мал зауоты

КеКЕЕ. Кесте1
«Шалабай» асыл тұқымды шаруашылығының жарамды жер көлемі 27000га, жайылым көлемі 8000га, шабындық 3000га болады
Жарамды жер түрлері
Ауданы, га
Жалпы жер ауданы
33500
Егістік жер
3000
Шабындық
19000
Жайылым жер
11000
Өзге жерлер
500
Бұл кестедегі көрсетілген жерде шаруашылық жергілікті халыққа қажетті мәдени өсімдіктер картоп, сәбіз, қызылша одан өнім алынып, біраз мөлшерін сатып пайдаға асырылады.
Кесте 1.

Шаруашылықтағы жалпы мал саны ірі қара - 1500 бас, ұсақ малдар- 2000 бас, аттар- 450 бас (кесте-2) . Мал қыстайтын қыстағы бар.
Соңғы үш жыл бойынша шаруашылықтағы мал басының саны

Шаруашылықтың індеттік жағдайы
Эпизоотияға қарсы шаралардың және басқа профилактикалық шаралардың негізі, ол шаруашылыққа жұқпалы ауруларды енгізбеу болып табылады. Ол үшін барлық шаралар уақытында істеліп отырылуы керек.
.
Сурет 3. Сиырлардан серологиялық тексеруге қан алу жұмыстары.
Сурет 4. ЛТФ-130 вакцинасын бұзауға егу.

Сурет 5. Қойлардан серологиялық тексеруге қан алу жұмыстары.
Сурет 6. Иттерден серологиялық тексеруге қан алу жұмыстары.

Мал қораларға жылына екі рет дезинфекция жасалуды көздейді. Бұл жұмыстар толығымен жасалынып отырылады.
ЖШС «Шалабай» асыл тұқымды қожалығығында жүргізілетін індеттік аурулардың алдын-алу шаралары:
Кесте 2

Індеттану және жұқпалы аурулар
Індеттану туралы түсінік. Індеттану - індет процессін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден тұратын қазақтың төл сөзі: індет-жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану - білу, яғни ғылым, деген мағына береді. Індеттану батыс тілдерінде «эпизоотология» деп аталады. Ол да екі ұғымның жиынтығы эпизоотия /грекше ері - арасында, zооп - жануар/ және Logos - ғылым. Бұл терминнің шығу төркіні медицинаның саласы эпидемиологияға барып саяды. Эпидемия - жұқпалы аурулардың адамдар арасында кең таралуы.
Індеттану курсында қарастырылған ветеринариялық санитарияның негізгі әдістері:дезинфекция, дезинсекция және дератизация.
Тағы біз «Шалабай» шаруа қожалығында ірі қара аусылына, құтырыққа жоспарлы вакцинация іс - шараларын жэне туберкулез ауруына аллергиялық реакциясын және ұсақ малдарғада аусыл мен құтырыққа қарсы вакцинация жұмыстарын атқардық. Жылқыларды манқаға қарсы тексеру жұмысын тексердік. Ол үшін жылқыларға маллеин препаратын көзге тамыздық.

Егер жұқпалы ауруларға қарсы уақтылы шұғыл шаралар қолданылмаса мал шаруашылығы орасан зор шығынға ұшырайды. Бұл шығынды құрайтындар: мал өлімі және соған байланысты мал басының кемуі, ауырған малды емдеуге кеттетін шығындар және т. б.
Сурет 7. Қан алынған пробирканы нөмірлеу

Ішкі жұқпалы емес аурулар
Жануарлар жұқпалы аурулардан гөрі жұқпалы емес аурулармен көп ауырады. Жұқпалы емес аурулардан малдың 90% өлім-жітімге ұшыраса, жұқпалы аурудан небәрі 10% ғана ұшырайды. Жұқпалы емес аурулар сырттан келген малдан жұқпайды, керісінше шаруашылықтың өз ішінде азықтандыру тәртібінің бұрмалануы, азықтың жеткіліксіздігі, құнарсыз азықпен азықтандыру немесе дұрыс күтпеу сияқты қолайсыз жағдайлардың салдарынан ғана пайда болады.
«Шалабай» шаруа қожалығында малдарды топ-топқа бөліп алып бірнеше кун диспансеризация жасадық. Ветеринарлық талаптарға сай барлық жұмыстар атқарылды. Сондай ақ малдарды бір-бірден таразыдан өткізіп, салмағын тексеріп, журналға тірі салмағын жазып қойдық. Кездескен ауру малдарды станокка тұрғызып емдедік.
Сурет 8. «Шалабай» ЖШС базасы.
Сурет 9. Мал салмағын өлшеу.

Мал дәрігерлік істі ұйымдастыру
Мал дәрігерлік істі ұйымдастыру мен экономикасына мал дәрігерлік заңдылықтың, мал дәрігерлік статистиканың, ветеринариялықтағы бухгалтерлік есептің, мал дәрігерлік санитарлық жұмыстың ветеринарлық жабдықтаудың, мал дәрігерлік құрылыстың, мал дәрігерлік іс жүргізу жұмысының негізгі ережелері кіреді.
"Шалабай" шаруа қожалығында мал дәрігері, бірнеше қойшы, 38 жұмысшы адам жұмыс істейді. Шаруашылықта малдарды тасымалдауға арналған автокөлік бар, шөп таситын тракторларыбар.
Мал дәрігерлік қызметкерлердің негізгі міндеті ауыл шаруашылық өндірісінің шығынын неғұрлым азайтьш, ауыл шаруашылық өнімдерін сапалы өндіріп дұрыс сақтап, жоғары бағамен сатылуына ықпал ету. Сондықтан малдәрігерлік істі дұрыс жоспарлау өте маңызды. Жоспар бойынша дұрыс ұйымдастырылған іс материалдық және қаржылық кұралдың тиімді пайдаланып жұмсалуына жұмыс күшінің оңтайлы жұмсалуына әсер етеді және жоғарғы экономикалық эффектілікпен қамтамасыз етеді.

Малдәрігерлік жоспарлаудың объектілері:
1. Инфекциялық және инвазиялық аурулардың алдын- алу шараларын өткізу.
2. Ішкі жұқпалы емес аурулардың алдын- алу шараларын өткізу.
3. Малдәрігерлік шараларды материалдық және техникалық қамтамасыз ету, қаржыландыру.
Сурет 10. Мал дәрігерлік іс жүргізулер

Зоогигиена және ветеринариялық санитария
Зоогигиена пәні - малдың денсаулығын сақтап, одан аз шығын мен мол өнім салуға бағытталған ғылым. Бұл пән:
Малдарға туғызатын жағдайдың (қамау, айдау, байлау) денеге әсері.
Күн сәулесі ауа, топырақ, су азықтардың құрамдары мен денеге тигізетін әсері.
Қора бөлшектерінің қасиеттері және тазалау, желдету жұмыстарының денеге әсерін оқытады.
Малдарды, жас төлдерді аурулардан сақтандыру жолдарын, әсіресе адам мен малға ортақ жолдарын сақтандыру әдісі.
Сыртқы ортаны, ауа, су, топырақ, сақтандыру шараларын оқытады.
ТОО"Шалабай" асыл тұқымды қожалығының мал тұратын баздарының ұзындығы -300 м, ені-10м, биіктігі-2м . Осы базда 2 үлкен қақпа мен 4 кіші есік бар, ауа алмастыратын 9 құбыр бар.

Ветеринариялық хирургия
Хирургия - медицина ғылымының үлкен бір саласы. Хирургия сөзінің мағынасы грек тілінен аударғанда, "хиер" қол және "ерго" әсер ету. Хирургия операция жасау жолымен емделетін дерттерді зерттейді және ондай операцияның әдіс тәсілдері мен техникасын хирург мал дәрігерлердің күнделікті іс тәжірибесі арқылы жетілдіре отырып, жүзеге асырады. Хирургияның тарихы сонау замандардан басталады. Хирургия әсіресе грецияда күшті дамыған. Гректің атақты ғалымы Гиппократтың хирургия жөнінде жазған еңбектері осы күнге дейін сақталған.
«Шалабай» шаруа қожалығында өндірістік тәжірибені өткен кезде хирургияға әр түрлі хирургиялық ауруларды кездестірдім. Мысалы: аяқ сыну, сіңір созылу, шиқан, жарық, әртүрлі жарақаттарға медициналық көмек көрсеттім. Бұл жұмысты малдәрігерімен бірге жасадым. Сиырдың тұяқ ауруы айырманы емдедік. Өліеттенген жерін тұяғымен қоса кесіп тастадық та дегать жағып, құрттағандарына карален жағып емдік шаралар жұргіздік.

Ветеринариялық фармакология және токсикология
Фармакология - ауқымды кең ғылым, оны медицина, ветеринария, мал шаруашлығы, биология, фармация саласында жаңа дәрілік заттарды синтезден, олардың табиғаттағы таралуын іздестіруге қолданады. Ветеринарияда фармакологияны тірі организмдегі дәрілік заттардың әсерінен болатын физиологилық және биохимиялық өзгерістердің заңдылықтарын зерттеп, осының негізінде бұл заттардың мал шаруашылығындағы қолданылуы, қолдану әдісі мен шарттарын зерттейтін ғылым деп қарайды.
Сурет 11. «Шалабай» ЖШС ветеринариялық дәріханасы

«Шалабай» шаруақожалығында дәрілерді қолдану ережеге сай төмендегідей жүргізілді.
Йод тұнбасы 5%-ды -қара қоңыр сұйық. Жараға жағады.
Бриллиант көгі - қою, көк түсті сұйық. Қатты күйдірмейді, терісі жұқа жерлерді сүртеді.
Сутегінің асқын тотығы- түссіз сұйық. Жараның бетін жуады.
Марганец қышқылды калий - сауда тез еритін ашық көк түсті кристалл. 0, 1-0, 3 пайыздық су аралас ерітіндісімен жараны, күйікті, жылан шаққан жерді, ауыз қуысын шаяды.
Спирт - түссіз, жанатын сұйық. Бұл көптеген дәрі-дәрмекті ерітеді. Операция жасайтын жерді және қолды спиртпен сүртеді.
Вазелин -ақ және сарғыш түсті қою май. Теріні жұмсарту, құрал жабдықты майлау үшін және әр-түрлі жақпа майлар дайындауға пайдаланады.
Ақ стрептоцид - ақ түсті ұнтақ. Көк макрофлорасының көбеюін тоқтады. Малдың аузына салады, таза күйінде және өзге ангисептикалық дәрілерге қосып жараның үстіне де себеді.
Пеницилин - ақ немесе сарғыш түсті ұнтақ. Новокаинның 25 пайыздық ерітіндісіне дайындап ет арасына, көк тамырға артерияға, табиғи және іріңді қуыстарға жібереді және ұнтағын жараға себеді.
Синтомицин - ақ түсті ұнтақ, ампулада сақталады, пенцилин секілді қолданылады. Балық майын және басқа майларды қолданып 1-20 пайыздық эмульсия дайындайды, мұны көздің және басқа органдардың ауруына пайдаланады.
Вишневский майы - қоңыр түсті қою май, әр-түрлі ісіктерге жағады. Оны салфетка және дәкеге жағып жараның бетіне салып таңады.
Танғыш материалдар - заводта дайындалған әрі стерилдендрілген және қажет кезінде жергілікті жерде дайындайды.
Мақта - сарғыш не ақ түсті, майсыз.
Дәке - майсыз, ақ түсті, ылғалды жақсы сіңіріп, тез шығарады.
Скальпель - хирургиялық болат пышақ, ұшты, жүзі жалпақ, ұшы түзу, имек түрі болады. Мұнымен тіледі, теседі.
Пинцеттер - жарадан бөгде заттарды суырып алады, тканьды ұстап тұрады, не алады, тампонды, салфетканы ұстайды.
Түтікті резеңкелі жгут - ірі қара -жуан, ұсақ малға -металл ілмекті, ұшында шынжыры бар немесе кәдімгі резина түтік қолданылады.
Сүт катетері -бірі ұшы домалақ, екінші ұшының басы бар жұқа металл түтік. Бұл арқылы желіннен сүтті ағызады да, желінге дәрі жібереді.
Шприц - сыйымдылығына қарай әр түрлі болады. Ұлпалар мен қуысқа сұйық дәрі жіберу үшін қолданылады.

Инвазиялық аурулармен күресу мақсатында шаруашылық малдарына жоспарлы мынандай алдын алу шараларын жүргіздік:
Ауылдық округтегі қойларға ивермек егілді.
Иттерді дегельминтизациялау.
Сурет 12. Ивермек препараты
Сурет 13 . Ивервексан препараты

Мал акушерлік геникалогиясы және көбею биотехнологиясы
Ветеринариялық акушерство (франц. Ассоuсһег - туу, тууға көмектесу) - жыныстық және эндокринді жүйелерімен байланысты және аналық организмде өтетін жыныстық цикл, ұрықтандыру процесінде, буаздықта, тууда, туудан кейінгі кезеңде, сонымен қатар сүт безіндегі физиологиялық және патологиялық процестерді оқытатын ветеринарлық медицинаның клиникалық бөлімі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz