Көздің бұршақ денесі




Презентация қосу
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Жануарлардың көру мүшесі

Орындаған: Ерсаина Б. М
Тобы: ВС-801
Тексерген: Сатиева Қ.Р

Семей 2019
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Көздің бұршақ денесі
2. Көз қосымшалары
3. Көз алмасының лимфа жүйесі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Көз – жануарлардың қоршаған ортаны көретін аса маңызды дене
мүшесі. Көру арқылы олар кеңестікте еркін қозғалады, азығын тауып
жейді. Қажет болғанда жауынан қорғанады, қашып кете алады.
Жануарлардың көздері ауруларға біршама жиі шалдығады. Себептері де
сан алуан. Көз ауруларына шалдыққан, көзі нашар көретін немесе мүлде
көрмейтін жануарлардың өнімділігі төмендейді, арнайы күтімді
қажет етеді. Кейде мертігіп өлімге де ұшырайды. Ал, асыл тұқымды
малдар құнсызданады. Шаруашылықтарға біршама экономикалық зиян
тигізуі мүмкін.
Жануарлардың көз ауруларын ветеринария ғылымдарының бір саласы -
ветеринариялық офтальмология зерттейді.
Офтальмология – гректің екі сөзінен құралған. Ophthalmos – көз, logos –
оқу, білім, көз туралы ғылым дегенді білдіреді. Қазіргі ғылыми түсінік
бойынша офтальмология – көздің анатомиясы, физиологиясы, көз
ауруларының пайда болу себептері, патогенезі, анықтау, зерттеу, емдеу
әдіс – тәсілдері мен алдын алу шаралары жөніндегі ғылым.
Негізгі бөлім

Көздің бұршақ денесі - (lens crystallina) екі жағы дөңес
(алдынғы жағынан артқы жағы дөңестеу), мөлдір, линза
тәрізді дене. Ол қарашық пен түсті қабықтың артында,
шыны тәрізді дененің алдыңғы жағындағы тостаған
сияқты ерекше орында орналасқан. Оны қарашықтың
ортасында кірпікті дене (цинова) байламы ұстап тұрады.
Бұршақ денеде қан және жүйке тамырлары жоқ. Көз
қуыстарының сұйығынан осмос арқылы қоректенеді.
Бұршақ дене көздің негізгі жарықты сындыру мүшесі. Көз
қусын (камерасын) алдыңғы және артқы камераларға
бөледі. Көз бұршағының негізгі қызметі рефракция, яғни
параллел жарық сәулелерін сындырып, оларды бір нүктеге
жинау. Бұл нүкте «фокус» делінеді. Қалыпты фокус көздің
торлы қабатына сәйкес келіп, жануарлар қоршаған орта
заттарын анық көреді.
Шыны тәрізді дене – (corpus vitreum) көз
алмасының көз бұршағы артында орналасқан
камерасын толтырып тұратын іркілдек, мөлдір,
фибрилл талшықтарымен айшықталған масса.
Оның 98,5% су, ал қалғанын органикалық және
бейорганикалық заттар құрайды. Қан және
жүйке тамырлары жоқ. Кірпікті дене сұйығымен
толығып отырады. Негізгі қызметі жарықты
сындыру, сонымен қоса көздің ішкі қысымын,
тамырлы және торлы қабықтарды қалыпты
жағдайда ұстап тұрады.
Көз
қосымшалары
Көз қосымшаларына жатады: көз шарасы, көз
шарасының ішкі қабы, қабақтар, жас аппараты, көз майы
және көз бұлшық еттері.
Көз шарасы – (orbita) бас сүйектің көз алмасы мен оның
қосымшалары орналасқан ұяшығы. Оның жоғарғы жағын
маңдай сүйек, төменгі жағын шықшыт және жас
сүйектер, сырт жағын шықшыт және самай сүйектің
шықшыт өсіндісі, ал іш жағын жас және маңдай сүйектер
құрайды. Жылқыда, сиырда, қойда ол бастың алдына қарай
шығыңқы орналасса, шошқада жанына қарай орналасқан.
Негізгі қызметі көзді және оның қосымшаларын
механикалық зақымдалулардан қорғау.
Мүйізді ірі қараның бас сүйегінің көз шарасы аумағы:

1 - көз асты тесігі; 2 жас – танау қуысы; 3 - жас сүйегі; 4 - жас
қабының шұңқыры; 5 - шықшыт сүйек; 6 - шықшыт сүйектің маңдай
тармағы;
7 - шықшыт сүйектің самай тармағы; 8 - жас қабы; 9 - маңдай сүйек;
10 - маңдай сүйектің шықшыт тармағы; 11- көз шарасы.
Көз шарасының ішкі қабы – (periorbita) көз шарасының ішкі
жағында орналасқан созылғыш дәнекер ұлпадан тұратын
қапшық. Қапшықтың алдыңғы жағы көз шарасының арт
жағындағы көру тесігінің айналасына бекісе, ал негізі көз
шарасының айналасына бекіген. Оның ішінде көз алмасы,
көз бұлшық еттері және көз майы орналасқан. Онда
жүйке (артқы жағында көздің көру жүйкесі) және қан
тамырлары өтетін торлы тесік бар.
Көздің сірі қабықтары – (фасция) көз және оның бұлшық еттерін
үш сірі қабық қоршап жатыр. Олар беткі (F. Superficialis), терең (F,
profunda) және көз алмасы немесе тенова (f, bulbi) сірі қабықтары.
Соңғы көз алмасы немесе тенова сірі қабығы көздің қасаң
қабығының шетінен басталып, ақ қабықты, көз алмасын жауып,
көз шарасының көру тесігінің айналасына бекіп, терең сірі
қабықпен бірігіп, көздің көру жүйкесінің қынабын түзіп, бас
сүйектің қуысына өтіп, ми қабымен байланысады. Сөйтіп көз
алмасы мен ми арасындағы анатомиялық байланысты қамтамасыз
етуге қатысады.
Көз майы – ол көз алмасының май жастықшасынан және май
қапшығынан тұрады. Алғашқысы көз шарасының ішкі қабығының
сыртында орналасқан және самай ойығын толтырып тұрады. Ол
көздің сыртқы майы болып есептелінеді. Ал соңғысы көз шарасының
ішкі қабығының ішінде орналасқан. Ол көз бұлшық еттерінің және
көздің сірі қабықтарының аралықтарын толтырады және көру
жүйкесін сыртынан қаптап жатады. Көз майы көз алмасының
оңай қозғалуын қамтамасыз етеді. Оны жарақаттанудан, суық пен
ыстықтан қорғайды.
Жас аппараты – (apparatus lacrimalis) жоғарғы және үшінші
қабақтардың жас бездерінен, жас өзегінен, жас нүктелерінен, жас
қапшығынан және жас – танау өзегінен тұрады. Жоғарғы қабақтың
жас безі көз шарасының ішінде, көз алмасының жоғарғы жағында
маңдай сүйектің көз шарасы өсіндісінің іш жағындағы арнайы ойықта
орналасқан. Ол жалпақ келген, қызғылт түсті мүше. Диаметрі 5,5 см
дейін жетеді. Сиырда екі бөліктен тұрады және одан 6 – 8 жас
түтіктері шығады. Жылқыда жас түтіктерінің саны 12 – 16 дейін
болады. Жас түтіктері жоғарғы қабақтың конъюнктивасында
ашылады. Үшінші қабақтың жас безі (гардерова безі) оның шеміршегінде
орналасқан. Одан 2-3 жас түтігі шығып, үшінші қабақтың көз
алмасына қараған жағында ашылады.
Жас - жас безі шығаратын секрет. Ол әлсіз сілтілік мөлдір сұйық. Оның
құрамы 99% судан, 1% қатты органикалық және бейорганикалық
заттардан тұрады. Сонымен бірге жаста лизоцим бар. Ол
антибактериалдық қасиетке ие. А витамині жетіспесе жаста лизоцим
мөлшері азаятыны белгілі. Ол көз ауруларының пайда болуына себеп. Жас
қабақтардың қозғалысы, яғни қабақ қағу кезінде шығып,
конъюнктиваны, қасаң қабықты жуып, көздің ішкі бұрышына
жиналады. Одан әрі жас шығару жолы арқылы (жас нүктелері, жас
өзегі, жас қабы, жас – танау өзегі) танау қуысына шығарылады .
Жылқының жас аппаратының құрылымы:

А. Бас сүйектегі жас – танау өзегінің
сызбасы; Б. Жас органдары; 1 - жас безі; 2 -
жас түтіктері; 3 - жас нүктелері; 4 - жас
өзегі; 5 - жас қапшығы; 6 - жас - танау өзегі;
7 - жас - танау өзегінің танау қуысындағы
Көзді қозғалтатын бұлшық еттер. Көз алмасын жеті бұлшық ет
қозғалысқа келтіреді. Олардың төртеуі түзу бұлшық еттер.
Жоғарғы және төменгі (m.m. recti bulbi dorsalis et ventralis), сыртқы
және ішкі (m.m. recti lateralis et medialis) бұлшық еттер. Олар
жиырылғанда көзді өз қасиеттеріне сай белгілі бағытқа қарай
(жоғары – төмен немесе ішке – сыртқа) бұрады. Көздің екі қиғаш
бұлшық еті бар. Жоғарғы қиғаш бұлшық ет (m. Oblidus bulbi
dorsalis) көзді ішке және жоғары бұрады. Төменгі қиғаш бұлшық ет
(m. Oblidus bulbi ventralis) көзді ішке және төмен бұрады. Көз
алмасын тартқыш бұлшық ет (m. retractor bulbi) көз алмасын көз
шарасының артына қарай тартып ұстап тұрады. Көздің барлық
бұлшық еттері бірлесе – үйлесімді жұмыс істейді.

Көздің қан айналым жүйесі. Ауыл шаруашылық малдарында көзді
қанмен төмендегі артериялар жүйесі қамтамасыз етеді және
олар бір – бірімен анастомоз арқылы қатысады.
Қабақ артериялары жүйесі. Бұл жүйені төменгі қабақ артериясы,
маңдай, шеткі самай және жартылай жас артериялары
тармақтары құрайды.
Көз алмасының лимфа жүйесі. Көз алмасының ішінде лимфа
тамырлары жоқ, бірақ лимфа кеңестіктері бар. Ол алдыңғы және
артқы лимфа кеңестіктері болып бөлінеді. Алғашқысына көздің
алдыңғы және артқы камералары кіреді. Ал артқы лимфа кеңестігі
жүйесіне торлы қабық, шыны тәрізді дене, тамырлы қабық және ақ
қабық лимфа жолдары енеді. Көздің кірпікті (цилиар) денесінде
түзілген сұйық (лимфа) көздің артқы камерасына түсіп, одан
қарашық арқылы көздің алдыңғы камерасына өтеді. Көздің алдыңғы
камерасының бұрышында орналасқан фонтан кеңестігі бөлігінде
сұйық алдыңғы цилиар венасына сүзіліп - сіңіп отырады. Сонымен қоса
артқы камера қуыс кеңестік арқылы петитов каналымен
байланысқан. Торлы қабықтың лимфа жолы шыны тәрізді дененің
негізгі лимфа жолы – клокетов каналымен (клокетов канал – көздің
бұршақ денесімен көру жүйкесін қосатын канал) және бүйірлік
тармақтары петитов каналымен қосылған. Тамырлы қабық пен ақ
қабық аралығында перихориоидальдық кеңестік жатыр. Одан лимфа
сұйығы ирек венаның периваскулярлық қуысы арқылы теново
кеңестігіне одан әрі көздің көру жүйкесінің қынабына түседі. Соңғысы
өз кезегінде мидың субдуральды және субарахноидальды
кеңестіктерімен қатынасады.
Жануарлардың қалыпты көз түбінің
офтальмологиялық суреті (К.А. Фомин бойынша):

1 - жылқының қалыпты көз түбі; 2 - альбинос
жылқының көз түбі; 3 - мүйізді ірі қараның көз түбі; 4 -
ешкінің көз түбі; 5 - иттің көз түбі.
Жануарлардың қалыпты көз түбінің офтальмологиялық суреті
(К.А. Фомин бойынша):

1 - солтүстік бұғысының көз түбі; 2 - мысықтың көз түбі; 3 -
пілдің көз түбі; 4 - түркімен түйесінің көз түбі.
КӨЗ АУРУЛАРЫ
КӨЗ ШАРАСЫНЫҢ АУРУЛАРЫ
Көз шарасы көзді механикалық әсерлерден қорғайды. Ол әр түрлі
механикалық сыртқы әсерлерден жиі жарақаттанады. Көзге соққы
тиюі, малды көліктермен тасығанда ұрылу, соғылу салдарынан ашық
және жабық жарақаттар алады. Көзге бөгде заттардың енуі, көз
шарасы сүйектерінің сынуы салдарынан оның ұлпалары мен көз
алмасы қабына (периорбита) қан құйылады. Бұлшық еттер мен сірі
қабықтардың үзілуі және шықшыт буынның шығуы салдарынан көз
алмасының орнынан қозғалуы, көз шарасынан шығуы, тіпті сыртқа
түсуі мүмкін. Көз шарасының жарақаттары салдарынан бұл аумақта
асептикалық, ал инфекция түссе шірікті қабынулар дамиды.
Көз шарасының жарақаттары – (Vulnera, contusions) тілінуі, соғылуы.
Көз шарасы әртүрлі механикалық әсерлерден жиі жарақаттанады.
Егер әсер үстірт болса ол жеңіл өтеді. Егер жарақаты терең болса
көздің ішкі құрылымдары қоса зақымдалып, инфекция еніп, ауру
асқынып, ауыр өтуі мүмкін (ретробульбарлық флегмона т.б.).
Қорытынды
Көру мүшелері – барлық омыртқалыларда және
омыртқасыз жануарларда (губкадан басқа) жарық
әсерін қабылдайтын орган. Көп клеткалы
жануарларда К. м-нің негізгі бөлігі – фоторецептор.
Жарықты оның шеткі ұштары (сыртқы сегмент)
қабылдайды; омыртқалыларда оның пішіні таяқша
немесе колба тәрізді. Көптеген жануарлар түрінің К.
м. басында болады да, көру жүйке жүйесі арқылы
мимен жалғасады. Көру клеткаларының ұшы жарық
көзіне қарай бағытталған болса – конвертивті, ал,
керісінше орналасқан болса инвертивті деп аталады.
К. м-нің ең қарапайым түрі – тері бетінде эпителий
клеткалары арасында жеке-жеке орналасқан
клеткалар. Мұндай К. м. тек жарықты қараңғыдан
ажырата алады (мыс., шұбалшаңда). Сүліктерде
негізгі көру клеткаларымен қатар денесінің әр жерінде
орналасқан көру клеткалары да бар. Кейбір
ішекқуыстылар мен төм. сатыдағы құрттардың К. м.
көз дағы деп аталады және күрделіленіп, көпіршік не
бокал тәрізді пішінге айналады (мыс., кейбір
Пайдаланылған әдебиеттер
1. В.Н. Авроров., А.В Лебедев. Ветеринарная
офтальмология. М. Агропромиздат, 1985. 271с.

2. К.А. Фомин. Глазные болезни животных. М. Колос,
1968. 272 с.

3. А.К. Кузнецов. Ветеринарная хирургия,
офтальмология и ортопедия. Ленингра. Колос, 1975. С
– 432-461 с.

4. К.Қ. Мүрәлінов. Оперативтік хирургия. Алматы,
2006. Б-214-222.

5. Г.Абишев. Травматизм сельхозяйственных
животных. Қайнар, 1975. 167 с.

6. К.Н. Қожанов. Малдың ішкі жұқпалы емес
аурулары. Семей, 2005. Б – 298 - 353.
НАЗАРЛАРЫНЫЗҒ
Ы РЫХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Бұршақ бітесі
Қол сүйектері
Нан қорынының зиянкестері
Шаянтәрізділердің көру мүшелері
ДӘРУМЕН - АДАМ
Емдеу және алдын - алу Көп жағдайда гонококктар пенициллинге және оның туындыларына төзімді
Дене сегменттерінің саны тұрақсыз
Мал организмінде майда еритін витаминдердің биомедициналық қасиеттері
Жорғалаушылар - құрлықта тіршілік ететін алғашқы омыртқалы жануарлар
Астық тұқымдастары
Пәндер