Жаздырхан Сейдалиевтің Қазақстан халқының бірлігіне қосқан үлесі



Жаздырхан Сейдалиевтің Қазақстан халқының бірлігіне қосқан үлесі


Жаздырхан Сейдалиев Түрікменстанның Ташауыз облысы Көне Үргеніш ауылында, кеңестік қуғын-сүргіннен ауа көшкен жергілікті маңғыстаулық отбасында 1935 жылы туған. Ауыл мектебін, одан соң Түрікмен ауыл шаруашылығы институтын жақсы бітірген. Ж. Сейдалиев 1957-63 жылдарда су шаруашылығында қызметкер, Ташауыз облысы партия комитетінде нұсқаушы, 1966-1986 ж. ж «Түрікменремводстрой» тресінің 7-құрылыс мекемесінің бастығы, су шаруашылық басқармасының бастығы, трест басқарушысы, ауыл шаруашылық кәсіподағы облыстық комитетінің төрағасы болды.


Жаздырхан Сейдалыұлы 1986-96 ж. ж облыстық агроөнеркәсіп комитетінде жер-су басқармасын, облыстық көші-қон бөлімін басқарған.
Оның бастамасымен 1992 жылы «Халық келісімі» қоғамдық бірлестігі құрылып, 11 жыл оның төрағасы болды.
Ол өзінің және тағдырлы ғұмыр кешкен ержүрек ата-бабаларының тарихын бейнелейтін «Өмір тағылымы» атты кітаптың авторы болған.

Жаздырхан аға1989 жылы құрылған «Парасат» қоғамына өзіндік үлес қосқан азамат. Қазақстандағы ең алғашқы осы қоғамдық қозғалыс кейінгі көптеген демократиялық саяси ұйымдардың құрылуына бастама болды. Жәкеңнің елге қайраткер тұлға ретінде танылуы да осы жылдар еді.
Жаздырхан аға 1992 жылы Қазақстанда алғаш рет «Халық келісімі» кеңесін құрды. 1994 жылы Маңғыстау сапарында арнайы ат басын бұрған тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы бұл бастамаға аса риза болып, Мұны республика көлемінде жүзеге асыру керектігін айтты. Көп ұзамай Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Маңғыстауды мекен еткен халықтардың достық қарым-қатынасын нығайту, бүгіндері жиі айтылатын толеранттылық, конфессияаралық келісімді сол кездің өзінде-ақ басты назарда ұстады.


Маңғыстауға белгілі азамат Жаздырхан Сейдалиев 75 жылдық мерейтойы қарсаңында Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті залында жұртшылықпен және университет студенттерімен кездесті.
Жаздырхан ағаның жетпіс жасында жазылған «Өмір тағылымы» атты естелік кітабында бір адамның ғұмыры үшін жетіп артылатын бейнесі мен зейнеті толық баяндалған. Оның ішінде, әсіресе, балалық дәурен мен жастық шағындағы оқиғаларды тебіренбей оқу мүмкін емес. Кездесуге студент жастар әдейі көптеп шақыртылды. Өйткені олар да алдыңғы толқын ағалардың жүріп өткен жолын біліп, үлгі-өнеге тұтқаны басты мақсат.


Жаздырхан Сейдалиев Қазақстан «Халық келісімі» кеңесін ғана құрып қоймай, ол өз шығармашылық ретінде бірнеше әңгімелерін жарыққа шығарды.
Оның әңгімелері Ауыл әңгімелері, Сарыағаш сапары, Қоңырау, Ізтұрған, Құда күтудің шатағы, Жарып қалыпсың, сөз тапқанға қолқа жоқ, Нағашы, Түгелдің қулығы, Бала шешеге аян, Шала қазақ, Сәлем, Бастық, Сайлау, Молда, Лектор, Ілияс, Агитатор, Витамин, Смағұл ағаның әңгімесі, Маршал, Кенесарының шөбересі, Жақсылық, Орта құйы, Шапан, Шәудірбай ағам, Көңілдегі көп ойлар.



НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz