Критериалды бағалау технологиясы




Презентация қосу
Критериалды бағалау
технологиясы

Орындағандар: Орынбасар А.Е
Құрманбаева Д
Нұрмаш Г
Қабылдаған: Ермекбаева А.Т
ЖОСПАР
Критериалды бағалау;
Критериалды бағалау технологиясы
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты;
Критериалды бағалаудың міндеттері;
Критериалды бағалаудың маңызы;
КРИТЕРИАЛДЫҚ БАҒАЛАУ

Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына
сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін
қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен
шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын
ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін
салыстыруға негізделген процесс.
Критериалды бағалауды
енгізудің мақсаты:

Мектеп бітірушілердің
Мектепте оқыту білімін халықаралық
сапасын жоғарлату стандартқа
сәйкестендіру.
КРИТЕРИАЛДЫ
БАҒАЛАУДЫҢ БАСТЫ
ЕРЕКШЕЛІГІ:
анық, айқындылығы;
жеке тұлға емес, жұмыс бағаланады
бағаның әділдігі;
өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі
кері байланыс жүзеге асады
алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ
МІНДЕТТЕРІ:
Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін
анықтауға;
Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен
олқылықтарын айқындауға;
Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін
жеткізуге;
Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім
және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ:

Мұғалімдер үшін:
• Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
• Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай
алатын мәліметтер алуға;
• Сабақ берудің сапасын арттыруға;
• Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып,
оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;
Оқушылар үшін:
Танымдық қабілеті мен
ойлау деңгейін арттыратын
оқытудың әртүрлі әдістерін
пайдалануға;
Табысқа жетелейтін бағалау
критерийлерін түсінуге;
Өзін және өзгелерді бағалау
арқылы кері байланысқа
түсуге;
Сыни ойлауына, еркін ойын
айтуына, өзінің білімін
көрсетуге
Ата-аналар үшін:
Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен
танысуға;
Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік
туғызады.
ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Тек қана оқушы жұмысы бағаланады;
Орындалған жұмыс алдын ала белгілі үлгі (эталонмен)
салыстырылады;
Оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін
нақты бағалау алгоритмін біледі және ата-анасына
ақпарат бере алады;
Критериалды бағалау белгілі оқу мақсаты бойынша
бағаланады
МҰҒАЛІМНІҢ БАҒАЛАУДАҒЫ
РОЛІ:
1. Мұғалім тәлімгер ретінде - кері байланысты және әр
оқушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді;
2. Мұғалім жетекші ретінде - топтағы ағымдағы жұмыс
үдерісіне алып жүру үшін диагностикалық ақпарат
жинастырушы;
3. Мұғалім есепке алу маманы ретінде - оқушылардың өсуі
мен жетістіктері туралы жазу;
4. Мұғалім баяндамашы ретінде - оқушылардың өсуіне
қатысты ата-аналарына, оқушыларға және мектеп
әкімшілігіне баяндау.
ОҚУ ҮШІН БАҒАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ
СИПАТТАМАЛАРЫ:
1. Оқыту мақсатымен бөлісу.
2. Алда не күтіп тұрғанын оқушылардың білуіне
көмектесу.
3. Өзін-өзі және құрбыларын бағалау.
4. Оқушылардың жақсарту үшін не қажет
екендігіне көмек беретін пікірлермен қамтамасыз
ету.
5. Оқушылардың өздерін жетілдіре алатынына
сенімділігін дамыту.
6. Өзара бірлесіп бағалау туралы ақпаратты
талдау және ойластыру.
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын
өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында
орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде
қарастырылған міндеттерді шешеді:
• Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі
дайындық деңгейін анықтау;
• Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті
білім алудың даму динамикасын айқындауы;
• Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін
арттыруы. Бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы;
• Оқушы білімінің жүйеленуі,тереңдеуі,есте сақтауы.
Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі;
• Білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім
олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде
анықтауы;
• Оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел
түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс
ақпаратын алуы;
• Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау;
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ
ПАЙДАСЫ

Жеке тұлға
Бағалаудың
демократиялығы

Сын тұрғысынан ойлау қабілетінің
дамуы
Кері байланыстың жиілігі, рефлексия

Қиындықты жеңуге деген құштарлық

Оқушының бағалаудан жағымсыз сезімде болмауы
психологиялық жайлы ортаның қалыптасуы
Критериалды бағалау:

Қалыптас- • Күнделікті алған
тырушы білімінің меңгеру
бағалау деңгейін анықтайды.

• Бір тарауға байланысты
Жиынтық қалыптастырған білім
бағалау деңгейін анықтайды
Пайдаланылған
әдебиеттер
http://www.zkoipk.kz сайты;
http://bilimainasy.kz сайты:

Ұқсас жұмыстар
Критериалды бағалау артықшылықтары
Бағалау критерийлері Мазмұндық сипаты
Мәтінді мазмұндау
Критериалды бағалау өлшемі сапалы білім өлшемі
Жиынтық бағалау үдерісі
Оқушының бағалаудан
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
Критериалды бағалау пайдасы
Критериалды бағалау түсінігі
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері
Пәндер