Критериалды бағалаудың мақсаты


Slide 1

Тақырыбы: Критериалды бағалау. Критериалды бағалау технологиясын пайдаланудағы оқушының рөлі

Орындаған: Нұрмаш Гүлсезім.

Орынбасар Аида.

Құрманбаева Динара.

Тексерген: Ермекбаева А. Т.

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе;

Критериалды бағалау;

- критериалды бағалау технологиясын пайдаланудағы оқушының рөлі

3. Қорытынды.

Slide 3

Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысы Н. Ә. Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде.

Кіріспе:

Slide 4

Критериалды бағалау - оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т. б. ) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.

Критериалды бағалау

Slide 5

Критериалды бағалаудың мақсаты

Критериалды бағалаудың мақсаты бағалау критерийлері негізінде оқушылардың оқу нәтижелері туралы объективті ақпараттар алу және оны оқу үдерісін әрі қарай жетілдіру үшін мүдделі барлық қатысушыларға ұсыну болып табылады.

Slide 6

Критериалды бағалаудың міндеттері:

Білім беру қызметінің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін объективті және айқын бағалау жүйесінің қызмет етуі.

Халықаралық тәсілдемелер мен стандарттарға сәйкес бірыңғай, сапалы бағалау механизмдерін құру

Бағалау әрекетінде мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жетілдіру

Slide 7

Оқу мен бағалаудың өзара байланысы ;

Анықтық пен қолжетімділік

Объективтілік, айқындық

Үздіксіздік

Дамуға бағыттылық

Оқу бағалауды, ал бағалау оқуды анықтайды және дамытады.

Мұғалімдер мен оқушыларға бағалаудың қалай өткізілетіні түсінікті, нәтижесі анық және қолжетімді.

Бағалау сапалы өткізіледі және барлық талаптарға жауап береді.

Бағалау баланың өз оқуы мен дамуында қай тұста екенін, қалай жақсы жетістікке жетуге болатынын түсінуге мүмкіндік береді

Slide 8

Бағалау - оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым екі аспектіні көздейді:

оқуды бағалау ;

оқу үшін бағалау.

Slide 9

Мұғалімнің бағалаудағы ролі

Мұғалім жетекші ретінде - топтағы ағымдағы жұмыс үдерісіне алып жүру үшін диагностикалық ақпарат жинастырушы;

Мұғалім есепке алу маманы ретінде - оқушылардың өсуі мен жетістіктері туралы жазу;

Мұғалім баяндамашы ретінде - оқушылардың өсуіне қатысты ата-аналарына, оқушыларға және мектеп әкімшілігіне баяндау.

Мұғалім тәлімгер ретінде - кері байланысты және әр оқушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді;

Slide 10

Тәжірибелік маңыздылығы:

жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;

оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;

бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады.

өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі.

оқушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады

Slide 11

Мұғалімдерге:

1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;

2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;

3. Білім беру сапасын арттыруға;

4. Оқытудың сапасын жақсартуға;

5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;

6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді

Slide 12

Оқушыларға:

г

1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;

2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;

3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;

1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;

2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;

3. Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;

4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;

Ата- аналарға:

Slide 13

Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады.

Slide 14

Пайдаланылған әдебиеттер:

Интернет сайты: stud. kz

bilim. com

Slide 15

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Критериалды бағалау технологиясы
Жиынтық бағалау үдерісі
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
Критериалды бағалау туралы ақпарат
Критериалды бағалау артықшылықтары
Критериалды бағалаудың маңызы
Критериалды бағалау өлшемі сапалы білім өлшемі
Қалыптастырушы бағалау үдерісі
Оқушының оқу жетістігін бағалау критерийлері
Критериалды бағалау - сапалы білім негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz