ҰЛЫТАУ ҰЛАҒАТЫ


Slide 1

ҰЛЫТАУ ҰЛАҒАТЫ

Slide 2

Жоспар: I. Кіріспе Ұлытау -ұлттың ұясы II. Негізгі бөлім 1. Елбасымыздың Ұлытау төңірегіндегі сұхбаты 2. Сұхбатта қарастырылған мәселелер 3. Ұлытау қазақ тарихының негізі III. Қорытынды Мәңгілік елдің ұлы мекені-Ұлытау

Slide 3

Ұлытау - халқымыздың ерекше қастерлейтін мекені, ұлтымыздың ежелгі ұясы. Елімізді бірлікке, ынтымаққа ұйыстырудағы Ұлытау ұлағатының алар орны зор. Терең тамырлы тарихымыз осы қасиетті өңірден бастау алады.

Slide 4

Ұлытау - Сарыарқаның оңтүстік-батысында орналасқан, Қазақстанның географиялық орталығы, ата-бабаларымыздың атамекені.

Қазақ халқының тарихында үш жүздің басы қосылып біріккенінің куәсі ретінде қазақтың бар руы таңбаларын тасқа ойып салған тарихи жер. Шыңғыс ханға ұлы Жошының қазасын жеткізген атақты «Ақсақ құлан» күйі (ХІІІғ. ) осы жерде дүниеге келген. Тәуке ханды ақ киізге көтеріп хан сайлаған. Ел қамын жеген Едіге батыр осы жерде жерленген. Алаша хан мен Жошы хан мазарлары да осы жерде.

Slide 5

Ел басына күн туған шақтарда халқымызға пана болған, хандарымыз өз ордаларын тіккен, билеріміз бен батырларымыз бастарын қосып, елдік мәселелерді шешкен, киелі де құнарлы, әрі қазыналы өлке

Slide 6

2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ауқымды мерекелік шаралар қасиетті -Ұлытау жерінен басталды

Елбасымыз Ұлытауға келіп, Әулиебұлақ басында, Ұлытаудың төрінде сұхбат беріп, бұл жердің орны бөлек, киелі де қасиетті жер екенін, бұл жерде ұлтымыздың ұлы тарихының жатқанын айта келіп, «тарихын білмеген ұлттың болашағы да бұлыңғыр болуы мүмкін. Мысалы, керемет үлкен еменнің тамыры терең болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды»-деді.

Slide 7

Ұлытаудың терең тарихы мен тағылымына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев талай мәрте кеңінен тоқталған.

«Мына өзіміз келіп отырған Ұлытау - өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мәні бар. Қазақтың ен даласының қай шетіне барсаң да, осындай қасиетті жерлер табылады…

Дегенмен, Ұлытаудың орны бір басқа» -дейді елбасы

Slide 8

Ұлан-ғайыр жері бар, ұлы мұратты Елі бар, бабалар жазған ұлы тарихы мен ұрпағы көз тіккен ұлы болашағы бар менің халқым - Ұлы халық! Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Slide 9

Ұлытауға кіре берістегі төбенің басына Ұлытаудың белгісін қоймақ ниетпен 1993 жылы Елбасымыз Н. Назарбаев келіп: «Бұл белгіні төртеу қылып орнату керек, біздің 4 құбыламыз берік, бүтін болсын, бір қазақтың баласын бөлмейік»-деп көреген идея айтқан болатын. Қазір сол 4 құбыланы түгендеп тұрған биік мұнара елдің іргесінің бүтіндігі мен ұлттың бірлігінің символы.

Slide 10

«Ұлытау - өте қасиетті жер», «тарихтың куәгері» деп айрықша атап айтқанда: «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі» - деп, өткеннің түйін-түйін жолдарын түйіндеді. Тарихи сабақтастық, мемлекеттілік, елдік жүйенің сақталатындығын тағы да дәйектеді. Шын мәнісінде, «еменнің тамыры терең болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды», «Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр» екендігін ерекше ескертті Елбасы.

Slide 11

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытау төріндегі сұхбатындағы ой-пікірлерін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі - Мәңгілік Елдің Ұлы тарихы» атты баяндамасында: «Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана ғұмырлы» деген өзекті ойларын өрбіте келіп: «Біздің ұлттық тарихымыз - теңдессіз тарих» деп мәлімдеді.

Slide 12

Сұхбатта салиқалы мәселелер қарастырылып, еліміздің өсіп-өркендеуіне, межелеген міндеттеріне байланысты жоспарлар айтылды.

Ұлытау өңірі тұнып тұрған ұлтымыздың тарихы. Жерінің үстінде ғана емес, астында да сарқылмайтын қазына, еліміздің өткен ғасырлардағы тарихынан нақтылы деректер беретін құрылыстар, жәдігерлер жатыр. Бұл туризмді дамытуға үлкен мүмкіндік -деді

Расымен де, Ұлытау-ұлтымыздың ежелгі астанасы, ұлы тарихымыз, сарқылмас қазынамыз жатқан қасиетті ата мекеніміз.

Slide 13

Елбасы сұхбатынан кейін Ұлытауға деген шұғыл бетбұрыс бастады. Қазір көне астанамызды одан әрі көркейту бағытында жүйелі де нысаналы жұмыстар жүруде. Аудан орталығының көшелері асфальтталып, Орталық алаңды көргенде көзтартарлық сахна орнатылды. Жан-жақтан келетін жолдардың түйісетін жеріне ұшар басында жеріміздің қасиетті тауда өсетін түлігіміз қошқардың бейнесі бар ескерткіш орнатылды. Тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп, көше бойындағы суағарлар қалыпқа келтіріліп, бордюрлар салынды. Көшеге көк желекті қарағай шыршалар отырғызылып, село көкжелек жамылып көркейе түсуде. Мұның бәрі Ұлытауда туризмді дамытудың алғы шарттары.

Slide 14

Қаныш Сәтбаев Ұлытауды жаяу аралап, көптеген пайдалы қазбаларды ашқан. Ұлытау өңірінде қазба байлықтар мыс: қорғасын, алтын, күміс, темір, көмір, вольфрам, мұнай, газ, марганец қорлары бар. «Жоғарғы Қайрақты» кен орнында дүниежүзілік вольфрам қорының 30%-ы шоғырланған.

Slide 15 Slide 16

Ұлытау - халқымыздың ел болып қалыптасуының, береке-бірлігінің алтын діңгегі.

Ұлытау - ұлтымыздың ұраны, бірлігіміздің - түп қазығы.

Ұлытау-ұлтымыздың ежелгі астанасы, ұлы тарихымыз, сарқылмас қазынамыз жатқан қасиетті ата мекеніміз.

Slide 17

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытау төріндегі сұхбатындағы ой-пікірлерін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі - Мәңгілік Елдің Ұлы тарихы» атты баяндамасында: «Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана ғұмырлы» деген өзекті ойларын өрбіте келіп: «Біздің ұлттық тарихымыз - теңдессіз тарих» деп мәлімдеді.

Slide 18

Сұхбат барысында туған жер тарихын насихаттауға көңіл бөлді. Даламыздың қойнауы тұнған тарих. Оны ұмытсақ тамырымыздың солғаны деп білген жөн болар. Елбасы осыған абай болуға шақырды. Нұрсұлтан Әбішұлының дін мен тіл жөніндегі әңгімесі - ел күткен сөз еді. Бүгін дүниенің барлығы алақанда болып тұрған заманда тілді сақтау үшін де, жаһанданудың иіріміне түсіп кетпеу үшін де, жұрттан қалмау үшін де тіл білу керек. Ғылымы, білімі дамыған ел тілдерін білгеннен балаларымыз кем болмайды. Ана тілге құрметі бар отбасында бала қазақ тілін білмей қалмайды. Ана тілін білген соң, халқының дәстүрін де, мінезін де, ділін де бойына сіңіріп өседі. Дін - нәзік мәселе. Дін десе, қашан да адамгершілік, имандылық ұғымы бірге айтылады. Тәрбиесі мүлт кеткен жастар өзге ағымның жетегіне ерді. Сондықтан, отбасындағы бала тәрбиесі әсте босаңсымауы тиіс. Бұған мектеп, қоғамдық ұйымдар қосылады. Оны қаперден шығарсақ, ел тәуелсіздігіне сызат түседі. Соны әркез естен шығармайық.


Ұқсас жұмыстар
Қазақтар - Ұлы дала мұрагері
Түркі әлемінің әміршісі – Әмір Темір
Жансейіт күмбезі
Шыңғыстаудың биіктігі Баянауылдың биіктігі
Қаныш Сәтбаевтың еңбектері
Уақыттың қадірін білгің келсе
Қарқаралы тауының шығу тарихы
БИЛІК ЕТКЕН ЖЫЛДАР ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР
Әдебиет шығармалар ауыз әдебиеті тарихында
Көне түріктердің рухани мәдениеті және Ұлы Жібек жолы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz