Отан соғысы


Slide 1

Ұлы Отан соғысы

Slide 2

Ұлы Отан соғысы

1945

Ұлы Отан соғысы. Фашистік Германия 1941 жилы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл фасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы бастарды. Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасілетті соғыс болған емс. Соғыста 27 миллиона астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.

Slide 3

«Ұлы Отан соғысы» ұғымы

«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады (орыс. Вели́кая Оте́чественная война́, ағылш. Great Patriotic War, нем. Großer Vaterländischer Krieg), кейбір авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майдан» деген ұғымға жақын) .

Slide 4 Slide 5

Мәскеу үшін шайқас

Мәскеу алаңындағы күрес 1941 жылы қарашада басталды. Шегінген кеңес әскері Мәскеуге 25-30 шақырым таяп келді. Мәскеуді қорғау үшін шайқасқа Қазақстанда құрылған атақты 316 атқыштар дивизиясы қатысты. Оны генерал-майор И. В. Панфилов басқарды. Панфилов қаза тапқаннан кейін оның жауынгерлерін «панфиловшылар» деп атады. Осы шайқаста 16 желтоқсанда болған 28 панфиловшылардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Қаншама әскерден тек 28 батыр аман қалып, жаудың алғаш 20, одан кейін 30 танкісін қалаға жібермей 4 сағат бойы ұстап, ерлікпен қаза тапты. Осы ротаның жетекшісі В. Г. Клочковтың: «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда Мәскеу» деген жалынды сөзі бүкіл майдан даласына, кейін бүкіл елге рух берді. Осы 28 панфиловшылардың барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Бұл Мәскеу үшін шайқаста біздің еліміздің батыры, аға лейтенант Б. Момышұлы басқарған батальион жауынгерлері үлкен ерлік көрсетті. Олар жауды 1942 жылы қаңтарда астанадан бірнеше шақырымға қуып тастады. Мәскеу үшін шайқаста Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев сынды жауынгерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Slide 6

И. В. Панфилов

Кеңес Одағының Батыры, әскери қайраткер, Иван Васильевич Панфилов 1893 жылы Ресейдің Саратов облысындағы Петровск қаласында дүниеге келген. И. В. Панфилов бірінші дүниежүзілік соғысқа, 1918 - 20 жылы Азамат соғысына қатысып, 25-атқыштар дивизиясында взвод, рота командирі болды. 1923 Киевтегі жоғары әскери мектепті бітірді, батальон, полк басқарды. 1937 жылы Орта Азия әскери округы штабының бөлім бастығы, 1938 жылы Қырғыз КСР-інің әскери комиссары болды. 1941 жылы соғыс басталғаннан кейін Алматы қаласында жергілікті ұлт өкілдерінен 316-атқыштар дивизиясын жасақтап, Мәскеуді қорғауға жіберілді. 1941 жылдың қазан-қараша айларында Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының жауынгерлері Волоколамск бағытын қорғауда асқан ерлік көрсетті. Мәскеуді қорғаған жиырма сегіз гвардияшы панфиловшылардың ерлік даңқы шықты. Панфиловшы батырлар тобының ерлігі Кеңес әскері жауынгерлерінің жаппай ерлік көрсетуінің үлгісі болды. 17 қарашада 316-атқыштар дивизиясы Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы болып аталып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1941 19 қарашада жылы Мәскеу түбіндегі шайқаста Панфилов қаза тапқаннан кейін дивизия оның есімімен аталды.

Slide 7

Бауыржан Момышұлы

1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты тәмамдап, қайтадан Қызыл Армия қатарына алынған. Онда жүріп, взвод, рота, командирі полк штабы бастығының көмекшісі сияқты басшылық қызметтерді атқарады. 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болады. Ал Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-шы атқыштар дивизиясының жасақталуына атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады. Онда Баукең немістермен Мәскеу түбінде болған айқастарға қатысып, әйгілі 8-ші гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болып, соғыс бітердің алдында осы гвардияны басқарады. Тап осы сұрапыл соғыс жылдарында ол өзінің асқан ерлігімен, соғыс өнерінің қыр-сырын меңгерген білікті жауынгерлік қасиетімен ерекшеленіп, оның атақ-даңқы аңызға айналады. Соғыстан соң Баукең Кеңес армиясы Бас штабы жанындағы Жоғары әскери академияны бітірген. Ал 1950-1956 жылдар аралығында әскери академияда сабақ берген және түрлі әскери қызметтерді атқарған. Бауыржан Момышұлының ерлік істері мен оның соғыс қимылдары жөнінде жазып қалдырған еңбектері мен естеліктері, халық арасында «Бауыржан айтқан екен» деген әңгімелері кейінгі ұрпаққа, өз еліне деген сүйіспеншілік пен махаббатың, ерлік пен елдіктің үлгісі болып қалды.

Slide 8

Мәлік Ғабдулин

Мәлік Ғабдулин 1942 жилы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне той тара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жакдың екі таңкісін граната мен жарып, жакдың 12 солдатын тұтқынға аллоды. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат аллоды. алайда алған жарақатына қарамастан жакға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен ( 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де қоса марапатталлоды.

Slide 9

Ленинград үшін шайқас

Slide 10

Ленинград үшін шайқас

Ұлы Отан соғысы тарихында қаһарман қала Ленинградты қорғауда және азат етуде кеңес халқы ерен ерлік көрсетті.

1941 жылы 8 қыркүйек айынан 1943 жылдың 18 қаңтарына дейін фашистік Германия әскері Ленинград қаласына шабуыл жасап, оны бірден басып алмақшы болды. Алайда Кеңес әскері бұл әрекетке тойтарыс берді. Жау әскері қаланы түгелдей қоршап алып, онымен барлық байланысты үзіп тастады. Фашистер аштықтан, суықтан қалтыраған қала халқы өздігінен беріледі деп ойлады. Немістер қаланы күн сайын бомбалап, қаладағы жарық, жылу, су жүйесін бүлдірді. Қалада азық-түлік жетіспей, аштық басталды. Ленинград 900 күн бойы жау қоршауында тұрса да, қала жұмыс істеуін тоқтатпады. Ол орталықпен тек бір ғана жол арқылы байланыс жасады, мұны жау күтпеген еді. Бұл Ладога көлінің мұзы арқылы салынған жол болатын. Осы жолды ленинградтықтар «Өмір жолы» деп атады. Себебі бұл жолмен қалаға жүк машиналары азық-түлік, оқ-дәрі тасыды. Қайтар жолда қарттарды, ауру балаларды алып қайтатын. Жол күндіз-түні күзетіліп, жауға берілмеді.

1944 жылы ғана жау қоршауы бұзылып, фашист әскері қаладан қуып тасталды. Қазақстандық 310, 314 атқыштар дивизиялары Ленинград үшін шайқаста аяғына дейін қатысты. Шығыстың әйгілі қос жұлдызы Ә. Молдағұлова мен М. Мәметова ерлікпен қаза тапты. Олардың даңқты есімдері Ленинград үшін күрес шежіресінде алтын әріптермен мәңгі қалды.

Сонымен қатар кеудесімен жау пулеметін жауып, Отан үшін жанын қиған Сұлтан Баймағанбетов пен 1941 жылы 26 маусымда отқа оранған ұшақты жау танкілері мен қару-жарақ қоймасына бағыттап, ерліктің жарқын үлгісін көрсеткен Бақтыораз Бейсекбаев ерлігі ұмытылмақ емес.

Slide 11

Әлия Молдағұлова

Әлия Молдағұлова Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі 9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумы бітірген (1941) ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943) жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизия сының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стан часы маңында болған ұрыста Молдағұлова жакынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты.

Slide 12

Мәншүк Мәметова

Мәншүк Мәметова 1922 жилы Мәншүк Мәметова дүниеге колді. Оның шин аты Мәнсия. Ол Орал облысы, Орда ауданында туылған, ал 1943 жылдың 16-шы қазанында қайтыс баллоды жылдың 1 наурызында ержүрек қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк Алматы Медициналық университетінде оқитын жилы өз еркімен майданға аттанған ол 21 атқыштар дивизия сының құрамында артисты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк мергендігімен, ержүректігімен көзге түсті. Ол Невель қаласының түбіндегі шайқаста соңғы демі үзілгенше қолынын пулеметті тастамаған күйінде қаза баллоды.

Slide 13

Талғат Бегельдинов

Талғат Бегильдинов Талғат Бегильдинов 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 лет әскери шабуылға шығып, жак ұясы - Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын степкин Талғат мінген ұшақты «Қара нажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майдана аман-песен оралған соң, әскери әуе академия сын аяқтайды.

Slide 14 Slide 15

Сталинград үшін шайқас

Ұлы Отан соғысында түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосқан Еділдегі шайқас - Сталинград шайқасы. Ол 1942ж. Шілдеден 1943 ж. Ақпанына дейін болды.

Сталинград шайқасы (1942-1943) - совет әскерлерінің 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында 1942 жылғы 17 шілдеден бастап 1943 жылғы 2 ақпанға дейін Сталинград қаласын (қазіргі Волгоград қаласы) қорғау және Дон мен Волга өзендері аралығындағы неміс-фашист әскерлерінің ірі стратегиялық тобын талқандау жолындағы жауынгерлік қимылдары. Ол қорғаныс және шабуыл кезеңдеріне бөлінді.


Ұқсас жұмыстар
Ұлы Отан соғысының басталуы
Ұлы Отан Соғысы. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы (1941—1945)
Ұлы Отан соғысы және Қазақстандықтардың майданға қосқан үлесі
Кеңес Одағының батыры
Отан үшін отқа түс!
Тест тапсырмалары (ҰБТ)
Медициналық мекемелердегі ғылыми зерттеулер
Кеңес армияы
Ұлы Отан соғысы жылдарында
Шығыс шынары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz