Полимерлік көмірсулар




Презентация қосу
КӨМІРСУЛАР
Дайындаған: Кабланов Т.Е.
Тексерген: Саменова А.Н.
Көмірсулар - химиялық құрамы Сm(H2O)n
формуласымен. өрнектелетін табиғи
органикалық қосылыстар
класы.Көмірсулар барлық өсімдіктердің
және жануарлар ағзаларының жасушалары
мен ұлпаларының құрамына кіреді.
Массасы бойынша көмірсулар жер
шарындағы органикалық заттың негізгі
бөлігін құрайды.
Көмірсулар — химиялық құрамына
қарай үлкен екі топқа бөлінеді:
1) Моносахоридтер
2) Полимерлік көмірсулар
Моносахаридтер - қарапайым қанттар, көмірсулардың
негізгі тобы. Полиоксиальдегидтер (альдозалар)
немесе полиоксикетондар (кетозалар) болып
саналады. Моносахаридтер молекуладағы көміртек
атомдарының мөлшеріне қарай ажыратылады да, осыған
орай триоза, тетроза, пентоза және т. с. с. болып аталады.
Өсімдіктерде неғұрлым жиі кездесетін триоза — глицерин
альдегиді және диок-сиацетон; тетроза — D-эритроза, D —
эритруллоза; пентоза — L-арабиноза, D -ксилулоза, D
-рибоза, D -рибулоза, D -дезоксирибоза; гексоза — D
-глюкоза, D -фруктоза, D -манноза, L-галактоза, L-сорбоза,
L-рамноза; гептоза — D -седогептулоза, D
-манногептулоза. Бұл моносахаридтердің кепшілігі
есімдіктерде бос күйінде болмайды, бірақ полисахаридтер
мен басқа да қосылыстардың құрамына кіреді. Өсімдіктер
клеткасында айтарлықтай мөлшерде жинақталатын.
Полисахаридтер - мономерлері өзара гликозидтік
байланыстар арқылы байланысып, бірнеше рет
қайталанып кездестін полимерлер. Полисахаридтердің
мономерлері моносахаридтер болып табылады.
Мономерлер саны көбейген сайын полисахаридтердің
ерігіштігі төмендейді. Жоғары молекулалы
полисахаридтер ішіндегі тарағандары: өсімдіктерде -
крахмал мен целлюлоза, жануарларда - гликоген.
Крахмал: альфа-глюкозадан құралған полимер,
өсімдіктерде қорға жиналады(негізгі отын). Гликоген:
"жануар крахмалы" деп те аталады, жануарлар ағзасында
синтезделетін полисахарид. Негізгі энергия көзі.
Целлюлоза: бета-глюкозадан құралатын полисахарид,
құрылымдық қызметті атқарады. Хитин: бунақденелілер
мен саңырауқұлақтардың құрылымдық полисахариді.
Дисахаридтер – құрамында
екі моносахарид қалдығы
бар көмірсулар. Тотықсызданбайтын
(сахароза, трегалоза) және
тотықсызданатын (лактоза, мальтоза)
кейбір Дисахаридтер табиғатта бос
күйінде таралған.
Жоғары олигосахаридтерді немесепол
исахаридтерді біртіндеп гидролиздеу
арқылы алады.Дисахаридтер
молекулалары өзара оттек атомы
арқылы жалғасқан моносахаридтердің
Көмірсулар адам ағзасына нәруыз бен майлардың дұрыс алмасуына қажет. Олар нәруыздармен
қосылыстарда кейбір гормондар, ферменттер, сілекей секреттері мен басқа да маңызды қосылыстар
түзеді. Ерекше рөлді ішекте жартылай қорытылатын, энергия бөлуде аз рөл ойнайтын клетчатка,
пектиндер, гемицелюлозалар ойнайды. Бірақтан бұл полисахаридтер ас талшықтарының негізін
құрайды және тамақтануда маңызды рөл атқарады. Көмірсулар негізінен өсімдіктектес азық-
түліктерде кездеседі.
Глюкоза – миға басты энергия жеткізуші. Ол тұқымдар мен жидектердің құрамында көптеп кездеседі
және ағзаны энергиямен қамтамасыз етуге, бауырда гликогеннің түзілуніе қажет.
Фруктоза өзінің сіңуіне инсулин гормонын қажет етпейді, сондықтан оны қант диабеті кезінде
шектеулі мөлшерде қолдануға мүмкіндік береді. Сахароза қанттың, кондитер өнімдерінің, тосаптың,
балмұздақтың, тәтті шырындардың, сонымен қатар қызылша, шабдалы, сәбіз, тәтті қараөрік және тағы
басқа жемістер мен көкөністердің құрамында кездеседі. Ішекте сахароза фруктоза мен глюкозаға
ыдырайды.
Лактоза сүт өнімдерінде кездеседі. Лактоза ферментінің туа біткен немесе жүре пайда болған
жетіспеушілігінде ішектегі лактозаның глюкоза мен галактозаға ыдырауы бұзылып, адамда сүт
өнімдеріне кері әсер пайда болады. Мальтоза(уыттан жасалған қант) – крахмалдың асқорыту
ферменттерімен және мия ферменттерімен ыдырауының аралығындағы өнім. Құрылып келе жатқан
мальтоза глюкозаға дейін ыдырайды. Бос күйінде мальтоза балды, мия экстрактында, сырада кездеседі.
Мальтоза(уыттан жасалған қант) – крахмалдың асқорыту ферменттерімен және мия ферменттерімен
ыдырауының аралығындағы өнім. Құрылып келе жатқан мальтоза глюкозаға дейін ыдырайды. Бос
күйінде мальтоза балды, мия экстрактында, сырада кездеседі.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
МЕДИЦИНАДА ЖМҚ ҚОЛДАНУ
Гексоздардың пираноза түрінің конформациясы. О- және N-гликозидтер. Гликозидтердің гидролизі. Аминді қанттарды ацилдеу
Көмірсулардың алмасуы
Адам тініндегі негізгі көмірсулар және олардың биологиялық мәні. Көмірсулар - жасушаның құрылымдық - функционалдық компоненттері туралы
Адам тініндегі негізгі көмірсулар және олардың биологиялық мәні. Көмірсулар - жасушаның құрылымдық - функционалдық компоненттері
Клетканың химиялық құрамы
Биотехнология негізінде тағам өнімдері қауіпсіздігі
ПОЛИМЕРЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Дәрілік полимерлер
Майлардың құрамы мен құрылысы
Пәндер