Ақша агрегаттары
Презентация қосу
Ақша нарығының
макроэкономикалық үлгісі.
Ақша-несие саясаты оның
құралдары.
Жоспар:
1 Ақша массасының құрылымы мен оның
өлшенуі. Ақша агрегаттары.
2.Ақшаға сұраныстың классикалық жєне
кейнсиандық теориясы. Ақшаға
сұраныстың қазіргі теориялары.
3. Ақша ұсынымы үлгісі. Ақшалық
мультипликатор. Ақша-несие саясаты оның
құралдары.
4. Ақша нарығындағы тепе-теңдік.
• Ақша – бұл маңызды
макроэкономикалық категория, ол
арқылы инфляциялық үрдістер,
циклдық тербелістер, экономиканың
тепе-теңдікке жету механизмдері,
тауарлық және ақшалық нарықтар
жұмысының келістірілуі жєне тағы
басқа сұрақтар талданады.
• Ақша макроэкономикалық
тұрғыда - бұл қаржылық
активтердің түрі, ол экономи-
кадағы іскерлік келісімдер
жасалынуы үшін қолданылады
• Ақшалардың ең маңызды
сипаты - олардың жоғарғы
дәрежелі өтімділігі, яғни тез
және минималды шығынмен
басқа активтер түріне
ауыстырылуы қабілеті.
• Әдетте негізгі ақша
қызметтері ретінде үшеуін
белгілейді: 1) айырбас құралы,
2)құн өлшемі - келісімдер
жүргізу үшін өлшеу аспабы, 3)
жинақтар құралы немесе
байлық жию құралы.
• Айналымдағы ақша саны мемлекет
тарабынан монетарлық (немесе басқаша
айтылатындай ақшалық –несиелік) саясат
арқылы бақыланады, практикада оны
орындайтын Орталық банк (Қазақстанда
-Ұлттық банк).
• Ақша массасының құрамын және құрыдлымын өлшеп
белгілеу үшін ақша агрегаттары қолданылады: М1, М2,
М3, L (олар өтімділігі төмендеуі ретімен берілген).
• М1 – бұл банктік жүйеден тыс қолма-қол ақшалар,
мезгілсіз қайта сұрауға дейінгі депозиттер, чектік
депозиттер.
• М2 – бұл М1 қосылған чектік емес жинақ депозиттері, аз
мөлшерлі мерзімді депозиттер, қайтадан сатып-алу туралы
бір-күндік келісімдер.
• М3 – бұл М2 қосылған мерзімді депозиттер ірі сомаларға,
қайтадан сатып-алу туралы мерзімдік келісімдер,
депозиттік сертификаттар.
• L – бұл М3 қосылған қазналық жинақ облигациялары,
қысқамерзімді мемлекеттік міндеттемелер,
коммерциялық қағаздар (вексельдер), т.б.
• Макроэкономикалық талдау барысында
бәрінен де кең пайдаланылатын агрегаттар
– М1 мен М2. Кейде талдауда М0
агрегаты(С – ағылшындағы «currency»
сөзінен шыққан) қолданылады, ол таза
қолма-қол ақшалардың жиынтығын
көрсетеді. Сонымен қоса «қвази-ақша»
ұғымы да қарастырылады, ол М2 және М1
агрегаттары арасындағы айырманы
көрсетеді (өзіне жинақтық және мерзімді
депозиттерді енгізеді). Бұл тәуелділік келесі
теңдік арқылы көрсетіледі: QM= M2-M1.
• Ақша агрегаттарының динамикалық
өзгерістері, құрылымдары көптеген
себептерге байланысты, әсіресе
пайызақы ставкасы қозғалысына
тәуелді. Мысалы, пайызақы ставкасы
өссе , М2 мен М3 агрегаттарының өсу
қарқыны М1-ден озуы мүмкін, өйткені
олардың құрамындағы ақша
құралдары қосымша табыс әкелуі
мүмкін
• 2.Ақшаға сұраныстың классикалық жєне
кейнсиандық теориясы. Ақшаға
сұраныстың қазіргі теориялары.
• Классикалық теория ақшаның сандық
теориясына сүйенеді, ол бойынша ақшаға
сұраныс айырбас теңдігі арқылы
анықталады:
MV=PY
мұнда M – айналымдағы ақша саны, V- ақша
айналымының жылдамдығы, P- бағалар
деңгейі, Y- шығару көлемі(нақты өлшемде).
• Бұл теңдіктің алғы шарты ретінде ақша
айналымы жылдамдығы тұрақты деп
алынады, өйткені экономикадағы іскерлік
келісімдер құрылымы жеткілікті түрде
тұрақты болады. Бірақ бұл көрсеткіш кейіннен
банктік мекемелерде есеп-айырысу жүйесін
тездететін жаңа техникалық құралдарды
енгізуге байланысты өзгермелі қалыпқа ие
болуы мүмкін.
• Егер бірінші шарт - V-тің тұрақты мөлшерде болуы
орындалса, онда айналымдағы ақша саны (М) өзгеруі
номиналды ЖҰӨ(PY) мөлшерінің пропорционалды
өзгерісін туындатуы керек. Бірақ классикалық теория
бойынша нақты ЖҰӨ ақырын бірте-бірте өзгереді, ол үшін
не өндіріс факторладың саны немесе оларды қолдану
технологиясы өзгеруі керек. Сондықтан номиналды ЖҰӨ
тербелістері бағалар деңгейінің өзгерістерін сипаттайды.
Сонымен, ақшаның айналымдағы санының өзгеруі нақты
өлшемдерге ешқандай әсер бермейді, олар көбінде
номиналды шамалар тербелістеріне ғана әкеледі. Бұл
жағдай «ақшаның бейтараптығы» атына ие болды. Қазіргі
монетаристер, ақша массасы динамикасы мен бағалар деңгейі
арасындағы ұзақмерзімді тәуелділіктерді белгілеу үшін
бейтараптық концепциясын қолдай отырып, қысқа мерзімде
іскерлік циклдар шегінде ақша ұсынымы нақты шамаларға
әсер ететінін растайды.
• Айырбас теңдігі өсу қарқыны арқылы
жазылу түрінде де көрсетіледі, ол оған
кіретін шамалардың аса маңызды емес
өзгерістерін белгілеу үшін қолданылады.
ΔM ΔV ΔP ΔY
—— 100% + —— 100% = ——100 % + —— 100%
M V P Y
• Монетаристер ережесі бойынша,
мемлекет ақша массасының өсу қарқынын
нақты ЖҰӨ-нің өсуінің орташа
қарқындарының деңгейінде ұстап отыру
керек , сонда экономикадағы бағалар
деңгейі тұрақты болады
• Сандық теорияның MV=PY теңдігі
басқаша Фишер теңдігі деп аталады. Осы
теңдіктің кембридждік қалыбы да кең
пайдаланылады M=kPY , мұнда k = 1/V –
ақша айналымының жылдамдығына кері
шама.
• Бұл көрсеткіш өзіндік мәнше де ие, ол
номиналды (атаулы) ақша қалдықтарының (М)
табыстағы (PY) үлесін көрсетеді. V пен k
көрсеткіштері екеуі де пайызақы мөлшерінің
жылжуымен байланысты, бірақ көбінесе олар
тұрақты деп алынады. Кембридж теңдігі
әртүрлі өтімділікті активтердің алуан түрлігін
алғы шарт етеді, олар тек колма-қол ақшалар
немесе М1-ді ғана қарастырмайды, сонымен
қоса табысты қандай қалыпта сақтау керектігі
сұрақ шешілгенде бұл активтер түрлері
арасында таңдау жасау мүмкіндігі бар.
• Инфляцияның әсерін алып тастау үшін,
әдетте ақшаға деген нақты сұранымды
қарастырады. Ол келесі теңдікпен
белгіленеді:
(M / P)D = kY
• Мұнда М/Р шамасы «ақша құралдарының
нақты запастары» немесе «нақты кассалық
қалдықтар» атауларына ие.
Кейнсиандық ақшаға сұраным теориясы - өтімділікті талғау
теориясы – адамдарды табыстарының бір бөлігін қолма-
қол ақшада сақтауға ынталайтын үш мотивті (тәртіп себебі)
бөліп көрсетеді:
• трансакциялық мотив – ағымдағы іскерлік келісімдерді
жүргізуге керекті қолма-қол ақшаларға деген
мұқтаждық;
• алдын-ала сақтану мотиві – болашақта тосқын оқиғалар
туу жағдайна қолма-қол ақшаның біраз бөлігін сақтап
отыру;
• алып-сатарлық мотив – «болашақта қазіргіден нарықтық
жағдай жақсылау болады деп күтумен, қосымша табыс
беретіндей пайдалану мақсатында әлдебір ақшалық қор
сақтап қалуға талпыныс».
Классикалық және кейнсиандық
көзқарастарды біріктіре отырып, ақшаға
сұранымның келесі факторларын бөліп
айтуға болады:
• табыс деңгейі;
• ақша айналымының жылдамдығы;
• пайызақы ставкасы.
• Классикалық теория ақшаға сұранымды басты түрде
ұлттық табыстың нақты көлемімен байланыстырады, ал
кейнсиандық ақша теориясы негізгі фактор ретінде
пайызақы ставкасын қарастырады. Ол бойынша, қолма-
қол ақша қалыбында активтерді сақтау белгілі бір
шығындармен байланысты, олар ақшаны банкке
депозитке салуға немесе қосымша табыс әкелетін
қаржылық активтер сатып алуға жұмсағанда түсуі
мүмкін пайызықыға тең. Пайызақы ставкасы
қаншалықты жоғары болса, соншалықты біз
потенциалды мүмкін табысты жоғалтамыз, соншалықты
қолма-қол қалыпта ақшамызды сақтаудың альтернативті
құны өсе береді. Яғни пайызықы ставкасы жоғары
болған сайын, қолма-қол ақшаға сұраным төмендеу
болады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz