Автоматты өрт сөндіру құралдары


Slide 1

Автоматты өрт сөндіру

құралдары

Slide 2

Өрт - бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.

Slide 3

Өртті сөндіруде әр түрлі өртті басу сұйықтары пайдаланады. Олардың ішінде кең тарағаны химиялық және ауалы механикалы көбіктер. Химиялық көбіктер қышқыл мен карбанат немесе бикарбанаттың араласуынан пайда болады. Ал ауалы механикалық көбік ауаның (90 %) судың (9, 6-9, 8 % ) және көбіктенуінің (0, 2-0, 4 %) қоспаларынан тұрады. Мұндай қоспалар адамға зиянсыз және ток өткізбейді.

Отты өшіруде ұнтақ түріндегі қатты от өшіру заттарды да пайдаланады. Оларға альбумин, көмірсутекті және екі көмірсутекті сода, құм, құрғақ жер т. б. жатады.

Бұлар өз салмақтарымен жанып жатқан жерді басып жану аумағымен жанушы затты бөлу арқылы өртті өшіреді.

Slide 4

Өрт сөндіргіш құралдардың жалпы 2 түрі бар

Өрт сөндіргіштер

Өрт сөндіргіш қалқандар

Slide 5

ӨӨрт сөндіру құралдары

Қол көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм салынған жәшіктер, асбест жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар; химиялық көпіршікті от сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер; көміроттекті отсөндіргіштер; хладонды отсөндіргіштер; құрама отсөндіргіштер) ;

өртке қарсы жүйелер (сумен жабдықтау жүйелері; көпіршікті генераторлар; автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру жүйелері) .

Slide 6

Өндірісте өрт сөндіруге көбіне сулы автоматты өрт сөндіру қондырғылары қолданылады.

Спринклер

Дренчер

Спринклер қондырғысы өндіріс бөлмесінің жоғары жағында орналасқан құбыр (труба) жүйесінен және онда қондырылған спринклер бастарынан (головкаларынан) тұрады. Спринклер головкасы дегеніміз өрт кезінде ауа температурасының көтерілу салдарынан су берілсін ашатын автоматтық аспап.

Дренчер головкасы спринклер головкасы сияқты, бірақ оның айырмашылығы - тесігі әрқашан ашық болады. Өрт шыққан кезде су басқа жерден кранды ашу арқылы беріледі. Дренчер бөлменің барлық ауданын бір мезгілде суландырады. Дренчер өрт сөндіргіш қондырғылары қолмен және автоматтық әдіспен жұмыс істейді.

Slide 7

Спинклер

қондырғыларының үш түрлі жүйесі болады: сулы, сусыз және аралас. Сулы жүйеде трубаларда әрқашан су болады, ол тек жылы бөлмелерде ғана қолданылады. Сусыз жүйеде трубалар сығылған ауамен толтырылады, ал су оның арғы жағында болады. Спинклер головкасы жұмыс істеген кезде ең алды ауа шығып, содан кейін су ағады. Бұл қондырғы суық, температурасы төмен бөлмелерде орнатылады. Аралас жүйенін трубалары жылы мезгілде сумен толтырылып, суық мезгілде сығылған ауамен толтырылады. Спринклер өрт сөндіргіш қондырғылары тек автоматтық әдіспен жұмыс істейді

Slide 8

Өрт сөндіру тәсілдері

ыстық жанғыш затты тотықтырғыштан бөлектеу

ауадағы оттегі концентрациясын азайту

ыстық жагғыш заттың температурасын оталдыру температурасынан төмендету.

Slide 9

Көмір қышқыл от сөндіргіштері

ОУ-2

ОУ-8 ОУ-5

Шағын жанған барлық материалдарды (олардың ішінде тоғы бар электр қондырғыларын, қымбат бұйымдарды т. б. ) сөндіруге арналған

Slide 10

Ұнтақты от сөндіргіштерді ОПС-6, ОПС-IО, ОП-8УI тоғы бар электр қондырғыларын, қосғауыштарды, сілті металлдарды, сұйық заттарды сөндіруге пайдалануға болады

Тез тұтанғыш және жанғыш заттар көп мөлшерде тұратын жерлерде жылжымалы от сөндіргіштер болуы керек: ОВП-IOO, ОВП-250, ОУ-25, ОУ-80, ОУ-400, ОППС-IOO, ОП-250.

Көмір қышқыл-бромэтилді от сөндіргіштер ОУБ-ЗА, ОУБ-7А талшық заттарды, қатты материалдарды, электр қондырғыларын сөндіруге қолданылады. Бірақ олармен сілті металлдарды, ауасыз жанатын заттарды сөндіруге болмайды.

Slide 11

Аэрозольды өрт сөндіргіштер. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар қатты заттарды, кернеу астындағы электр құралдарын және сілті металдар оттегісі бар заттардан басқа заттарды сөндіру үшін қолданылады. Мұнын да 3 түрі бар. ОАХ корпус металдан, аузы метбренамен жабылған оның астында серіппесі бар атқыш орналасқан өрт сөндіргішпен жұмыс істеу үшін, оны қатты бетке орналастырып, атқыш басқышын қатты ұстап ұрып, мембрананы тесіп, өртке бағытау керек. ОВХ өрт сөндіргіш кешендер: автомабиль, катер, бензовоз, өндіріс, тұрмыс электр құралдары өртті сөндіру үшін қолданады. Қазіргі кезде, әсіресе шет елде көп қолданады. Олары бензин, дизельді отын, лак, бояу, ағаш және оттегі негізіндегі материалдағы өрт сөндіру үшін қолданады. Арнайы ұнтақтармен сілті металдар мен өздігінен тұтанатын заттарды сөндіреді. Электр құралдарын сөндіру үшін қолданады. Бұл да 3 түрлі рычагын басқан кезде плонба жарылады да, ине тәріздес шток мембрананы теседі. Қысым астындағы жұмыс газы сирон трубкасын порошокпен бірге шығын өртке бағытталады. Өрт сөндіргіш тік ұсталынады.

Slide 12

Өрт сөндіру автомобилі

Өрт шыққан орындарға өрт сөндіру күзеті бөлімшесінің мүшелері мен өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтарды жеткізеді. ӨСА негізгі, арнаулы және көмекші деп үш түрге бөлінеді. Негізгі ӨСА-не автоцистернамен, қол сорғылармен, автосорғылармен, сорғы станциаларымен жабдықталған газды су, көбіктенген ауа, ұнтақты өрт сөндіргіш заттар шашатын автомобильдер жатады, олар өрт ошағына сөндіргіш заттар шашады. Автоцистерналы ӨСА өрт ошағына шашылатын өрт сөндіргіш заттармен бірге өрт сөндірушілерді де алып жүреді және өрт сөндіруге қажет әр түрлі құрал-жабдықтармен жабдықталады.

Slide 13

Өрт сөндіру депосы (ӨСД)

Өрт сөндіру бөлімшелерінің кезекшілері, өрт сөндіру автомобильдері мен құрал-жабдықтары орналастырылған ғимарат. ӨСД-ның құрамында: тұрақ, байланыс пункті, класс бөлмелері, кезекшілер тынығатын бөлмелер, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, өрт сөндіру жабдықтарын күту посттары, өрт сөндіруге қажет құралдар мен жабдықтар қоймасы, т. б. бөлмелер болады. ӨСД-нда 2-ден 8-ге дейін (кейде одан да көп) өрт сөндіру автомобилі болады. Автомобильдер тұрақта бір қатар болып тұрады. Депо ауласында оқу-жаттығу қалашығы, жанар май ст. болады. Біздің республикамыз бойынша ең алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі 1877 жылы Верный (қазіргі Алматы қ. ) қаласында ұйымдастырылған. Ол кезде өрт сөндірушілер және сорғылар мен су құйылған бөшкелер ат арбамен тасылған.


Ұқсас жұмыстар
ӨРТТЕН ҚОРҒАУ НЫСАНДАРЫ
Өртке қарсы қорғау жүйелеріне қойылатын талаптар
Өрт сөндіру материалдары
Өрт факторларының әрекеттері
Өрт сөндіру техникасы
Көбікпен өрт сөндіру
Өрттің алдын алуға балаларды ынталандыру
Өрт сөндіру құралдары
Орман өрттері
Өрт туралы жалпы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz