Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР




Презентация қосу
Дінмұхамед
Ахметұлы
Қонаев
Өмірбаяны
1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы)
қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.

Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған.
Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда
мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ,
орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған.
Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек
(бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі
Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала
тәрбиесімен айналысқан.

1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті
бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары - Қазақстан
Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты
Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.
Еңбек жолдары
1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев
1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа
орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және
оның директоры болдыі.
1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты
ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің
орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі
кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.
1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.
1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып
қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР
Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі
саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді.
Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті
кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды.
1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.
1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы
қызметін атқарды.
1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан
алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан
оқиғасы орын алды.
1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық
комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген
1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М.С. Горбачевтің келуіне
байланысты Дінмухамед Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші
хатшылығынан босатылды. 18 минут өткізілген пленумда орнына Ульяновск облысынан
Г.В. Колбин отырғызылды. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы
республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан
оқиғасына ұласты.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға
жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып,
халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін
мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан
реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең сезініп, қолдай
білді.
Орал қаласындағы
Әбілқайыр хан даңғылы
бойындағы саябақта көп
жылдар бойы Қазақстанды
басқарған ірі мемлекет
қайраткері Дінмұхамед
Қонавтың мүсіні ашылды.
Оның ашылу рәсіміне
қатысқан Д.Қонаевтың
көзін көрген замандастары,
Орал қаласының құрметті
азаматы Жайсаң Ақбай,
Иван Гапич және
басқалары естеліктерімен
бөлісті.
д. қонаев өз заманның ұлы саясаткер бола
білді. ол билік басында болған уақыт
қаншылықты күрделі, қарама
қайшылықтыболғанымен, елдің
экономикасын, әулеметтік саласын,
ғылымың, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне
айтулы еңбек сіңірді. түрлі деңгейдегі
партия және кеңес қызметін атқара жүріп,
орталықтың өктем саясатының ығымен кете
бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір
сәт естен шығарған жоқ. алпысыншы
жылдарды басында н.с хрущевтің
озбырылғымен өзбексанға беріліп кеткен
қазақ жерінің біраз бөлегін қайта қайтырып
алуы соның айқын бір дәлелі еді.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдық мерейтойын салтанатты түрде
атап өте отырып, еліміз 50-ші, 60-шы, 70-ші жылдардағы қазақстандық тұтас
ұрпақтың еңбегіне лайықты бағасын беруде. Олардың еңбектегі табыстары,
олардың экономиканың негізін қалауға қосқан үлестері тәуелсіз Қазақстанның
келешек дамуының іргетасына айналды. Жаңа тәуелсіз елді құрушы
қазақстандықтар аға ұрпақ пен сол кезеңдегі басшылардың еңбегін бағалайды.
Назарларыңызға
рақмет

Ұқсас жұмыстар
САЯСИ КӨШБАСШЫ - ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВ
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ
Алматы қаласында
Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін деген сылтаумен
Алматы қаласында ескерткіш - бюст
Желтоқсан құрбаны
Ғабит Мүсірепов ескерткіші
Қазақ әдебиетінде
Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиетінің классигі
1-желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні
Пәндер