Жүйке жүйесі


Slide 1

Тақырып 5:Жүйке жүйесінің жіктелуі. Бас миы

оның жас ерекшеліктері.

Slide 2

Жоспар:

1. Жүйке жүйесі және оның жіктелуі

2. Бас миы оның жас ерекшеліктері

3. Бас миының бөлімдері

4. Үлкен ми сыңарлары, әрекетері, жас ерекшеліктері

Slide 3

Әдебиеттер тізімі: 1. Дүйсембин Қ. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық/ Қ. Дүйсембин, З. Алиакбарова. - 1-ші бас. . - Алматы: Владос, 2006. - 400 б. 2. Х. Қ Сәтбаева, Ж. Б Нілдібаева, Ө. А Өтепбергенов «Адам физиологиясы» Алматы 2003ж 3. Дюсембин. Қ «Жасқа сай физиология және мекеп гигиенасы» Алматы 2003ж 4. Хрипкова А. Г., Антропова М. В., Фабер Д. А. Возрастная физиология и школьная гигиена: Пособие для студентов пед. институтов. Москва. Просвещение 1 5. Алиакбарова З. М. , Рымжанов Қ. С. Мектеп гигиенасының негіздері. Алматы, РБК, 2004.

Slide 4

Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron - жүйке, жүйке жасушасы; logos - ілім) деп атайды. Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді.

Жүйке жүйесі

Орталық жүйке жүйесі

Шеткі жүйке жүйесі

Ми

Жұлын

Жүйкелер

Жүйке түйіндері

Жүйке ұштары

Slide 5

Жүйке жүйесінің маңызы

Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді.

бұлшықеттердің жиылуы;

сүйектің қозғалысқа келуі;

тер, сілекей сүті қарын сөлінің бөлінуі және т. б әрекеттер тікелей жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді.

барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің әрекеттерін реттейді.

ағзаны сыртқы ортамен байланыстырады.

Жүйке жүйесі- адам мен жануарлар организмінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе.

Slide 6

Организмдегі қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі.

Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі - дене, яғни тірек-қимыл аппараты және тері жабыны мүшедерінің, парасимпатикалық бөлімі - ішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі - тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды.

Сомалық

(денелік)

Симпатикалық

(тамырлық)

Парасим

патикалық

(ішкі мүшелік)

Slide 7

Жүйке жүйесі атқаратын функциясына байланысты 2-ге бөлінеді

Соматикалық

Вегетативті

Көлденең жолақты бұлшық еттің жұмысын реттейді және дененің сезімталдығын қамтамасыз етеді

Ішкі органдар қызметі мен зат алмасуды реттейді

Slide 8

Вегетативтік жүйке жүйесі

Мүшенің қызметін күшейтеді

Мүше қызметін төмендетеді

Симпатикалық

Парасимпатикалық

Slide 9

Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлынан тұрады

Жұлын - адам мен омыртқалы жануарлардың омыртқа жотасының ішінде орналасқан орталық жүйке жүйесінің бір бөлігі. Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г.

Жұлынның қызметі: жұлын екі түрлі қызмет атқарады:

рефлекстік

өткізгіштік.

Рефлекстік қызметі: жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде; зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде және т. б.

Өткізгіштік қызметі орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі. Орталықтан тебетін өткізгіш жолдар арқылы қозу мидан жұлынның төменгі бөлімдеріне, одан мүшелерге өтеді.

Slide 10

1.

2.

3.

4.

Жүйке жүйесі

1-Ми; 2-Жұлын;

3, 4-Жүйкелер

Жұлынның құрылысы:

1-сұр заты; 2-ақ заты; 3-жұлынның орталық өзегі; 4-жұлын жүйкесі; 5-артқы түбір; 6-алдыңғы түбір;

7-жүйке түйіндері; 8-жұлынның алдыңғы тік жүлгесі(сайы) .

1.

2.

4.

5.

6.

7.

8.

Slide 11 Slide 12

Ми'-латын тілінен encephalon деп аталады. Мінез-құлыққа жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. Мидың орташа салмағы орташа 1300 - 1400г. Ми баста бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарлары.

Slide 13

Бас миының құрылысы

Мидан 12 жұп жүйке тарайды. Оның алдыңғы екеуі үлкен ми сыңарларынан, қалған 10 жұбы мидың басқа бөлімдерінің сұр затынан басталады. . Олар:

І иіс,

ІІ көру,

ІІ көз қимылдатқыш,

ІҮ шығыршық,

үшкіл,

ҮІ бұру,

ҮІІ бет,

ҮІІІ дыбыс,

ІХ тіл-жұтқыншақ,

Х кезеген,

ХІ қосымша,

ХІІ тіласты нервтері жатады.

Slide 14

1. Сопақша мида - тыныс алу, қан айналу, шайнау (сору), жұтыну, жөтелу, түшкіру, сілекей шығару орталықтары орналасады.

2. Ми көпірі - рефлекторлық және өткізгіштік қызметтерін атқарады.

3. Мишық - бұлшық ет тонусын реттейді.

4. Ортаңғы мида - көру және есту орталықтары орналасады.

5. Аралық ми - дененің жоғары дәрежелі вегетативтік орталығы (зат алмасу, дене температурасы, аштық, шөл сезімдері, барлық ішкі мүшелердің қызметтерінің орталықтары орналасады) .

6. Үлкен ми сынарлары - адамның мінез-құлқы, ойлау қабілеті, санасы, ақыл -ойы.

Бас мидың қызметтері

Slide 15

.

Сопақша ми

Сопақша ми - жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы. Жұлындағы сияқты, сопақша мидың ақ заты сыртында, сұр заты іш жағында орналасады. Сопақша мидың ұзындығы 2, 5 - 3см. Сопақша мида бір ми қарыншасы орналасқан. Онда ему, жұту, жөтелу, түшкіру, көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталығы бар. Сұр затында тынысалу, қан тамырларын, асқорытуды реттейтін орталықтар орналасқан.

Мишық

Мишық - сопақша ми мен ми көпірінің артқы жағында жатады. Ересек адамның мишығының салмағы 150гр. Мишық қаңқа бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді. Әсіресе мойын, тұлға, аяқ - қол бұлшықеттерінің қозғалысын, дененің қол - аяғы тез шаршайды, қозғалысы, тепе - теңдігі, сөзі бұзылады.

Сопақша ми

Slide 16

Ми көпірі

Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығында орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан, оны ми көпірі дейді. Ми көпірі - ми табанында көлденең орналасқан қомақты жуандау құрылым. Оның негізін миды жұлынмен, сондай-ақ ми бөліктерін өзара жалғастыратын өткізгіш жолдар құрайды.

Ортаңғы ми

Ортаңғы ми - артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бірімен - бірін жалғастырып тұрады. Теріде пигменттің бояутектің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркенгіштерін тез бағдарлауды реттейді. Ми бөлімдерінің мишықтан басқалары ми бағанасын құрайды.

Ортаңғы ми

Slide 17

Аралық ми

Аралық ми - ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру, дәм сезу, есту және т. б. рецепторлардан келетін қозу аралық ми арқылы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді. Аралық ми зат алмасу, жүрек - қантамырлары жүйесі, ішкі секреция бездері, зәршығару, ұйқы жұмысын реттейді. Ағзаның ішкі ортасы, дене температурасы, тынысалу, қан қысымының тұрақты болуы аралық миға байланысты. Ми мен жұлын жұмсақ қабығының қабынуынан көбінесе сәбилер немесе балалар менингит - делбе деп аталатын жұқпалы ауруға шалдығуы мүмкін. Аурудың жалпы белгілері: бас ауырады, құсады, есінен айырылады және т. б.

Аралық ми

Slide 18

Үлкен ми сыңарлары сопақша мидың аз ғана бөлігі мен мишықтан басқа мидың барлық бөлімдерін жауып тұрады. Үлкен ми сыңарлары мидың ең үлкен, ең маңызды бөлімі. Адам миының барлық саламғының 80% ми сыңарлары алып жатыр. Онда 17 миллиард нерв клеткалары бар. Ми сыңарлары қызметін жоғары жүйке әрекетәне жатқызады. Ол өзінен төмен Ми сыңарларының ақ заты ішкі жағында қыртыстың астында болады. Ақ заты жүйке талшықтарынан түзіледі. Ми сыңарларының беті тегіс болмай, жүлгелі, қатпарлы болады. Әсіресе, терең жүлгелер ми сыңарларын жеке бөліктерге бөледі. Жүлгелердің арасы қатпарлы болып келеді. Әрбір ми сыңарында 4 бөлік бар: маңдай, төбе, самай, шүйде. Ми сыңарларында іші ми сұйықтығына толы 2 қуыс (ми қарыншалары) болады. Ол сұйықтық ұсақ қантамырларымен қосылып, жүйке жүйесіндегі зат алмасуды қамтамасыз етеді, жүйке жасушаларын қорғайды.

1.

2.

3.

4.

5.

Мидың сыртқы құрылысы

1. Төбе бөлігі

2. Шүйде бөлігі

3. Маңдай бөлігі

4. Самай бөлігі

5. Мишық

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
ВЕГЕТАТИВТІ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Жүйке жүйесінің физиологиясы
БЕЛ ЖҮЙКЕЛЕРІ
Жоғарғы жүйке жүйесінің онтогенензі
Рефлекстік доға
Жүйке жүйесі жұлын
Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің маңызы
ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУІН РЕТТЕЙТІН ЖҮЙЕ
Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі мен дамуы Жүйке жүйесінің маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz