Бірігудің түрлері


Slide 1

Тақырыбы: Монопсония нарығы

Slide 2

Жоспар:

1. Кіріспе бөлім

1. 1 Монопсония ұғымына жалпы сипаттама

2. Негізгі бөлім

2. 1 Бірігудің түрлері

2. 2 Монополиялық биліктің негізгі көздері

2. 3 Монополистік бәсеке және оның ерекшеліктері

2. 4 Айырмашылықтары мен мақсаттары

2. 5 Монополистің әрекеттеріне қатысты көптеген қисық пікірлер

3. Қорытынды

Slide 3

Монопсония (ағылшынша monopsony - азық-түлікті жеке-дара сатып алу) - белгілі бір игілікті (тауарды не көрсетілетін қызметті) бірден-бір ықтимал сатып алушы болып табылатын фирма (кәсіпорын, ұйым, т. б. ), осы игілікке деген сұранысты толық бақылауында ұстайтын нарықтық құрылым тұрпаты. “Монопсония” ұғымы “монополия” ұғымымен мәндес, тармақтас. “Монопсониялық билік” - сатып алушы-фирманың тауар бағасына ықпал ете алуы.

Slide 4

Дүниежүзінің дамыған елдерінде 21 ғасырдың аяғында монополиялар пайда бола бастады, әсіресе көлік пен коммуникациялар, ауыр өнеркәсібі, кең өнеркәсібі салаларында. Олар қазіргі заманда да пайда болады, негізінде компаниялардың қосылу, яғни бірігу жолымен. Бірігу, қосылу себебі; нарық үлесі айтарлықтай үлкейеді де, ауқым әсері қосылады. Бірігудің бірнеше түрін айырады;

Көлденең бірігу - бір салада, бір нарықта қызмет жасайтын, яғни бәсекелес компаниялардың қосылуы.

Тік бірігу - бір салада, бірақ әр түрлі өндіріс сатыларында қызмет жасайтын компаниялардың қосылуы.

Конгломераттық бірігу - технологиялық бір-бірімен байланысы жоқ, әр салада қызмет жасайтын компаниялардың бірігуі.

Slide 5

Монополиялық биліктің негізгі көздері ретінде әдетте айырады:

1. Заңды, яғни қызметтің осы түрін жүргізуге айрықша құқық.

Біріншіден, олар мемлекеттік және жергілікті органдарымен коммуналдық (шаруашылық аясындағы қызмет) немесе коммерциялық ұйымдармен беріледі (франшиза - бір фирманың екінші фирмаға белгіленген қызмет жасауға берілетін монополиялық құқық), екіншіден, авторлық құқық аясында заңнамамен қамтамасыз етіледі

1. Заңды, яғни қызметтің осы түрін жүргізуге айрықша құқық.

Slide 6

2. Экономикалық - олар бөлінеді:

а) ауқым әсеріне - қызметтің кейбір аяларында тұрақты жағымды әсері байқалады; бұл жағдайда баға бәсекесі мынаған әкеледі: салада ең аз ұзақ мерзімді орташа шығындарды қамтамасыз етуге қабілетті бір ғана фирма қалады.

б) ресурстарды (қорларды) бақылау - бір ресурстың (қордың) өндірісіне монополиялық құқығы бар фирма автоматты түрде басқа фирмалардың өндірісін жаба алады

в) тұтынушылардың ұнатымдары - кейде тұтынушылар бір ғана сауда маркасының өнімдерін тұрақты түрде ұнатады.

2. Экономикалық - олар бөлінеді

Slide 7

3. Табиғи монополия - жоғарыда келтірілген тұрақты жағымды ауқым әсері. Басқаша айтқанда, бұл саладағы шығындар өте жоғары (көп), оларды тек үлкен фирма ғана жаба алады. Егер осындай фирманың өнімі өмірлік қажет болса, ол мемлекеттің қорғауына түседі, себебі, мемлекеттің басты мақсаты - тұтынушылардың құқығын қорғау

4. Сатып алушы монополиясы - монопсония - мұнда монополиялық билік сатып алушының қолында шоғырланады. Бірақ бұл билікті ол монополистен өзгеше пайдаланады, монополист қымбаттау сатуға тырысады, ал монопсонист - арзандау сатып алуға

5. Екі жақты монополия - нарықтағы жалғыз сатушысы мен жалғыз сатып алушысы бар ахуал. Екеуі де нарық билігіне ие болғандықтан, өндірістің бағасы мен көлемі олардың келісім жүргізу қабілеттілігі мен бір-бірі жөнінде мәлімет алу деңгейіне байланысты.

Slide 8

Монополистік бәсеке

Монополистік бәсеке (monopolistic competition) - сатушылар өз тауарының бағасына әсер ете алатын нарыққа кіру еркін, сатып алушылар бағаны берілген деп қабылдайтын нарықтық құрылым. Монополистік бәсеке “таза монополия” жағдайына, сонымен қатар “жетілген бәсекеге” де ұқсайды. Монополиялық бәсеке жағдайында фирманың сұраныс қисығы төмен қарай бағытталған, кемімелі, икемді болады. Сұраныс икемділігінің факторлары- бәсекелестер саны, өнімнің ерекшелену деңгейі.

Slide 9

Монополистік бәсекенің ерекшеліктері:

1 . Өнім біртекті емес.

2. нарықта сатушылар мен сатып алушылар саны көп болады.

3. Жеке фирма үлесі жалпы нарықпен салыстырғанда өте аз.

4. Нарықта енуі еркін.

Slide 10

Ол бағаны өзі қояды (price maker) . Сонымен, егер бәсекелес фирма өндірістің көлемі жөнінде (ұсыныс көлемі) шешім қабылдаса, монополист өндіріс көлемі мен бағалар деңгейі жөнінде де шешім қабылдауға тиісті. Сонымен бірге монополист өндіріс көлемін шектейді, себебі, оның үлкейген жағдайында баға түседі.

Монополистің айырмашылығы:

Slide 11

Екі мақсаттан тұрады

1) ең жоғары пайда түсетін (Q) өндіріс көлемін табу (бұл MR = MC өндіріс көлемі)

2) Q тең өндіріс көлемінде сұраныс бағасына сәйкес келетін бағаны (Р) табу. Бірінші мақсатқа жету үшін монополист MR = MC ережесін басшылыққа алады. Бұл жағдайда монополистің ұсыныс көлемі бәсекелес ұсыныстан аз болып шығады. Баға белгілегенде, ол пайданы көбейту ережесінен алынған формуланы пайдаланады:


Ұқсас жұмыстар
Этностың пайда болу теориясы
Негізгі идеялар
Реформация кезеңіндегі саяси идеялар
Бәсеке және монополия
Бәсеке және монополия жайлы
Монополияның түрлері
Тимбилдинг терминіне анықтама
Мемлекеттің орталықтануы
Әлемдік экономика
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz