Сыну көрсеткіші


Slide 1

Сыну көрсеткіші

Slide 2

Қарастыратын сұрақтар:

Рефракция әдісі деген не?

Рефрактометр оның құрылысы, қолданылуы, түрлері?

Абсолютті сыну көрсеткіші деген не?

Жарықтың сыну, шағылысуына анықтама бер.

Сыну бұрышы деген не? Оның қандай көрсеткіштері бар?

Талшықты оптика деген не?

Сыну көрсеткішіне қатысты қандай заңдылықтар бар?

Slide 3

Рефракция немесе Жарықтың сынуы - оптикалық сәуленің (жарықтың) екі ортаны бөлетін шекарадан өткен кезде таралу бағытының өзгеруі, ауа орталығында жарық сәулелерінің сынуы (үзілуі) ; соның салдарынан бағдарлаған заттың кәдімгі биіктігі бұрынғысынан биіктеу сияқты болып көрінеді. Түзетуді алғанда рефракция жерлік (егер сəуле жердегі заттардан келетін болса) және атмосфералық (егер сәуле жұлдыздармен Күннен' келетін болса) болып екіге бөлінеді.

Slide 4

Рефрактометрлік әдіс - оптикалық талдау әдістерінің ертерек дамыған түрі. Бұл И. Ньютон, Л. Эйлер, М. Ломоносов сияқты ғұлама ғалымдардың еңбектері негізінде танылған. Рефрактометрлік әдіс жарықтың сынуын зерттеуде және жеке әрі күрделі заттарды талдауда өзінің мәнін жойған емес. Бұл әдіс берілген заттың сыну коэффициентін өлшеп, анықтауға сүйенеді. Рефрактометірдің қозғалмалы призмалы, құрамды призмалы, жарты сфералды және т. б түрлері бар

Slide 5

Рефрактометрлік әдістің негізіне жарық сәулесінің бір ортадан келесі ортаға өткенде бағытының өзгеруі немесе сынуы жатады. Аналитикалық сигнал сыну көрсеткіші болып табылады, ол анализденетін заттың табиғатына, құрылысына, тығыздығына тәуелді. Бұл параметрлер мына теңдік арқылы бір-бірімен байланысады: мұндағы R - анықталатын заттың молярлық рефракциясы; n - анықталатын заттың сыну көрсеткіші; М - анықталатын заттың молярлық массасы; p = m/V - анықталатын заттың тығыздығы

Slide 6

Бірінші ортада таралатын жарық жылдамдығының екінші ортада таралатын жарық жылдамдығынан неше есе үлкен екендігін көрсететін физикалық шаманы салыстырмалы сыну көрсеткіші деп атайды. Сыну көрсеткіші түсу бұрышына тәуелді емес және тек ортаның оптикалық тығыздығына тәуелді. Заттың ауамен салыстырғандағы көрсеткіші абсолютті сыну көрсеткіші деп аталады. Тығыздығы өзгеретiн ортада тараған жарық өзiнiң түзусызықты қалыпынан ауытқып, таралу бағытын өзгертедi. Егер тығыздықтың мәнi екi ортаның шекарасында күрт өзгеретiн болса, онда бұл жерде жарықтың шағылысу және сыну құбылыстары байқалады. Жарықтың шағылу заңы : Түскен сәуле, шағылған сәуле және түсу нүктесiне тұрғызылған перпендикуляр бiр жазықтықта жатады және түсу бұрышы шағылу бұрышына тең болады

Slide 7

Жарықтың сыну заңы : Түскен сәуле, сынған сәуле және түсу нүктесiне тұрғызылған перпендикуляр бiр жазықтықта жатады және түсу бұрышының синусының сыну бұрышының синусына қатынасы тұрақты шама, ол екi ортаның салыс тырмалы сыну көрсеткiшiне тең болады. Жарықтың сыну заңдары: 1) Түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөлетін бетке сәуле түскен нүктеде тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады. 2) Түсу бұрышы синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болып табылады. Жарықтың сынуының екінші заңын көбінесе Снеллиус заңы деп атайды. Оны 1621ж В. Снеллиус тұжырымдады

Slide 8

Сыну бұрышы - сынған толкынның таралу бағыты мен толкынның сынуы өтетін екі орта бөлігінін бетіне перпендикуляр, арасындағы бұрыш.

Slide 9

Сыну керсеткіші - балқу, қайнау температуралары, меншікті салмақ, мольдік сіңіру көбейткіші сияқты әр зат үшін тұрақты шама. Сыну көрсеткіші абсолютті (N) салыстырмалы n болып бөлінеді. Ауаның абсолютті сыну көрсеткіші: NB = C0/Ca= 1, 00027. (1) мұндағы С0 және Са - жарықтың ауасыз кеңістіктегі және ауадағы жылдамдығы.

Slide 10

ИРФ - 22 рефрактометрінің жалпы көрінісі; 1 - жарық бергіш призма; 2 - айна; 3 - штуцер; 4 - бұрандалы қысқыш; 5 - дисперсті реттегіштің маховигі; 6, 11 - түтіктер; 7 - юстировка кілтінің ұясы; 8 - юстировкалық кілт; 9 - призма блогын бұру маховигі; 10 - көру түтігі.

Slide 11

Сұйықтар мен қатты денелердің сыну көрсеткішін өлшеуге, сонымен қатар сулы, спиртті, эфирлі және т. б. ерітінділердің концентрациясын сапалы және тез анықтауға арналған. Көбінесе ИРФ-22 ауызсуының сапасын бағалауға қолданады.

Аспап химиялық және технологиялық зертханаларда, сонымен қатар объектілерді және экологиялық зерттегенде, оның ішінде оқу орындарында қолданылады.


Ұқсас жұмыстар
РЕФРАКТОМЕТРИЯ ӘДІСТЕРІН ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНДЕГІ ЕРІТІНДІ ТҮРІНДЕГІ ЗАТТАРДЫҢ ҮЛЕСІН АНЫҚТАУ ҮШІН ҚОЛДАНУ
Жарықтың сынуы
Жарық
Ньютон ашқан дисперсия құбылысы түстердің табиғатын түсінуге жасалған алғашқы қадам
Дисперсия құбылысын компьютерде модельдеу
Оптиканы оқыту әдістемесі
Химиялық зертханаларда қолданылатын құрал- жабдықтары
Оптикалық сәулелену
Табиғаттағы оптикалық құбылыстар
Нанофотоника және күн энергиясының түрленуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz