ЖОСПАР ФОСФОРДЫҢ ЖАЛПЫ


Slide 1

Тақырып:Фосфор және оның қосылыстары.

Slide 2

Жоспар: 1. Фосфордың жалпы сипаттамасы. 2. Фосфордың физикалық және химиялық қасиеті. 3. Фосфорды алу және қолдану. 4. Фосфорлық тыңайтқыштар.

Slide 3

Фосфор (лат. Phosphorus), P - элементтердің периодтық жүйесінің V тобындағы химиялық элемент, реттік нөмірі - 15, атомдық массасы 30, 97. Бірнеше түрі бар:

ақ фосфор - тығыздығы 1, 828 г/см3;

балқу температурасы - 44, 14°С;

қызыл фосфор - тығыздығы 2, 31 г/см3;

балқу температурасы - 593°С.

Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде фосфор III периодта, V топтың негізгі топшасында орналасқан. Салыстырмалы атомдық массасы 31, реттік нөмірі (ядро заряды) 15.

Slide 4

Тарихы.

Фосфорды 1669 неміс неміс алхимигі Х. Бранд ашқан(химия тарихында элемент ашылуының алғашқы белгіленуі) . Бранд құм мен көмір араласқан зәрдің құрғақ қалдығын күйдіргенде, қараңғыда жарықтнатын ақ ұнтақ алған(фосфоресценция құбылысы), нәтижесінде ол ақ фосфорды ашқан.

Slide 5

Атом құрылысы.

Фосфордың соңғы энергетикалық қабатында бес электрон бар, оның үшеуі жұптаспаған. Фосфор атомындағы электрондардың орналасуы:

Электрондық формуласы:

1s22s22р63s23f

Фосфор косылыстарында -3, +3, +5 тотығу дәрежесін көрсетеді.

Фосфордың ұшқыш сутектікетеді. қосылысы фосфин РН3 мен аммиак NH3 молекулалары формасы жағынан ұқсас болғанмен, фосфин молекуласы берік емес, улы, тұрақсыз газ, тез тотығып

Slide 6

Физикалық қасиеттері.

Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропиялық түр өзгерісін түзеді. Оның маңыздылары - ақ және қызыл фосфор. Ақ фосфор улы жөне тез тұтанатын болғандықтан аса ұқыптылықты қажет етеді. Оның буымен демалуға болмайды. Ақ фосфорды шыны ыдыста, су астында, сыртынан құм салынған металл банкаға орналастырып сақтайды. Ақ фосфор ауасыз кеңістікте қыздырғанда қызыл фосфорға, ал жоғары қысымда қара фосфорға айналады. Қара фосфор аз кездеседі.

Slide 7

Химиялық қасиеттері.

Фосфор тотыктырғыш (азоттан темен) және тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.

Тотыксыздандырғыш ретінде оттекпен және белсенді бейметалдармен реакцияға түседі.

Фосфор оттекте жанып, пентаоксид түзеді.

Фосфордың металлдармен әрекеттесуі фосфидтердің түзілуіне әкеледі, мысалы Mg3P2 және Na3P. Оларды фосфордың сутектік қосылыстары фосфиннің PH3 туындылары деп есептеуге болады. Фосфинде және фосфоридтерде фосфордың тотығу дәрежесі -III. Фосфоридтер қайтымсызгидролизге ұшырайды.

Mg3P2+6H2O=2PH3+3Mg(OH) 2

Фосфин және фосфидтер күшті тотықсыздандырғыштар:

PH3+2O2=H3PO4

Na3P+10HNO3(конц) =NaH2PO4+8NO2+4H2O+2NaNO3

Slide 8

Ақ фосфор

Қызыл фосфор

Ақ түсті кристалл зат, тығыздығы 1, 83 г/см3.

Қараңғыда жарқырайды.

Кәдімгі жағдайда 30 - 40°С температурада ауадағы оттекпен тотығады.

От алғыш кауіптілігіне байланысты су астында сақтайды.

Суда ерімейді, күкірткөміртекте ериді.

Өте қауіпті, улы!

44°С-та балқиды, 280°С-та қайнайды

Аморфты зат, кристалды емес, тығыздығы 2, 20 г/см3.

Қараңғыда жарқырамайды.

Ауада оттекпен 260°С-та тотығады.

Отқа қауіпті емес. Қыздырғанда оталады.

Суда да, күкірткөміртекте де ерімейді.

Улы емес.

400°С-та балқиды.

Slide 9

Фосфордың негізгі қызметтері:

Газдық қызмет: фотосинтезге және азоттұрақтандыру нәтижесінде газдардың биогендік орын ауыструы.

Концентрациялық қызмет:тірі ағзалардың сыртқы ортаға шашыраған химиялық элементтерді жинауы.

Тотығу-тотықсыздандыру қызмтеті: заттар күйінің өзгеруі.

Биохимиялық қызмет: сан алуан заттардың ағзаларындағы күрделірек өзгерістер жасайды

Егістікте тыңайтқыш ретінде қолданылады.

Slide 10

Қолданылуы

Қызыл фосфор сіріңке өндірісінде, пиротехникада және фосфор кышкылын алуға пайдаланылады. Фосфор ауыл- шаруашылык зиянкестерімен күресу үшін кажет улы химикаттар алу үшін қолданылады.

Фосфордың ақ және қызыл түрөзгерісі бар. Ақ фосфор химиялық белсенді болып келеді. Сондықтан ақ фосфорды қараңғыда су астында сақтайды. Ақ фосфорды ауасыз ортада қыздырса, қызыл фосфор алынады. Қызыл фосфор сіріңке өндіруде, пиротехникада қолданылады. Фосфор жай және күрделі заттармен өрекеттеседі. Қазақстанда фосфор шикізатының қоры Жамбыл (Қаратау) және Ақтөбе (Шилісай) облыстарында бар.

Фосфор сіріңке және улы химикаттар өндірісінде пайдаланылады.

Ақ, қызыл фосфор Н3РО4 алуда, жанғыш қоспалар дайындау үшін қолданылады.

P+5HNО3конц = Н3РО4+5NО2↑ +Н2О

Slide 11

ФОСФОР ҚЫШҚЫЛЫ ҚОЛДАНЫЛАДЫ.

ТЫҢАЙТҚЫШТАР ӨНДІРУДЕ

АЛКОГОЛЬСІЗ СУСЫНДАР

НАН ПІСІРУДЕ

ДӘРІ ЖАСАУДА

Slide 12

Фосфор -күш -қуат көзі. Оның анықтылығы құрамындағы кальций мен фосфордың мөлшеріне тығыз байланысты. Фосфордың мөлшері кальцийден бір жарым есе көп болуы керек. Ондай болмаған жағдайда тепе- теңдік мөлшерін белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін жеткіліксіз мөлшерін сүйектегі қордан алады.

ФОСФОР АДАМ АҒЗАСЫНДА

Slide 13

Алынуы:Бос күйіндегі фосфорды алу үшін табиғи фосфатты электр пеште кремний (IV) оксиді мен көмірді косып қыздырады. Бөлінген фосфордың буын су астында ақ фосфор Р түрінде бөліп алады. Реакция теңдеуі:

Са3(РО4) 2+ 3SiО2 + 5С = 3CaSiО3+ 5CО↑ + 2Р

Фосфор буын суытып, қатты ақ фосфоралады. Қызыл

фосфорды ақ фосфордан алады, полимерлену

дәрежесі n(Pn) әр түрлі болуы мүмкін. Өнеркәсіпте

фосфорды фосфор қышқылынан алуға

қолданылады, органикалық синтездерде, құймаларды

қышқылсыздандыруға, қыздырғыш шамдарды

толтыруға, тұтатқыш құралды және шырпылар басын

жасауда қолданылады.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Кальций-фосфор алмасуының гормондық реттелуі
ҚЫЗЫЛ ФОСФОР
Қанның сарысуындағы жалпы кальцийді, фосфорды анықтау
Өсімдік құрамындағы мөлшері проценттің жүз бөліктеріне дейінгі шамада болатын және өсімдіктер көбірек пайдаланатын элементтер
Периодтық жүйедегі орны және оның қасиеттері
Фосфор - бейметалл
Қан туралы жалпы түсінік
КОМПЛЕКСТІ ТЫҢАЙТҚЫШТАР
Кейстер әдісінің оқу мақсаттары
Орнын тап
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz