Конспектілеу кітаптың мазмұнын қысқа баяндау




Презентация қосу
5.2 Білімді алу көздеріне қарай
топтастыру әдісі
(сөздік , көрнекілік , практикалық )
ӘҢГІМЕ – оқу материалын ауызша баяндау. Сөздік әдісі мектептің барлық
сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді. Әңгіме
арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған кейбір талаптар қойылады.
Олар:
әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне көмектесуі;
әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;
әңгіменің жүйелілігі болуы керек;
әңгіменің әсерлілігі;
тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;
мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.
ТҮСІНДІРУ – жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың
жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты
түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс
меңгермегенде де қолданылады.
Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар:
сұрақтарды дәл және анық тұжырымдау;
себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;
салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану;
жүйелілік.
ӘҢГІМЕЛЕСУ – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға
мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың
жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған
материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу –
дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде
қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.
Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:
Ес пен тілді дамыту;
Оқушылырдың оқу танымдық қызметін белсенді ету;
Оқушылардың білімінің белгілі болуы;
Жақсы диагностикалық құрал;
Үлкен тәрбиелік күші бар.
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:
Уақыттың көп кетуі;
Қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа
оқушылар естіп, есінде сақтап қалады.
Оқу пікірталастары оқытудың сөздік әдістерінің ішінде
елеулі орын алады. Оның оқыту процесіндегі ең басты
қызметі танымдық қызығушылықты ынталандыру,
оқушылырды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми
көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа
жеке тұлғаның және өзінің көзқарастарының негіздерін
түсінуге жағдай жасау.
Кітаппен және оқулықтармен жұмыс оқытудың маңызды әдісі. Бастауыш
сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады.
Баспа материалдарымен өз бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар:
Конспектілеу кітаптың мазмұнын қысқа баяндау;
Мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау. Жоспар құру үшін мәтінді
оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек;
Тезистеу кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау;
Цитаталау мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап аты, баспасы,
шықан жылы, беттері көрсетіледі;
Аннотация мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау;
Рецензиялау оқу материялы туралы өз ойын қысқа баяндау;
Справка жазу тапқан кітап, т.б мағлұмат көзі туралы мәлімет.
Иллиюсрация әдісі арқылы оқушыларға
иллюстрациялық құралдар атап айтсақ: плакат, кесте,
картина, карта, тақтадағы суреттер, үгілер көрсетіледі.
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен қбылыстар
тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық
құралдардан, кино фильмдерден, диафильмдерден
көрсетіледі.
Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттары:
Көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
Крнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;
Демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
Иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
Құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін
түсініктерді мұқият ойластыру;
Демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы
мазмұнымен сәйкес келуі;
Көрнекі құрал мен демонстрацялық қондырғылардан керекті
мәліметтерді табуға оқушыларды қалыптастыру.
Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар
тәжірибелік қызметпен айналысып, тәжірибелік әдістер:
жатығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар.
Жаттығу көмегімен ақыл ой және тәжірибелік іс әрекет
меңгеріледі. Ол барлық пәндерді оқуда, оқу прцесінің түрлі
кезеңдерінде қолданылады.
Назарларыңызға рақмет

Ұқсас жұмыстар
Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі
Оқыту процесінің функциялары
Ұшқыр ой мен шешен тіл
Дәріс
Дәріс. Дәріс – жоғары оқу орындарындағы оқытуды ұйымдастырудың негізгі және заңды
Әдіс дегеніміз не
Оқу әдістері және құрал­жабдықтары
Оқыту әдістері ( СӨЖ )
Ішкі форма - берілген барлық құралдардың жиынтығымен тұтастай сәйкес келетін, адамның ақыл ойында жүзеге асатын ойлаудың түзілісі
“WORD PAD” мәтіндік редакторы
Пәндер