Тәрбие әдістері мен тәсілдерінің анықтамасы, жіктелуі және құралдары


Slide 1

8. 4 Тәрбие әдістері, жіктелуі.

Slide 2

Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.

Slide 3

Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:

-адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.

-әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер.

А. П. Пинкевич тәрбиені екі топқа бөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген.

Slide 4 Slide 5

Тәрбие тәсілдері дегеніміз - әдістің бір бөлігі.

Тәрбие тәсілдері:

Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.

Ақпараттық-ағартушылық.

Бағдарлау - іс-қызмет.

Қатынас.

Бағалау.

Slide 6

1. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін және оларға жетудің жолдарын ұсыну тәсілін қолданып мұғалім оқушыларды идеялық адамгершілік көзқарастармен қаруландырып, өз еңбегі мен ұжым еңбегін жоспарлауға, ұйымдастыруға, еңбекпен іс-қызмет мақсаттарына жету жолдарын таңдауға, іс-қызметтің сапасы мен нәтижелерін олардың алдағы мақсаттарға сәйкестігін анықтатуға үйретеді.

Slide 7

3. Бағдарлау - іс-қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс-тіпмолайту жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастырады. Балалар күнделікті іс-қызметке қатысып, қоғамның материалдық саласында адамгершілік және еңбек бағдарларын дұрыс таңдап дамытады.

Slide 8

4. Қарым-қатынас тәсілі (коммуникативтік тәсіл) - балалар оқушылардың қоғамдық мінез-құлық нормаларын игеруіне көмектеседі. Оқушылар тәртіп ережелер жөніндегі ақпаратты топта, сыныпта, мектепте құрастырып, оны төменгі және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар, ересек адамдар арасында жетілдіреді.

Slide 9

5. Бағалау тәсілі көмегімен мектеп оқушылары адамдардың қимыл-әрекеттерін, көзқарастарын, сенімдерін, тәртіп-бағыттарын айқындауға, негіздеуге, өз іс-қызметін, оқу мен еңбектегі жетістіктерін, адамгершілік сапаларын өздері бағалауға үйренеді.

Slide 10

Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар.

Тәрбие құралдары:

-іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек) ;

-заттар (ойыншықтар, элекронды есептегіш машиналар) ;

-рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір) ;

-бұқаралық ақпарат құралдары;

-педагогикалық ықпал жасау құралдары.

Slide 11

Назарларыңызға рақмет


Ұқсас жұмыстар
Тәрбие әдістері: анықтамасы, жіктелуі және таңдау шарттары
Тәрбие әдістері: анықтамасы, жіктелуі және педагогикалық қолданылуы
Тәрбие әдістерінің анықтамасы, құралдары және түрлері
Тәрбие әдістері мен тәсілдерінің классификациясы және қолдану ерекшеліктері
Биологияны оқыту әдістері мен әдістемелік тәсілдерінің жіктелуі және қолданылуы
Арнайы тәрбие: әдістері, формалары, мазмұны және жіктелуі
Тәрбие әдістері мен тәсілдері: анықтама, жіктелуі және педагогикада қолдану
Компьютерлік вирустар: анықтамасы, белгілері, жіктелуі және қорғау құралдары
Метрология негіздері: өлшеу әдістері, өлшеу құралдары және қателіктердің жіктелуі
Тәрбие үдерісінің формалары, әдістері және құралдары: тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастыру негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz