АЛҒАШҚЫ КОМПЬЮТЕР


Slide 1

АЛҒАШҚЫ КОМПЬЮТЕР

ЖАСАУШЫЛАР

Slide 2

Жоспар

Slide 3

Алғашқы бағдарламамен басқарылып жұмыс істейтін компьютерді ойлап табушы неміс инженері Конрад Цузе деп есептеледі.

1936 жылы Цузе уақытының көбін компьютер құрастыруға жұмсау мақсатында өзі істеп жүрген фирмасынан жұмыстан шығады. Алғашқы Z1 деп аталған машинаның мәліметтерді енгізетін пернетақтасы болды. Перфолентамен жұмыс істейтін машина Z2 деп аталды. Ал 1941 жылы Конрад Цузе санаудың екілік жүйесі қолданылған Z3 релейлік компьютерін жасауды аяқтады. Машиналардың бұл үлгілері соғыс кезіндегі бомбалаудан жойылып кетті.

Оның 1945 жылдың наурызында жасаған Z4 машинасы (Геттинген университетінде ғылыми есептеулерге пайдаланған) ғана аман қалды, ал Цузе кейінірек тағы Z5 моделін дайындады.

Slide 4

АТАНАСОВ ДЖОН ВИНСЕНТ

Атанасов Джон Винсент (1903-1995) алғашқы цифрлық есептеуіш машинасы жобасының авторы. 1930 жылы гелий атомының электрондық құрылымына арналған докторлық диссертациясын қорғады. Бұл жұмыс өте ауқымды есептеулерді қажет етті, міне осы жағдай Атанасовты есептеулерді автоматтандыруға арналған электрондық құрылғыны жасау ойына итермеледі.

Slide 5

БУШ ВАННЕВАР

БУШ Ванневар - компьютер - дифференциалдық анализаторды жасаушы америкалық ғалым. 1930 жылдан бастап бір топ әріптестерімен бірге дифференциалдық теңдеулерді шешуге арналған дифференциалдық анализатор жасаумен айналыса бастайды. 1940 жылы Буш қорғаныстық зерттеулер бойынша Ұлттық Комитеттің төрағасы болып сайланды. Соғыстан кейін (1946-47) зерттеулер мен даму жөніндегі Біріккен Комиссияны басқарды.

Slide 6

ДЖОН ФОН НЕЙМАН

Джон фон Нейман (vonNeumann) (1903 - 57) - америкалық математик. Олалғашқы ЭЕМ-дер мен оларды қолдану әдістерін жасауға үлкен үлес қосқан ірі ғалым.

Нейман Принстонның перспективалық зерттеулер институтында жұмыс істеп, жаңа құрылымды бірнеше компьютерлерді жасауға қатысады. Оның ішінде, сутегі бомбасын жасауға байланысты есептерді шешуге қолданылған машина да бар болатын. Ол машинаға фон Нейман аббревиатурасына қарай (MANIAC, Mathematical Analyzer, Numerator, Integrator and Computer) «Маньяк» деп ат берген еді.

Бұл машина - математикалық анализатор, есептегіш, интегратор әрі компьютер қызметін атқаратын.

Slide 7

ЭЙКЕН ГОВАРД ХАТАУЭ

ЭЙКЕН Говард Хатауэй - америкалық математик. Эйкен мен оның әріптестері алғашқы «Марк-1» машинасын 1944 жылдың ақпанында дайындап болды. Бұл машина электромеханикалық реле негізінде жасалды және ол перфотаспада кодталған ондық сандармен амалдар орындады.

Осы бағыттағы жұмысын жалғастырған Эйкен 1947 жылы оның толық жетілген электрлендірілген моделі - «Марк-2» - ні жасады.

Slide 8

МОКЛИ (МОЧЛИ) ДЖОН УИЛЬЯМ

МОКЛИ Джон Уильям - америкалық физик және инженер, алғашқы әмбебап «Эниак» (ENIAC) компьютерін (Пр. Эккертпен бірге, 1946) жасаушы. Дж. Атанасовтың әзірлемелерін пайдалана отырып, әріптестерімен бірге 1946 жылға қарай «Эниак» (ENIAC) моделін жасауды аяқтады.

1948 жылы Мокли мен Эккерт компьютерлер шығаратын компания құрды, онда бір жылдан кейін перфокарта орнына магниттік таспа пайдаланылатын бинарлық автоматты есептегіш (BINAC) жасалды.

Мокли мен Эккерттің арнайы коммерциялық есептерге арнап жасаған үшінші компьютері UNIVAC I болды.

Slide 9

ЭККЕРТ ПРЕСПЕР (КІШІСІ)

ЭККЕРТ Преспер - қазіргі компьютерлердің прототипі болған алғашқы әмбебап компьютерді жасаған (1946, Дж. Моклимен бірге) америкалық инженер.

1946 жылы үкіметтің сұранысы бойынша «Эниак» деп аталған цифрлық есептегіш машина құрастырды.

1948 жылы Эккерт пен Мокли университетті тастап, өздерінің жеке компьютерлік фирмасын құрды. Олар бір жылдан кейін ақпаратты сақтау үшін перфокарта орнына магниттік таспа қолданатын машинаның жаңа моделін -«Бинак» жасап, ұсынды.

Эккерт пен Моклидің 1951 жылы жасаған «Унивак-1» деген үшінші моделі, бизнестің сан-салалы міндеттерін шешуге арналған еді.

Slide 10

ЛЕБЕДЕВ СЕРГЕЙ АЛЕКСЕЕВИЧ

Есептеу техникасының көрнекті конструкторы Сергей Алексеевич Лебедев 1902 жылы 2 қарашада Нижний Новгород қаласында, мұғалімнің отбасында туған. 1948 жылдың күзінен бастап, С. А. Лебедев Шағын электрондық есептеу машинасын (МЭСМ-Малая электронная счетная машина) жасауға әзірлікке кірісті. МЭСМ-ге қажет операцияларды нақтылау үшін Киевке А. А. Дородницын мен К. А. Семендяевты көмекке шақырған.

Slide 11

ГЛУШКОВ ВИКТОР МИХАЙЛОВИЧ

ГЛУШКОВ Виктор Михайлович (1923-82) ресейлік және украиндық математик әрі кибернетик.

Алғашқы жасаған машинасы МИР1 болды. МИР-1 моделінде (1968) перфолентадан енгізу мен оған шығару қарастырылды. Бұл компьютерде сенімділігі жоғары бөлшектер пайдаланылды.

1969 жылы жарық қаламұшты дисплейі бар және оған қоса магниттік картадағы сыртқы жады бар «МИР-2» ЭЕМ-ін жасап шықты. Алмир тілінің кеңейтілген түрі - Аналитик тілі пайдаланылды.

Slide 12

Назарларыңызға

рақмет


Ұқсас жұмыстар
Қалталық дербес компьютер
Антивирустық программалар
Дербес компьютерлердің шығу тарихы
Компьютердің архитектурасы
Сөзді табу
"Жұлдызды сәт" интеллектуалды ойыны
Есептеу техникасының даму тарихы туралы
Есептеуіш техниканың даму тарихы
Есептеуіш машинасының кезеңдерімен жіктелуі
Есептеуіш машинаның даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz