Ортағасырлық философияның схоластика кезеңі


Slide 1

Батыс Еуропа философиясы

Slide 2

Жоспар

Slide 3

Ортағасырлық философияның негізгі үш кезеңі:

Slide 4

І. Апологетика

Апологетика (гр. Apologetikos - қорғаушы) - теологиялық сала.

Апологетиканың мақсаты - ақыл-парасатқа жүгінген дәлелдердің көмегімен дін ілімін қорғап, сақтау.

Өкілдері - Юстин Мученик, Тециан, Тертуллиан Квинт Септилий Флоренц.

Slide 5

ІІ. Патристика

Патристика (лат. Pater - әке) - 2-8 ғасырлардағы христиан дін ілімі. Пұтқа табынушылыққа қарсы христиан дінінің догматтарын қорғайтын, діни нанымның ежелгі философиямен үйлеспейді дейтін "шіркеу әкелерін” мадақтау, қостау.

Өкілдері - Тертуллиан, Климент Александрский, Ориген, Августин.

Slide 6

Схоластика (гр. Scholosticos- мектептік) - орта ғасырлық "мектептік философия”, оның өкілдері - схоластар христиандық дін ілімін рационалды (зерделі) түрде негіздеуге және жүйелеуге тырысты.

ІІІ. Схоластика

Slide 7

“схоластика” (“мектептік ілім”) деген атқа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті:

1) Балауса схоластика (ІХ - ХІІ ғасырлар) . Бұл кезеңде ғылым, философия, теология әлі бір-бірінен ажырамаған, универсалийлерге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің “заңдылығын” дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты.

Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский, Пьер Абеляр, Августин Аврелий, т. б. ;

Slide 8

2) Кемелденген схоластика (ХІІІ ғасыр) .

Бұл кезеңде Аристотель еңбектері көпшілік арасына тарап, философиялық теология ілімі қалыптасып, кең етек алды.

Негізгі өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт.

3) Құлдырау кезеңі (ХІV - ХV ғасырлар) .

Шынайы ғылыми және философиялық ойлардың қарқынды дамуының нәтижесінде тәжірибеден, өмірден алшақ мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика қалыптасты.

Негізгі өкілдері: Уильям Оккам, Жан Буридан, т. б.

Slide 9

Ортағасырлық философияның схоластика кезеңі Европа тарихында Рим империясының күйреуінен бастап қайта өрлеу дәуіріне дейінгі 600-700 жылдай уақытты қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған көптеген Европа елдерінде (Италия, Франция, Англия, Германия т. б. ) феодалдық қарым-қатынастар қалыптасып, христиан дінін қоғамдық өмірдің барлық салаларында өктемдік көрсетіп, шіркеудің сауаттылықтың қолжазбалар сақтау ісінің ошағына айналған мезгілі болатын.

Slide 10

Ортағасырлық философиядағы негізгі бағыттар:

Slide 11

Реализм - ол «ұғымдар реалды түрде өмір сүреді және жалқы заттардан бұрын өмір сүреді» - деген көзқарасты қалыптастырды.

Көрнекті өкілдері - Ансельм Кентерберийский және Шамполық Гильом, Фома Аквинский болды.

Номинализм (лат. nomen - есім, атау) - ұғымды тек жекелеген заттардың атауы ғана деп есептейтін ортағасырлық философиялық бағыт.

Көрнекті өкілдері: Росцелин, Дунс Скотт, Оккам.

Slide 12

Батыс Еуропа

философиясының

негізгі өкілдері

Slide 13

Аврелий Августин (13. 11. 354 - 28. 8. 430) - көне рим философы, батыс патристикасының өкілі. Оның дүниеге көзқарасы «Сенімсіз білім жоқ, акиқат жоқ» принципіне бағынады.

Slide 14

Схоластик тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теологы - схоласты, философ Абеляр (1079 - 1142ж) болды. Негізгі еңбегі - “Бар мен жоқ”. Абелярдың пікірінше, шынайы өмір сүретін жалпылар, бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізде жалпылар ұғымы қалыптасады.

Slide 15

Христиандық діни ілімді Аристотельдің философиясымен байланыстырған схоласт ұстазы Аквинский болды. Фома Аквинскийдің ілімінше, жалпы идеялар универсалийлер үш түрлі өмір сүреді:

1. Зат пайда болғанға дейін - құдайдың ойында ;

2. Заттардың өзінде - олардың мәні ретінде ;

3. Заттардан кейін, адамдардың ақыл-ойында - сол заттардың ұғымы, абстракциялық ойдың нәтижесі ретінде.

Slide 16

Реалистердің көрнекті өкілдерінің бірі - Италияда (1033-1109 ж. ж. ) өмір сүрген архиепископ Ансельм Кентерберский болды. Ол құдайдың бар екендігін дәлелдеуге тырысты. «Егер құдай жоқ болса, құдай туралы ұғым да пайда болмас еді. Ал, құдай туралы ұғымның бар екені рас болса, демек құдайдың да бар болғаны» - дейді Ансельм.

Slide 17

Аквинскийдің іліміне қарсы сын айтқан шотланд схоласты Дунс Скотт (1268 - 1308) құдайдың да, адамның да ақыл-ойы оның ерік-жігеріне тәуелді, сондықтан құдайдың жігері абсолютті ерікті, ал оның қалағанын істегеннің өзі - игілік деп есептеді.

Slide 18

Роджер Бэкон (1214 - 94ж) философияны, табиғаттану ғылымдарын теологиядан бөлу керектігін уағыздап, ғылымдар ғимаратының іргетасы - тәжірибе, эксперимент және математика деп есептеді.

Slide 19

Номиналистік бағыттың көрнекті өкілі, ағылшын ойшылы У. Оккам (1300 - 1349/50ж) болды. Оның пікірінше, философиялық ақиқат пен діни ақиқат екі түрлі құбылыс.

Slide 20

Тапсырмалар

Slide 21

№1 тапсырма. «Бос орынды толықтыр»

2-8 ғасырлардағы христиан дін ілімі.

Схоластар ілімін рационалды (зерделі) түрде негіздеуге және жүйелеуге тырысты.

кезеңінде Аристотель еңбектері көпшілік арасына тарап, философиялық теология ілімі қалыптасып, кең етек алды.

Аквинскийдің іліміне қарсы сын айтқан шотланд схоласты құдайдың да, адамның да ақыл-ойы оның ерік-жігеріне тәуелді, сондықтан құдайдың жігері абсолютті ерікті деп есептеді.

- ұғымды тек жекелеген заттардың атауы ғана деп есептейтін ортағасырлық философиялық бағыт.

- ол «ұғымдар реалды түрде өмір сүреді және жалқы заттардан бұрын өмір сүреді» - деген көзқарасты қалыптастырды.

Slide 22

«Бос орынды толықтыр» тапсырмасының жауаптары:

Патристика (лат. Pater - әке)

Христиан діні

Кемелденген схоластика (ХІІІ ғасыр)

Дунс Скотт (1268 - 1308)

Номинализм (лат. nomen - есім, атау)

Реализм

Slide 23

№2 тапсырма. Шашыраған әріптер

Slide 24

«Шашыраған әріптер» тапсырмасының жауабы:

Slide 25

№3 тапсырма. «Сәйкестігін тап»

2. Апологетиканың мақсаты

А. ақыл-парасатқа жүгінген дәлелдердің көмегімен дін ілімін қорғап, сақтау.

1. Құлдырау кезеңі

Ә. философиялық ойлардың қарқынды дамуының нәтижесінде тәжірибеден, өмірден алшақ мистикалық ілімге айналуына байланысты қалыптасты.

4. Реализм

Б. «ұғымдар реалды түрде өмір сүреді және жалқы заттардан бұрын өмір сүреді» - деген көзқарасты қалыптастырды.

В. шынайы өмір сүретін жалпылар, бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізде жалпылар ұғымы қалыптасады.

5. Абеляр

Г. философиялық ақиқат пен діни ақиқат екі түрлі құбылыс.

3. У. Оккам

Slide 26

«Сәйкестігін тап» тапсырмасының жауаптары:

1 - Ә

2 - А

3 - Г

4 - Б

5 - В

Slide 27

«Батыс Еуропа» тақырыбына арналған

тест сұрақтары

б. з. д II ғасырда пайда болған философиялық ілім қалай аталады?

Апологетика

Схоластика

Патристика

Құлдырау кезеңі

Кемелденген схоластика

2. Патристикалық ілімнің белең ала бастаған кезі?

III-IV

III-VII

II-III

III-VI

III-V

3. Схоластика тағы басқа қалай аталады?

Құлдырау кезеңі

Балауса схоластика

Кемелденген схоластика

Реализм

Мектептік философия

Slide 28

4. Кемелденген схоластика кезеңінде қай ғалымның еңбектері көпшілік арасына тарап, философиялық теология ілімі қалыптасты?

A. У. Оккам

B. Аристотель

C. Фома Аквинский

D. Дунс Скотт

E. Аврелий Августин

5. Аврелий Августиннің дүниеге көқарасы қандай болды?

A. «Сенімсіз білім жоқ, акиқат жоқ»

B. «Шынайы өмір сүретін жалпылар, бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізде жалпылар ұғымы қалыптасады. »

C. «Егер құдай жоқ болса, құдай туралы ұғым да пайда болмас еді. Ал, құдай туралы ұғымның бар екені рас болса, демек құдайдың да бар болғаны»

D. «философиялық ақиқат пен діни ақиқат екі түрлі құбылыс. »

E. «Құдайдың да, адамның да ақыл-ойы оның ерік-жігеріне тәуелді. »

6. Француз теологы - схоласты, философ Абелярдың негізгі еңбегін көрсетіңіз?

A. «Теология суммасы»

B. «Құпиялықтар жөніндегі трактат»

«Логика жинақтары»

«Ақиқат дін туралы»

«Бар мен жоқ»

Slide 29

7. Ұғымды тек жекелеген заттардың атауы ғана деп есептейтін ортағасырлық философиялық бағыт қалай аталады?

Реализм

Схоластика

Патристика

Номинализм

Апологетика

8. Фома Аквинскийдің ілімінше, жалпы идеялар универсалийлер қанша түрлі өмір сүреді?


Ұқсас жұмыстар
Араб философиясының кезеңдері
Ортағасырлық христиан философиясының негізгі даму кезеңдері
Ортағасырлық философияның негізгі сипаттамалары
Орта ғасыр батыс философиясы
Орта ғасыр философиясы
Орта ғасырдағы дін өкілдері
Ортақ идея
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ АРАБ - МҰСЫЛМАН ФИЛОСОФИЯСЫ
Ортағасырлық Батыс философиясы
«Исламдық орта ғасырлық мәдениет контекстіндегі арабтықмұсылмандық философия»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz