Жас ерекшеліктер туралы ұғым




Презентация қосу
Жас ерекшеліктер туралы ұғым
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық – физиологиялық
және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас
ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және
психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты,
өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған
ортамен жасайтын қарым – қатынастар жүйесіне тәуелді
болатынын атап көрсетеді.
Сана – сезімнің, дене күш – қуаттарының дамуы адамдардың жас
ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары
өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл – саналары дамып, білімдері тереңдей
бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, оқыту мен тәрбие
жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі,
белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу
дегеніміз – адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде
жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.
Тәрбие ісінде балалардың жас ерешеліктерін ескеріп отыру қажеттігін
үндеген педагогтар:

Я.Коменский Ж.Руссо
Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен
жеткеншектердің дамуындағы биологиялық фактордың рөлін айрықша
көрсетеді. Осының негізінде мектеп жасындағы балалар мен
жасөспірімдердің өсіп – жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды:

1) Төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін);

2) Негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15
жасқа дейін);

3) Орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18
жасқа дейін).
Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына
жаңа туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейігі өзгерістер кіреді.
Олардың сатылары:

Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін);
Нәрестелік шақ (бір – екі айдан бір жылға дейін);
Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасға дейін);
Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін);
Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11, 12 жасқа дейін);
Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін);
Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін).
Бастауыш мектеп оқушыларының тәрбие жұмысын дұрыс
ұйымдастыру үшін мына ерекшелікті ескеру керек:

*сөз бен істің сәйкесті болуын талап ету,
*үлкен адамдардың жіберген қателігін тез
байқау,

*өз мүмкіндіктерін асыра бағалау,
*түрлі спорт ойындарына
ықыласты болу. *арманшыл –
қиялшыл,
*ұйымшыл,
*сенімді серік іздеу,
Жеткіншек шақ.

Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен орта мектептің V – VIII сыныбына
сәйкес келеді де, 11 – 12 жастан 14 – 15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды.
Жеткіншектің кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны «өтпелі»,
«бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген.
Бұл – ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас.
Жеткіншектер дамуындағы ерекшеліктер әр түрлі теорияларға негіз
болды. Жеткіншектік шақтың басында балалардың сырт пішіні,
мінез – құлқы ересектерге ұқсамайды. Олар көп ойнап, көп
жүгіреді, алысып – жұлысып тентектік жасайды, әлі де бала бола
жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің жеке басындағы басты жаңа
құрылым өзі туралы «енді бала емеспін, ересекпін» — деген
түсініктің пайда болып, өзіне жұрттың осылай деп қарауын тілейді.
Сананың дамуы баланың өз бетімен тәуелсіз талаптануын тудырады.
Олар үйде, мектепте еңбек процесіне араласады, күнделікті өмірді
бақылайды, ой – өрісі кеңиді. Бұл жастағы бала намысқор келеді,
үлкендер бақылауын әкімшілік шараларды ұнатпайды. Үлкендерді
озбырлық жасайды деп ойлайды. Кейде түсініспеушілік осындайдан
да туады.
Осы ерекшеліктерді есепке ала отырып, тәрбие жұмысын тиімді етіп
ұйымдастыру керек. Жеткіншектер қоғамға пайдалы істерге
ықыласты, ұжымшыл, жолдастық, достық сезімге бай, кітап оқуға,
кинофильмдерге көруге ынталы, спортты ұнатады.
Жеткіншек шақта дене тәрбиесімен айналысқан өте пайдалы. Дене
тәрбиесі арқылы жүрек қан жүйесін жаттықтыру, дене жаттығулары,
спорт, дене еңбегі үшін дәрігерлік және педагогикалық бақылау өте
пайдалы. Маскүнемдікке жол бермеу керек. Дене тәрбиесі және спортпен
айналысу зейіннің дамуына әсер етіп, оның көлемін көбейтеді, зейіннің
бір нәрседен екіншіге бөлінуіне әсер етеді.
Осы жаста адамның мінез – құлқы және басқа да жеке басының негіздері
қалыптасады. Міне, осы кезеңде жеткіншектердің бойында кемшіліктер
айқын көріне бастады:

— ата – анамен келіспеушілік жағдайда болу;
— мектептегі қиындық және сәтсіздік;
— тәртібі қиын құрбы – достарымен байланыс орнату.

Отбасы жағдайы, ата – ананың кәсібі, материалдық жағдайы, білім деңгейі
жеткіншектің өмірдегі жолын айқындайды. Ата – ананың саналы, мақсатты
тәрбиесі бала өмірінде үлкен рөл атқарады
Тәрбиешінің міндеті– еңбек, спорт іс – әрекетін, жеткіншектің ерік –
жігер, сапаларын қалыптастыру. Мұғалімдер, тәрбиешілер, ата –
аналар мақсатқа жетудегі сенімділігін тәрбиелеп, жетістігін атап
көрсетіп, қауіп – қатерден сақтандырып, дер кезінде көмекке келіп,
жеткіншекті өз кемшіліктерінің себептерін түсіндіруге үйретеді.
Жеткіншектің мінез – құлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда
болмайды, олар отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда
болады. Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез – құлық деп
аталады.
Девиантты мінез – құлықтың бір түріне қылмыстық әрекетке апаратын
агрессивті мінез – құлық (төбелес, тіл тигізу) жатады.
Жеткіншектің мінез – құлығындағы агрессивтілік адамдарды аяу сезімінің
жоқтығынан садистік бағытқа бейімделу нәтижесінде өзін қоршаған ортаға
зиянын тигізеді. Бұл жағдай тұлға аралық, топ аралық кикілжіңге өршігіп
кетуі мүмкін.
Жеткіншектің мінез – құлығындағы агрессивтік ішімдікпен,
нашақорлықпен тікелей байланысты. Кейде жеткіншектер ішімдік ішкен
кезде өзінің еңбегін (бұзақылық, төбелес, сәтті аяқталған оқиғаларын) атап
өтеді.
Жасөспірім шақ (15-17 жас)

Жасөспірімдік кезеңнің көптеген теориялары бар. Жасөспірімдік шақ
бала мен ересектік шақтың аралығы, баланың ересектерге
тәуелділігімен сипатталады, ересектер баланың өмірлік іс-әрекетін
мазмұны мен бағытын белгілейді.
Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері - мамандық
таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге, өз
отбасын құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге
асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді.
Жасөспірімдік шақ - жеке адамның толысуы мен қалыптасуының
аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз ағзасы мен сырт
келбетіндегі үлкен өзгерістер, өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі
байқалады. Сондықтан жасөспірімдік шақ ымырасыз келеді.
Жасөспірімге өзін көрсетуге ұмтылу, өзін жан-жақты ашуға құштарлық
тән.
Бұл кезеңде сезім, достық қарым-қатынастар дамиды. Мысалы:
ғашықтық, өзара сенім, қайырымдылық, бірін-бірі сыйлау, көмек
көрсету, іс-әрекеттерін бірігіп орындау, жолдасының кемшілігін айтып,
жоюға көмектесу.
Ересек оқушының жеткіншек жастағыларға қараға жауапкершілігі
ұлғаяды. Ересектердің денесінің дамуына келсек, жеткіншек
жасындағыдай бойының тез өсуі тоқтала бастайды. Әсіресе бойының
есуі тоқталады, бірақ кеудесі, қолы мен аяғының бұлшық еттері,
шеміршектері, мойны т.б. азды-көпті әлі өсетін болады. Қыздардың
бойы 17 жасқа, ұлдар 18 жасқа дейін өседі.
Мұғалім күнделікті оқу – тәрбие жұмысының процесінде
оқушылардың дара ерекшеліктерін бақылап, есепке ала отырады.
Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін, типтік сипатын мінез –
құлқына сәйкес жете білуі қажет. Мәселен, нерв жүйесіне байланысты
темперамент типтерін басшылыққа алмай, тәрбие процесін
психологиялық негізде ұйымдастырып іс – жүзінде асыру мүмкін емес.
Жеке адамның дүниенің сезгіштігі және қабылдағыштығы
темпераментке тәуелді.
Оқушылардың түрлі іс - әрекеттерін жүзеге асыру үшін, олардың
барлық ықтимал мүмкіндіктерін іске қосу керек. Осыған орай,
тәрбиеші мына жағдайларды ескеруі қажет:
кейбір баланың өз мүддесін ғана ойлауын ғана болдырмау,
өз мүддесін ұжым мүддесімен ұштастыра білуге үйрету;
баланы әр түрлі жағдайда болатын өзгерістерді басынан өткізе
білуге баулу;
баланы өмірді даму күйінде көре білуге үйрету, т.б.
Тапсырмалар
Жеткіншек шақ
10 20 30 40

Жасөспірімдік шақ 10 20 30 40

Бастауыш мектеп жасы 10 20 30 40
Жеткіншек шақ 10

Жеткіншектік кезең қай аралықты қамтиды?
Жеткіншек шақ 20

Жеткіншектер бойынан айқын көрінетін
кемшіліктер қандай?
Жеткіншек шақ 30

Жеткіншектермен жұмыс жасауда
тәрбиешінің міндеті қандай?
Жеткіншек шақ 40

Жеткіншектің мінез –құлқы мен
девиантты мінез – құлық жайлы айтып бер
Жасөспірімдік шақ 10

Жасөспірімдік шақ қай
аралықты қамтиды?
Жасөспірімдік шақ 20

Жасөспірімдік шақ пен жеткіншек
шақтың басты айырмашылығы?
Жасөспірімдік шақ 30

Жасөспірімдік шақтың негізгі
ерекшелігі қандай?
Жасөспірімдік шақ 40

Жасөспірімдік шақ кезіндегі мұғалімнің
іс-әрекеті қандай болуы керек?
Бастауыш мектеп жасы 10

Бастауыш мектеп жасы қай
аралықты қамтиды?
Бастауыш мектеп жасы 20

Бастауыш мектеп жасындағылардың
негізгі ерекшелігі?
Бастауыш мектеп жасы 30

Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен мұғалімнің
қарым-қатынасы қандай болуы керек?
Бастауыш мектеп жасы 40

Бастауыш мектеп оқушыларының тәрбие
жұмысын дұрыс ұйымдастыру
үшін қандай ерекшелікті ескеру керек?
Берілген әріптерден сөз құра
С А Н А П Е Ғ Ж Қ З
Ш У А Т Ә Р Б И Е Ш
Ж Е Т К І Н Ш Е К І
Л Р М И М Е К Т Е П
А Т Б А Л А Д І Ы Ң
Ж А С Ө С П І Р І М
Ә У А О Қ У П Р С Ч
О Ұ А Т А - А Н А Б
Назарларыңызға рақмет!!!

Ұқсас жұмыстар
ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХОДИАГНОСТИКАСЫ
Шығармашылық Арман жасау
Зиянды организмдерге өсімдіктің төзімділігі және толеранттылығы
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Тұлғаны бағдарлап оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту
Ж.Аймауытов – ақын
Қазақ терминологиясы
Өзен шаяны
ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Тілді меңгерудегі сөйлеу іс- әрекеті мен жас ерекшеліктер психологиясының байланысы
Пәндер