Қазақ халқы




Презентация қосу
Қазақ халқы
Қазақстан
Қазақстан — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет.
Бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін
3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм
шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан
Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон
каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей
шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.
Қонақжайлық − қазақ халқының ежелден келе жатқан әдет-ғұрпы. Әрбір
қазақ отбасы үшін қонақты сыйлау, құрметтеу, қонаққа ілтипат көрсету −
зор жауапкершілік.
Қазақтың салт -дәстүрлері
Құйрық‑бауыр асату – құдалар сойылған малдың етін жеместен бұрын
құйрық‑бауыр асатад; үстіне айран құйылған құйрық‑бауырды уыстап асатып,
ауызға сыймағанын бет‑аузына, үстіне жаға салады. Құйрық‑бауыр желінген
соң, құдалар жағы табаққа кәде салады. Бұны табақ әкелгендер тағы да бөліп
алады.
Қымызмұрындық – жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына
созылатын үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз
жиналып, ағайын – жекжаттар бірін – бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал
сойылып, түрлі ойын – сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі
той- томалақтар да өткізіледі.
Суға тоғыту – құйрық‑бауыр асатылғаннан кейін ауылдағылардың біреуі:
«Үйбай‑ау, мына құдалардың үстіне не болған? Құдаларды дереу шомылдырып,
үстін тазаламайсындар ма?» дейді. Осыдан кейін құдаларды бөгенге (суға) құлату
басталады. Мұндайда құдалар жағы өздерін құлатуға келгендерді суға ала түсуге
хақылы. Қарулылары сұлу құдағи не құдашаны бірге ала түседі.

Киім тігу – қазақ салтын сақтаған құда‑құдағилар келген түні мүлдем ұйқтамауға тиіс. Егер
ұйқтап қалса құдалардың бірі киімін тігіп тастап, айып төлеттіреді. Сол үшін ішіп‑жеуге де, ұйқыға
да, өлең айтысуға да шыдаулары керек. Көңілі дариядай, дастарханы мол қазаққа мұндайда іркілу,
есеп деген болған емес.
Сыбаға асу – құдалар келіп жайғасқан соң, алдымен «есіңе алсаң,
ескіден сақта» деп сүр еттен сыбаға асады. Мұнда құдалардың сыбаға
жамбасы міндетті түрде болады. Қазақта бас. Жамбас, ұлтабар, асықты
жілік, төс дегендердің өздерінің иесі – орны болатынын көпшілік білер
деп сенеміз. Соғымнан құдаға, басқаға сыбаға беру қазақта өзгермейтін
заң. Сыбаға иесі қыстың күні келе алмаса, онда жайлауға көшкенде
ұнның арасына сыбағаны тығып апару керек.
Қазақтың ұлттық тағамдары
• Құрт – малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам.
Сабаға сүтті жинап, сүт ашығаннан кейін піседі, сүт іркітке айланып, майы
бетіне қалқып шығады. Майын бөлек алып тұздап қарынға салады да, іркітті
қазанға суы сарқылғанша қайнатады. Құрт қайнап жатқан кезде қазанның түбін,
ернеуін қырып, әлсін-әлсін араластырып отырады.

• Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған
сүттен де ұйытуға болады.
• Уыз- жаңа төлдеген малдың желініне жиналатын қою сүт. Уыз «сары уыз»,
«ақ уыз» деп екіге бөлінеді. Сары уыз әрі қою, әрі желім сияқты жабысқақ
болады. Ақ уыздың өңі сары уызға қарағанда ақшыл, әрі сұйықтау келеді.
• Қымыз – биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды
сусын. Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті
дастарқан дәмінің бірі. Сары қымыз дертке шипа, денеге күш. Қымыз негізінен
жылқы терісінен тігіліп, әбден – тобылғы түтінінің ысы сіңген сабада не
болмаса ағаш күбіде ашытылады. Қымыздың ашытқысы «Қор» деп аталады.
• Қазы – жылқы етінің кәделі мүшелердің бірі. Ол жылқының қабырғалары мен
белдемелерінің етегіне жиналатын аса шұрайлы, майлы ет. Қазы жасау үшін екі
бұғана қабырға, екі тілше қабырғадан басқа қабырғалар алынады. Қазыны
ішекке тығады.

• Қазақша ет (бесбармақ, бешбармақ) асқанда ең алдымен жіліктеп бұзылған
етті адам санына қарай мөлшерлейді. Тойға немесе қонақ асыға көбінесе қой
сойылады.
• Бауырсақ - шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға салады. Бауырсақты
жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып
та ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке
шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады.

• Жент (қоспа) – аса кәделі дастарқан дәмі. Ол қыста қатпайтын, жазда
бұзылмайтын өте дәмді тағам.
Қазақтың ұлтық киімдері
Қазақтың ұлтық ойындары
Қыз қуу

Аударыспақ

Көкпар

Бәйге

Теңге ілу

Қазақша күрес
Қазақтың ұлттық аспаптары
Адырна

Домбыра

Жетіген

Қылқобыз

Дауылпаз

Шаңқобыз
Назарларыңызға рақмет!

Ұқсас жұмыстар
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Қазақ халқы ассамблеясы
Қазақстан халықтар ассамблеясына – 20 жыл!
Қазақстан Халқы Ассамблеясы саяси институт ретінде
Татар халқының сұлу сазды әндері
Еуразия тілдері
Блум таксономиясы негізінде қазақ ауыз әдебиеті саласы бойынша мультимедиялық көрнекіліктер әзірлеу
ҚАКСР құрамына енгізілген аймақтар
Қазақ халқының ерлігі
Ассамблеяның негізгі міндеттері
Пәндер