Патриоттық тәрбие




Презентация қосу
Патриоттық
тәрбие
Патриот және патриотизм үғымы алғаш рет 1789 -
1793 жылдардағы ұлы француз революциясы
кезеңінде қолданыла бастады. Сол кезде
монархистер лагерінен шыққан сатқындар мен
Отанға опасыздық еткендерге қарсы халық ісі
жолында күрескен республиканы қорғаушылар
өздерін «патриот» деп атаған.
Патриотизм (грек тілінен аударғанда –
отандас, патриот – атамекен) – Отанға
деген махаббатпен, жеке мүддені ел
мүддесіне бағындырумен мазмұндалатын
өнегелі және саяси қағида, әлеуметтік
сезім.
Патриоттық тәрбиенің мақсаты:

• Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық
пен бейбітшілікті сақтайтын;
• ұлтаралық мәдениетті дамытатын;
• еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын;
• әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке
өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты биік
патриот;
• қаһарман, қайсар, жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу.
Патриотизмге тәрбиелеудің ұзақ мерзімді
мақсаты:

Азаматтарды біріктіру, азаматтарға
Тәуелсіздіктің құндылықтары мен жетістіктерін
ұғындыру, оларды мемлекеттік рәміздер мен
идеология төңірегіне топтастыру.
қол жеткізудің басты жолы —
толеранттылық, бірлік, өзара көмек,
қайырымдылық.
Патриоттық тәрбиенің міндеті:
Отанға деген сүйіспеншілігі мен құрметін
қалыптастыру;
Ел тарихы мен мәдениетін білу арқылы Қазақстан
Республикасының негізгі құндылықтарын
зерделеуге көмектесу;
Өз мектебіне, шағын ауданына, қаласына,
Республикасына пайда келтіруге ұмтылысы мен
тілегін дамыту.
Патриоттық сананы қоғамдық өмірде бекітетін
бірден-бір институт — жоғары оқу орындары мен
басқа да білім мен тәрбие беру мекемелері.
Олардың көмегімен патриоттық сана қоғамдық
өмірге бекітіліп, мемлекет тарапынан қолдауға
және бағдарлауға ие болады. Студент жастар
қоғамның әлеуметтік құрылымында ерекше орын
алады.
Патриоттық тәрбиенің құралдары болып
қазақтың, нақты ұлттың және оның қарулы
күштерінің еңбегі, ұлттық дәстүрлері болып
табылады.
Патриоттық сананы қалыптастыру
барысында жеке әңгімелесу мен тағы басқа да
әлеуметтік зерттеулер арқылы қажеттіліктерді
зерттеу және оның дамуына көмектесу маңызды,
себебі мұның өзі патриоттық тәрбиенің
мәселелерін тиімді шешуге көмектеседі.
Патриоттық құндылықтары
қалыптасқан тұлғаның бойында болуы
тиіс қасиеттер:
-Жалпы адамзаттық, ұлттық құндылықтарды меңгерген;
-Халықтар арасындағы достықты нығайтуға күш салатын;
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне,
тарихына, тіліне, дәстүріне, дініне құрметпен қарайтын;
-Жас ұрпаққа өз ауданымыздың тарихымен тереңірек
таныстыратын;
-Өлкемізде әртүрлі замандарда өмір сүрген тарихи
тұлғалармен қайраткерлердің өмірі мен қызметін зерттеп
білетін;
-Балаларға елін, жерін сүйетін патриоттық сезімдерін аша
түсіп, жетілдіретін.
Назарла
рақ

Ұқсас жұмыстар
Азаматтық, қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім тұралы ұғым
Қазақ халқындағы азаматтық патриоттық тәрбиенің ерекшелігі
Ұлттық тәрбие
Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастырудың жолдары
Патриоттық тәрбие беру
Дүниетанымының қызметтері
Білім беру жүйесіндегі патриоттық тәрбие қалыптастырудың инновациялық әдістері
Жоғары оқу орындарында тәрбие жұмысының жобасы
АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
Эстетикалық тәрбие
Пәндер