Сыни тұрғысынан ойлау


Slide 1

Сыни тұрғысынан ойлау

Slide 2

Сыни тұрғысынан ойлау - ашық қоғам негізі. Ол - өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады.

Slide 3

Сыни тұрғысынан оқыту технология емес, ол бағдарлама. «Біздің елімізде Джорд Соростың ашық қоғам институты, «Сорос - Қазақстан» қоры арқылы келген бұл бағдарлама мектеп тәжірибелеріне ене бастады. Сыни тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выгодский теорияларын басшылыққа алады.

Slide 4

Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі мақсаттары:

Тек қана оқуда емес, өмірде де оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;

Өздігінен дұрыс шешім қабылдай білетін тұлғаны дамыту;

Ақпараттарен жұмыс істей білетін шығармашыл тұлға қалыптастыру;

Құбылыстарды жан-жақты талдап саралай білетін сыншыл тұлға тәрбиелеу.

Slide 5

СТО сабақ процесінде ең басты тұлға ОҚУШЫ. Сыни тұрғысынан ойлау әдісін топпен жұмыс істеуді қолдана отырып, оқушылардың ойын, еркін сөйлеуін, тілін дамытып, бір - бірін тыңдай білуге, өзінің де басқаның да жауабын сын тұрғысынан баға бере отырып, құрмет көрсетуге бағыт береді.

Slide 6

Жеке тұлғаның сыни тұрғысынан ойлауын меңгертетін қасиеттер:

Slide 7

Жеке тұлғаны сыни тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары:

Slide 8

СТО технологиясының сабақ кезеңдері:

Slide 9

Әр кезеңде қолданылатын стратегиялар:

1. Қызығушылығын ояту кезеңі: Болжау кестесі, Тірек сөздер, Венн диаграммасы, Т кестесі, бір айналым күнделік, Блум таксаномиясы, Миға шабуыл, Топтастыру.

2. Мағынаны тану кезеңі: Т кестесі, Пікір - талас, Аквариум, İNSERT, RAFT, ДЖИКСО, Кубизм, Геометриялық фигуралар, Бір айналым сұхбат, Жұпта талқылау, Бағытталған оқу, Талдау картасы, Топтастыру.

3. Ой толғаныс кезеңі: Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т кестесі, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат.

Slide 10

Стратегиялар

1. Миға шабуыл, 2. Джиксо, 3. İNSERT

4. Кубизм, 5. Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы

6. RAFT стратегиясы, 7. Венн диаграммасы

8. Геометриялық фигуралар, 9. Блум таксаномиясы

10. Т кестесі, 11. Топтастыру, 12. Тірек сөздер

13. БББ немесе маркировка кестесі, 14. Эссе

Slide 11

1. Миға шабуыл стратегиясы - бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу.

2. ДЖИКСО стратегиясы - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау.

3. İNSERT немесе түртіп алу стратегиясы - түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» - білмеймін, «-» - мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» - мені таң қалдырды - деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Артқа

Келесі

Slide 12

4. Кубизм стратегиясы - ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты, жан - жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады.

5. Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы - оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.

Артқа

Келесі

Slide 13

6. RAFT стратегиясы - оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды.

7. Венн диаграммасы стратегиясы - бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. Екі зат немесе мезгілдің (объектінің) айырмашылығы мен ұқсастығы жазылады.

Артқа

Келесі

Slide 14

8. Геометриялық фигуралар стратегиясы - бұл стратегияның құралдары геометриялық пішіндер. Мақсаты: оқушының сөздік қорын, әдеби, мәдени сөйлеу тілін, күрделі ойлау қабілетін дамыту.

9. Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы - блум сұрақтарды екіге бөледі. Олар жалпақ және жіңішке сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала жасалуы тиіс. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жалпақ сұрақтар кетеді.

Артқа

Келесі

Slide 15

10. Т кестесі стратегиясы

Мақсаты: қарама - қарсы нәрселерді сөздерді тере білу. Бұл жұмыста салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқты процестер жүзеге асады. Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамытады.

11. Топтастыру немесе кластер стратегиясы - ойды жинақтау, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастыру, ассосациялау.


Ұқсас жұмыстар
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы және оның стратегиялары
Сыни ойлау технологиясы
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Сын тұрғысынан
Қоғамдық сананы модернизациялаудағы сыни ойлау
БАСКЕТБОЛ ТАРИХЫНАН
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Информатика сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын бастауышта пайдаланудың қазіргі жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz