Тыныс алу жүйесі: құрылысы, қызметі, газ алмасуы және патофизиологиясы


Slide 1

Тыныс алу жүйесі

Slide 2

Организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесі тыныс алу деп аталады.

Slide 3

Тыныс алу 5 негізгі кезеңнен тұрады:

1. Сыртқы тыныс алу - өкпе көпіршіктері мен атмосфералық ауа арасындағы газ алмасуы немесе өкпенің желдетілуі.

2. Кіші қан айналым шеңбері капиллярларындағы газ алмасуы.

3. Үлкен қан айналым шеңбері капиллярларының қан мен ұлпа арасындағы газ алмасуы.

4. Газдардың қан арқылы тасымалдануы - оттегінің өкпеден ұлпаларға және көмірқышқыл газының ұлпадан өкпеге тасымалдануы.

5. Ішкі тыныс алу - жасуша митохондриясындағы заттардың биологиялық тотығуы немесе ұлпалық тыныс алу.

Slide 4 Slide 5

Тыныс алу жүйесі мүшелерінің

құрылысы мен қызметі

Slide 6 Slide 7

Мұрын қуысы қызметі

Ауа мұрын арқылы екі бөлікті-қалқалы мұрын қуысына түседі. Әрбір бөлікті-қалқада мұрын қуысының ішкі бетін ұлғайтатын үш мұрын қалқаны орналасқан. Ол эпителийлі қабықпен және көп қан тамырларымен жабылған. Тамырлармен аққан қан түскен ауаны дене температурасына дейін жылытады, ал сілемейлі қабық ауаны ылғалдайды және шаң-тозаңдар мен микроорганизмдерді тұтып қалады. Тұтылған микроорганизмдерді лейкоциттер қорытады (фагоцитоз), қорытудан артылған шаң-тозаңдар эпителий түктері (кірпікшелер) арқылы сыртқа шығарылады. Мұрын қуысында жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа жұтқыншақ арқылы көмейге түседі.

Slide 8

Көмей қызметі

Көмей - іші қуыс түтік, қабырғалары сіңір, буын және бұлшық еттермен қосылған бірнеше шеміршек тұрады. Көмейге ас бөлшектері немесе басқа заттар түскенде, сондай-ақ қабыну процестерінде адам қатты жөтелгенде дем шығарылады. Бұл көмейдің тазартылуына әсер етіп, тыныстың төменгі бөлімдеріне зиянды заттардың енуіне кедергі келтіреді. Көмей ауаны жұтқыншақ арқылы кеңірдекке өткізеді.

Slide 9 Slide 10

Кеңірдек - өңештің алдында орналасқан ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15 мм. түтік. Ол кеңірдек қабырғасының қабысып қалуына кедергі келтіретін шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады. Сақиналар мойынның қандай қозғалысы болмасын ауаны ұстап қалмайды. Өңешке кеңірдектің артқы жұмсақ қабырғасы жанасып, астың өңешпен еркін жылжуына мүмкіндік береді. V кеуде омыртқасы түсында кеңірдек екі бронхыға бөлінеді. Бронхылар өкпенің оң жақ және сол жақ бөліктеріне кіріп, тармақталып, бронхы ағашын түзеді. Ұштарындағы жіңішке тармақтары - бронхиолалар, өкпе көпіршіктері - альвеолалармен аяқталады.

Slide 11

Кеңірдек және бронхы ағашы

Бронхиола мен альвеола

Slide 12

Кіші қан айналымы арқылы өкпеге веналық (көк) қан түседі, бұл жерде оттегімен қанығып, көмір қышқыл газынан ажыратылып, алқызыл түсті артериялық қанға айналады. Көмір қышқыл газы өкпе көпіршіктеріне (альвеолаға) өтіп, дем шығару кезінде ағзадан шығады. Артериялық қан ары қарай үлкен қан айналымы арқылы дене мүшелеріне өтіп, олардың жасушаларын ауамен қамтиды, оны тұтыну барысында жасушалардан көмір қышқыл газы бөлініп шығып, қан қайтадан веналық (көк) болады.

Өкпенің қызметі

Slide 13

Альвеолалардағы газ алмасу

Қанның өкпе альвеолаларында

ауамен қанығу процессі

Slide 14

Сыртқы тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы

Сыртқы тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері:

алқыну,

патологиялық тыныс

асфиксия.

Slide 15 Slide 16

Тыныс алуды дамыту және гигиеналық талаптар

Тыныс алу мүшелерінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Тыныс алу жиілігі спортшыларда минутына 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда - 14-20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады. Бұл ағзаның үнемді қызмет етуінің белгісі. Терең дем шығарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының құрамындағы көмірқышқыл 2 есе көп болады. Мұндай терең дем алу жүрекке "массаж" жасайды да, оның қоректенуін және физиологиялық қалпын жақсартады.

Гигиеналық талаптары - ауасы таза бөлмеде ұйықтау, бөлмелерді желдету, таза ауада серуендеу т. б. Киім кию де дұрыс дем алу және дем шығаруға әсер етеді, сондықтан киім жеңіл, денені қыспайтын, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмеуі қажет.

Slide 17

Назарларыңызға

рақмет

Slide 18

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Краткая медицинская энциклопедия, 1-том. Москва - 1990.

Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-812-Х


Ұқсас жұмыстар
Тыныс алу жүйесі: құрылысы, қызметі және гигиенасы
Тыныс алу мүшелерінің құрылымы, қызметі және патофизиологиясы
Тыныс алу жүйесінің құрылысы, қызметі және маңызы
Құстардың тыныс алу жүйесінің құрылысы және газ алмасу механизмі
Тыныс алу жүйесі: кезеңдер, газ алмасу және климаттық-барометрлік әсерлер
Тыныс алу жүйесінің физиологиясы: оттегінің тасымалы, өкпе газ алмасуы және кессон ауруы
Сыртқы тыныс алу және бронх жүйесі: газ алмасу, тасымалдау және нейрорегуляция
Тыныс алу жүйесі: құрылымы, қызметі, даму ерекшеліктері және аурулары
8-сынып биологиясы: Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі (сабақ жоспары)
Тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы және гипоксияның жіктелуі мен механизмдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz