Ветеринариялық медицина және мал шаруашылығы




Презентация қосу
Ветеринариялық медицина және мал шаруашылығы

Лептоспироз
ЛЕПТОСПИРОЗ (Lерtоsрігоsіs)—қысқа мерзімді
кызбамен, қан аздықпен, сарғаюмен,
гемоглобннуриямен, іш тастаумен, кілегейлі
қабыќтар және терінің некрозымен, ішек-қарынның
әлсіреуімен сыпатталатын жұқпалы табиғи-ошақты
ауру. Лептоспирозға адам да бейімді.
Аурудың таралуы. Лептоспироз жер шарының барлык
елдерінде кездеседі.
Қоздырушылар — Lерtоsріга түрінің патогендік микроорганизмдері. Қазіргі уақытта
патогендік лептоспирлердің 19 серотобы және 68 серовары белгілі. Біздін елде ауыл
шаруашылығы малдарының лептоспирозын лептоспирдің 6 серотобы тудырады:
Ротопа, Тагаззоүі, НеЬсЗотасНз, Стрроіу — һоза, ісіегһае — тоггһадіае және Сапісоіа.
Патогенді емес, су қоймаларын тұрақ етушілер — лептоспирлар (сапрофиттер) да
белгілі.
Лептоспирлер аздап жарық сәулесін сындырады, сондыктан оларды микроскоптың
«қараңғы бөлімінде» ќарайды. Олар нәзік спиральмен қоршалған жіңішке жіп болып
көрінеді, активті қимылы бар. Олардың мөлшері 4—15x0,2—0,4 мкм, шеттері (бір
немесе екі жағы) кайрылған және домалақтанған жуандауы бар. Лептоспирлер 26—
28°С температурада және РН 7,2—7,4, үй қояндарының немесе қойлардың кан
сарысуы косылған әртүрлі коректік ортада культивирленеді.
Лептоспирлер ұзақ уақыт төменгі температурада, тіпті суыққа қатырғанда да сыртқы
ортада сақталады. Өзен мен көлдердің суларында 200 күнге дейін емір сүргіштігі
сақталады. Тура түскен. күн сәулелері мен кептіру оларды 2 сағатта, 55°С дейін
қыздыру — 30 мин. кейін, 76°С және одан да жоғарысы — кенеттен өлтіреді, 20
процент спирт, 2 процент тұз қышқылының ертіндісі, фенолдың 0,5 процент ертіндісі,
формалиннің 0,25 процент ертіндісі микробтарды 5 минуттан кейін елтіреді.
Індеттік деректер. Лептоспирозға үй хайуандары мен көптеген жабайы жануарлар, соның
ішінде құстар да бейімді. Көбірек жас төлдер сезімтал. Қоздырушының көзі — ауру және
ауырып айыќқан малдар — лептоспиртасушылар. Инфекцияның формасы мен малдың түріне
қарамастан ауру жүққан соң 5—7 кұнде қанда спецификалық антителдер табылады, ал 10—20
күннен кейін көптеген малдарда лептоспиртасушылық дамыйды, бұл бірнеше айлар бойы,
тіпті 1—2 жылға дейін жалғасады. Үй жануарларының ішінде леп-тоспирлерді беліп
шығарушылар ретінде шошқалар, қойлар мен ірі ќара малы, жабайылардан — барлық тышқан
тәріздес кеміргіштер мен егеуқұйрықтар өте қауіпті. Аурудан сәтсіз фермаларда күйіс
қайырушы малдардың ішінде лептоспиртасушылар саны 20 процентке дейін, шошқалардың
ішінде 30—80 процентке дейін жетеді. Лептоспирлер басымырақ несеппен бөлінеді. Ауру
шошқаныњ 1 мл несебінде 500—750 мың лептоспир болады. Су көзіне түскен (тоған, батпақ,
шалшық) лептоспирлер тірі қалып қана қоймай, өз патогендерін жоғалтпай өсіпөне де алады.
Лептоспирлермен инфекцияланған тұйық су қоймаларының, батпақтанған шабындықтардың
сулары инфекция қоздырушысының негізгі берілу факторы болып есептеледі. Малдардың
залалдануы басымырақ инфек-цияланған су мен жемшөппен азықтанғанда алиментарлық
жолмен болады. Лептоспир сүтпен, шағылыстыру кезінде, кенелердін шағуы арқылы берілу
мүмкіндігі дәлелденген. Зақымданған тері учаскелері, кілегейлі қабықтар (ауыздың,
мұрынның) инфекция қақпа-лары болуы мүмкін. Ет қоректі жануарлар (иттер, түлкілер, аќ
түлкілер, т. б.), басымырақ ауру ңемесе лептоспиртасушы малдардың етін жегенде ауырады.
Әсіресе буаздықтың екінші жартысында құрсақ ішінде ұрықтың зақымдануы анықталған.
Патогенезі. Лептоспирлер организмге кірген соң кан ағысымен, 12 сағаттан
кейін көп мелшерде табуға болатын, өсіп-өнетін жері — бауырға енеді. Одан
кейін олар қанмен барлық тканьдер мен органдарға таратылады. Бактериемия
дене температурасының кә-терілуіне себепші болады.
Организмде жыйналған антителдер антителдің әрекетінен қорғанысы бар
және ирелењді жолдарында µсіп-өнетін бүйректерден басќа барлық
органдар. мен тканьдердегі лептоспирлерді біртіндеп зиянсыздандырады.
Лептоспирлердің ұзақ уақыт несеппен бөлініп шығуы осымен түсіндіріледі.
Қоздырушының патогендік әрекеті эритроциттердің гемолизін, қан
аздықты, тканьдерге жыйналып, оларды сарғыш түрге айналдыратын
қанның гемоглобиндері мен пигмент құратын, билирубиндердің жыйналуын
тудырады (желтуха). Бауыр қатты закымданса тағы да сарғаюға себеп
болатын өттің біразы тура ќанға құйылады. Сондықтан сарғаю
лептоспирозда аралас типті (гемолитикалы — паренхималық) болады.
Гемоглобиннің біразы несеппен шығады (қызыл несеп). Пайда болған
интоксикация қан ұю мен некроздар арқылы білінеді. Лептоспирлердің
плацента барьері арқылы енуі ±рықтың өлуі мен іш тастауға әкеп соқтырады.
Бірак, буаздықтың екінші жартысында инфекцияланған ұрықтар тірі қалуы
мүмкін, үйткені енді олар қорғаныс антительдерін жасай алады. Өліммен
аяқталудың себебі ќан азаюдың салдарынан жүрек жұмысының
жеткіліксіздігі мен бүйректердің ауыр закымдануының нәтижесінен
дамыйтын уремия болады.
Қлиникалық белгілері. Жасырын кезең — 2-ден 20 күнге дейін. Аурудың
клиникалық белгілері көп түрлілігімен сыпатталады және жіті; жітілеу
созылмалы және симптомсыз етеді.
Күйіс ќайырушы малдардың ауруы жіті өткенде 4—6 күн бойы дене
температурасы 40,5—41°С дейін кетерілуі байқалады. Малдар енжар қалпы,
жемшөптен бас тартады, күйіс қайырмайды. Сауын малының сүті азаяды.
Ішек-қарын жолдарының әлсіреуі нәтижесінде әуелі білінген іш өту, іш қатуға
ауысады. Қызудың аяқ кезінде кезге көрінетін барлык кілегейлі қабықтардың
сарғаюы пайда болады, ал несеп шие түстес немесе бурыл түрге енеді. Қейде
көздің дәнекер кабығының қабынуы мен мұрын қуыстарынан кілегейлі, ал
қойларда іріңді сорап байқалады. Одан әрі бас жақтың терісінің (әсіресе
тұмсық пен еріндерде), желіннің, жыныс органдарының сыртының, ауыз
ќуысының кілегейлі қабығының некрозы байқалады. Сыйырлардың
буаздығының әр мезгілінде іш тастау болады. Ауру жіті өткенде ол 5—10
күнге созылады, егер малдарға ем көрсетілмеген болса өлім-жітімге ұшырауы
50—70 процентке жетеді. Кейде ауру жедел етеді де малдар бір тәуліктің
ішінде-ақ еледі.
Жітілеу өткенде ауру сол белгілерімен білінеді, бірақ олар ақырын дамыйды
және әлсіз білінеді. Көп жағдайда кызу рецидивтеуші сыпатта болады. Ауру 20
күнге дейін созылады. Өліммен аяқталуы 20—45 процент.
Өлексені тексергенде терінің әртурлі учаскелерінен некроз
ошақтарын, кµзге көрінетін кілегейлі қабықтардың сарғаюын
және ауыз қуысының кілегейлі қабығында ойық жараларды
табады. Ішін жарғанда көп жағдайда барлық тканьдердің
сарғаюы мен тері асты клетчаткасында, ішектің сірілі және
кілегейлі қабықтарында, өкпеде, журекте, буйректе, талақта қан
құйылуды көруге болады. Сел түйіндері үлкейген және
сарғайған. Бүйректер үлкейген. Олардың сыртында кішкентай
сары ошақшалар көзге түседі, қыртыс және іш кабықтарының
шекаралары байқалмайды. Қуықтың кілегейлі қабығы қан
құйылумен тұмшаланған, несеп қызыл. Бауыр ұлғайған, боялуы
біркелкі емес, босаңдаған, кесілген жері саз түсті.
Лептоспирозға қарсы поливалентті сарысуды тері астына 10-нан 100 мл
дейінгі дозада жібереді. Жақсы емдік нәтижені бұлшық етке 10—12 мың
ЕД дозасында күніне 2 рет 4—5 тәулік бойы жіберілген стрептомицин
береді. Күтім малдардың тобын стрептомицинмен емдеуді
вакцинаның екінші дозасын жіберген соң 7—10 күннен кейін бастайды.
Сарысу және антибиотиктерді қолданумен қатар бір мезгілде
симптоматикалық емдеу жүргізеді. Ішек-қарын жолының әлсіреуін
болдырмау үшін және оны жою үшін ірі қара малына 5—7 процент
ертіндісі ретінде іш еткізетін — глаубер тұзын 200-ден 1000 гр.
дозасында 3—4 рет қабылдауды тағайындайды. Сонымен қатар жүрек
жұмысын жақсартатын дәрулерді (кофеин) күре қан тамырына 300—
400 мл 40 процент глюкозаның ертіндісін тағайындайды. Несеп
жолдарын дезинфекция жасау үшін ішке гексаметилентетрамин
(уротропин) қолданады. Ауыз қуысының кілегейлі қабыѓы зақымданса
оны шаю үшін калийдің марганец қышқылының ертіндісін (1 : 1000)
қолданады, терінің некроздалған учаскелерін ихтиол майымен
майлайды.
Австралия құрлығында көп кездеседі

Ұқсас жұмыстар
Шалабай ЖШС
Қалалық ветеринариялық қызметті ұйымдастыру
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган
Ірі қара малдарының гигиенасы
Ветеринарияда пайдаланатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу тәртібі
Өндірістік мал шаруашылығындағы ветеринариялық менеджмент
Өндірістік мал шаруашылығы кешендеріндегі ветеринариялық шаралар жоспары
Қазақстан Республикасындағы ветеринария саласы
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру
Пәндер